Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 28.06.2019 № 155 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Орман кодексін, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, өрт қаупі кезеңінің басталуына байланысты облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жоғары өрт қаупі кезеңінде жеке тұлғалардың орманда болуына және оған көлік құралдарымен кіруіне, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік орман қоры аумағында жұмыстың белгілі бір түрлерін жүргізуге шектеу қойылсын.
2. Батыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп белгіленген заңнамалық төртіппен:
1) орман алабындағы жоғары өрт қаупі туралы ақпаратты дер кезінде берсін;
2) өрт қаупі күштірек аймақтардағы орманға кіре беріс негізгі жолдарда күзет орындарын қою бойынша қажетті шаралар алсын;
3) осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды алсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бағылау облыс әкімінің орынбасары Б. Б. Қанешевке жүктелсін.
Облыс әкімі | Б.Ізмұхамбетов |