Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2009.03.31 N 15-10 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 2) тармақшасына, 47 бабы 4 тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңының 6 бабының 4) тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасын басшылыққа алып, Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Орал қаласындағы бiлiм беру ұйымдарының күндiзгi оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушiлер үшiн қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүруге жеңiлдiк берілсін.
2. Орал қаласының 2008 жылға арналған бюджетінен Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының "Жергілiктi өкiлдi органдардың шешімi бойынша қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңiлдiкпен жүру" 100 кіші бағдарламасы, "Бiлiм беру ұйымдарының күндiзгi оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушiлерді әлеуметтік қолдау" 6.02.464.008. бағдарламасы бойынша 114 052 (жүз он төрт миллион елу екі) мың теңге сомасында қаржы бөлу қамтамасыз етілсін.
3. Орал қаласының әкімдігіне осы шешімді жүзеге асыру бойынша шаралар қабылдау ұсынылсын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік мәселелер мен жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссияға (А. П. Наугольнов) жүктелсін.
5. Осы шешім оның ресми жарияланған күнінен қолданысқа енеді.
Орал қалалық мәслихатының кезекті
6-шы сессиясының төрағасы
Орал қалалық мәслихатының хатшысы