Шақыру жасындағы азаматтарды 2008 жылғы көктемде және күзде кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық әкімдігінің 2008 жылғы 29 мамырдағы N 1360 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының әділет басқармасында 2008 жылғы 30 мамырда N 7-1-90 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 9 cәуірдегі N 959 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2009.04.09 N 959 Қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" және "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі N 563 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 сәуірдегі N 353 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі N 563 Жарлығын іске асыру туралы" қаулысын іске асыру мақсатында Орал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі, шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар қатарына мерзімді әскери қызметке шақыру және жөнелту 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында өткізілсін.
      2. 1 қосымшаға сәйкес қалалық шақыру комиссиясының құрамы құрылып, бекітілсін. қалалық шақыру комиссиясының құрамында қалалық медициналық комиссия құрылсын.
      3. Шақыру учаскесі Орал қаласы, Евразия даңғылы, 100 мекенжайында орналасқан Орал қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы ғимаратының 2-ші қабатында ұйымдастырылсын.
      4. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі (2 қосымша) мен шақыру кезінде әскерге шақырылушыларды стационарлық және амбулаториялық тексеру үшін орындар бөлетін емдеу мекемелерінің тізімі (3 қосымша) бекітілсін.
      5. Батыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау департаментіне (келісім бойынша) белгіленген тәртіппен әскерге шақыру пункттерін медициналық қамтамасыз ету ұсынылсын.
      6. Шақыруға қатысатын қаладағы медицина мекемелерінің басшыларына әскерге шақырылушыларды сапалы медициналық тексеруден өткізу үшін 1 қосымшаға сәйкес дәрігер мамандар мен орта буындағы медицина қызметкерлерін бөлуді қамтамасыз етсін.
      7. Орал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кезеңіне ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      8. Орал қаласының ішкі істер бөліміне (келісім бойынша) әскерге шақырылушыларды жинау және әскерлерге жөнелту орындарында ішкі істер органдары қызметкерлерінің күшейтілген кезекшілігін ұйымдастыруды қамтамасыз ету ұсынылсын.
      9. Аталған іс-шараларды орындауға байланысты шығындар жергілікті бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен жүзеге асырылсын.
      10. Орал қаласы әкімдігінің "Шақыру жасындағы азаматтарды 2007 жылғы көктемде және күзде мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" 2007 жылғы 15 наурыздағы N 531 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 7-1-63 нөмірмен тіркелген, 2007 жылғы 5 сәуірдегі "Жайық үні" газетінің 14 нөмірімен жарияланған) қаулысының күші жойылған деп танылсын.
      11. Орал қаласы әкімдігінің "Шақыру жасындағы азаматтарды 2008 жылғы көктемде және күзде мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" 2008 жылғы 6 наурыздағы N 494 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 7-1-84 нөмірмен тіркелген, 2008 жылғы 3 сәуірдегі "Жайық үні" газетінің 14 нөмірімен, 2008 жылғы 3 сәуірдегі "Пульс города" газетінің 14 нөмірімен жарияланған) қаулысының күші жойылған деп танылсын.
      12. Орал қаласы әкімдігінің "Шақыру жасындағы азаматтарды 2008 жылғы көктемде және күзде мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" 2008 жылы 15 мамырдағы N 1202 қаулысы бұзылсын.
      13. Осы қаулы, 2008 жылғы 16 сәуірден туындаған құқықтық қатынастарға қолданылатын аталған қаулының 1, 2, 4, 7, 9 - тармақтарын қоспағанда, ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      14. Осы қаулының орындалуын бақылау Орал қаласы әкімінің орынбасары М. Л. Тоқжановқа және Орал қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы Д. Ж. Ғалеевке жүктелсін.
      Қала әкімі

  1 қосымша
Қала әкімдігінің
2008 жылғы 29 мамырдағы
N 1360 қаулысымен
бекітілді

      Қалалық шақыру комиссиясының
      құрамы
       Ғалеев Данияр Жақсылықұлы - Орал қаласының қорғаныс
       істері жөніндегі
       басқармасының бастығы,
       шақыру комиссиясының
       төрағасы (келісім бойынша)
       Ақболатов Қайрат Мұхаметұлы - Орал қаласы әкімі
       аппаратының басшысы,
       комиссия төрағасының
       орынбасары
      Комиссия мүшелері:
       Амангелдіұлы Нұрсұлтан - Орал қаласының ішкі істер
       бөлімі бастығының
       орынбасары (келісім бойынша)
       Дәулетқалиев Жангелді - N 1 қалалық емхананың
       Хамзейұлы дәрігер-невропатологі,
       медициналық комиссия
       төрағасы (келісім бойынша)
       Құнарова Жібек - N 4 қалалық емхананың
       Хамзейұлы медбикесі, комиссия хатшысы
       (келісім бойынша)
      Қалалық шақыру комиссиясының
      (резервтік) құрамы
       Мифтахов Виталий Сабирович - Орал қаласының қорғаныс
       істері жөніндегі басқармасы
       бастығының орынбасары,
       қалалық шақыру комиссиясының
       төрағасы (келісім бойынша)
       Сұлтанов Абат Тағаұлы - Орал қаласының ауыл
       шаруашылық бөлімі бастығы,
       қалалық шақыру комиссиясы
       төрағасының орынбасары
      Комиссия мүшелері:
       Жұмашев Еділхан Нұртазаұлы - Орал қаласының ішкі істер
       бөлімі бастығының
       орынбасары (келісім бойынша)
       Сарбасов Есбол Аронұлы - дәрігер-хирург (келісім
       бойынша), қалалық
       медициналық комиссия
       төрағасы
       Жалмурзиева Айжан - медбике (келісім бойынша)
       комиссия хатшысы
      Қалалық шақыру комиссиясының жұмыс тәртібі Орал қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының жұмыс кестесіне сәйкес (жергілікті уақыт бойынша) сағ. 8.30-дан 12.30-ға дейін белгіленсін.
      Қалалық медициналық комиссия
      құрамы
      Медициналық комиссияның төрағасы, дәрігер
      дәрігер-мамандар:
      Хирург
      Көз дәрігері
      Нарколог
      Невропатолог
      Тері венеролог
      Дерматолог
      Рентгенолог
      Тіс дәрігері
      Отоларинголог
      Терапевт
      Психиатр
      Орта буын медицина қызметкерлері:
      Көз дәрігерінің медбикесі
      Терапевт дәрігердің медбикесі
      Отоларинголог дәрігердің медбикесі
      Рентгенолог дәрігердің медбикесі
      Психиатр дәрігердің медбикесі
      Нарколог дәрігердің медбикесі
      Тіс дәрігерінің медбикесі
      Невропатолог дәрігердің медбикесі
      Дерматолог дәрігердің медбикесі
      Фтизиатрдың медбикесі
      Медбикесі
      Медбикесі

  2 қосымша
Қала әкімдігінің
2008 жылғы 29 мамырдағы
N 1360 қаулысымен
бекітілді

Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу
кестесі

N р/с
Қорғаныс істері жөніндегі басқарма
Комиссияның жұмыс күндері, уақыты
8:30-дан 12:30-ға дейін
сәуір
мамыр
маусым
қазан
қараша
желтоқсан
1.
Қорғаныс істері жөніндегі басқарма
16,17,18,21,22,23,24,25,28,29,30
2,3,5,
6,7,8,
12,13,
14,15,
16,19,
20,21,
22,23,
26,27,
28,29,
30
2,3,4,
5,6,7,
9,10,
11,12,
13,16,
17,18,
19,20,
23,24,
25,26,
27,30
1,2,3,
6,7,8,
9,10,
13,14,
15,16,
17,18,
20,21,
22,23,
24,27,
28,29,
30,31
3,4,5,6,7,8,10,
11,12,
13,14,
17,18,
19,20,
21,24,
25,26,
27,28
1,2,3,4,5,8,9,10,11,12,15,17,
18,19,20,
22,23,24,
25,26,29

  3 қосымша
Қала әкімдігінің
2008 жылғы 29 мамырдағы
N 1360 қаулысымен
бекітілді

Шақыру кезінде әскерге шақырылушыларды
стационарлық және амбулаториялық тексеру
үшін орындар бөлетін емдеу мекемелерінің
тізімі

      1. Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау департаментінің "N 1 қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      2. Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау департаментінің "N 2 қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      3. Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау департаментінің "N 3 қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      4. Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау департаментінің "N 4 қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      5. "Медициналық орталық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
      6. Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау департаментінің "Батыс Қазақстан облыстық тері венерологиялық диспансері" мемлекеттік мекемесі.
      7. Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау департаментінің "Орал облыстық туберкулезге қарсы диспансері" мемлекеттік мекемесі.
      8. Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау департаментінің "Батыс Қазақстан облыстық наркологиялық диспансері" мемлекеттік мекемесі.
      9. Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау департаментінің "Облыстық психикалық денсаулық орталығы" мемлекеттік мекемесі.
      10. Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау департаментінің "Облыстық клиникалық аурухана" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады