Батыс Қазақстан әділет Департаментінің 2008 жылғы 6 наурыздағы N 4-1323 Заңды бұзушылықты жою туралы ұсынысын қарап және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6, 7, 31 баптарын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13 бабын, Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 38 бабын басшылыққа алып, Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ және Орал қалалық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Бәйтерек" шағынауданындағы жаңа көшелерге атаулар қосымшаға сәйкес тағайындалсын.
2. Орал қалалық мәслихатының 2007 жылғы 13 маусымдағы N 46-21 және Орал қалалық әкімдігінің 2007 жылғы 31 мамырдағы N 1187 бірлескен шешімі мен қаулысы жойылсын.
3. Осы шешім мен қаулы оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2007 жылғы 13 маусымнан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Орал қалалық мәслихатының Орал қаласының әкімі
кезектен тыс 8-ші сессиясының
төрайымы
Орал қалалық мәслихаты
хатшысының міндетін атқарушы
Орал қалалық мәслихатының
2008 жылғы 27 мамырдағы N 8-6
және Орал қалалық әкімдігінің
2008 жылғы 24 сәуірдегі N 1044
"Бәйтерек" шағынауданындағы жаңа
көшелерге атаулар тағайындау туралы"
бірлескен шешімі мен қаулысына
қосымша
Жаңа көшелер (қоса берілген сұлбаға сәйкес):
1) "Нұр көшесі";
2) "Қайнар көшесі";
3) "Таңшолпан көшесі";
4) "Арай көшесі";
5) "Береке көшесі";
6) "Сымбат көшесі";
7) "Бастау көшесі";
8) "Үркер көшесі".