Батыс Қазақстан әділет Департаментінің 2008 жылғы 6 наурыздағы N 4-1323 Заңды бұзушылықты жою туралы ұсынысын қарап және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6, 7, 31 бабтарын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13 бабын, Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 38 бабын басшылыққа алып, Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ және Орал қалалық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Кең дала" және "Көктем" шағынаудандарындағы жаңа көшелерге атаулар қосымшаға сәйкес тағайындалсын.
2. Орал қалалық мәслихатының 2007 жылғы 13 маусымдағы N 46-23 және Орал қалалық әкімдігінің 2007 жылғы 9 қарашадағы N 2157 бірлескен шешімі мен қаулысы жойылсын.
3. Осы шешім мен қаулы оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2007 жылғы 13 маусымнан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Орал қалалық мәслихатының Орал қаласының әкімі
кезектен тыс 8-ші сессиясының
төрайымы
Орал қалалық мәслихаты
хатшысының міндетін атқарушы
Орал қалалық мәслихатының
2008 жылғы 27 мамырдағы N 8-8
және Орал қалалық әкімдігінің
2008 жылғы 22 мамырдағы N 1286
"Кең дала" және "Көктем" шағынаудандарындағы
жаңа көшелерге атаулар тағайындау туралы"
бірлескен шешімі мен қаулысына
қосымша
1. Жаңа көшелер (қоса берілген сұлбаға сәйкес):
1) Алпамыс батыр көшесі;
2) Қамбар батыр көшесі;
3) Ақан сері көшесі;
4) Құлагер көшесі.