Халықтың нысаналы топтарын белгілеуге және оларды қорғаудың 2008 жылға арналған Орал қаласы бойынша әлеуметтік шараларын қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 19 маусымдағы N 1612 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының Әділет басқармасында 2008 жылғы 15 шілдеде N 7-1-100 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 15 қаңтардағы N 142 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2009.01.15 N 142 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне белгіленген заңнамалардың тәртібі бойынша нысаналы топтарға жататын жұмыссыздарды келесідей әлеуметтік қорғау шараларымен қамтамасыз етілсін:
      1) жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
      2) жұмыссыздар үшін кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру, қайта даярлау және қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;
      3) табысы аз азаматтарға жататын жұмыссыздарға заң актілеріне сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету.
      3. Орал қаласы әкімдігінің "Тұрғындардың нысаналы топтарын белгілеу және оларды қорғаудың 2007 жылға арналған әлеуметтік шараларын қамтамасыз ету туралы" 2006 жылғы 21 желтоқсандағы N 2510 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 7-1-59 нөмірімен тіркелген, 2007 жылы 1 ақпандағы "Жайық үні" газетінің 5 нөмірімен жарияланған) қаулының күші жойылған деп танылсын.
      4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      5. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М. Л. Тоқжановқа жүктелсін.

      Қала әкімі

Орал қаласы әкімдігінің
2008 жылғы 19 маусымдағы
N 1612 қаулысына қосымша

Нысаналы топтарға жататын адамдардың
қосымша тізбесі

N

Санаттар атауы

1

Ұзақ уақыт жұмыс жасамаған адамдар (он екі айдан астам жұмыссыз болған)

2

Оқу орындарын бітірушілер

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады