Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2009.01.08 N 26 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес , еңбек нарығындағы жағдайы және қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды жақсарту мақсатында, қала ұйымдарынан түскен сұраныс пен ұсыныстарды ескеріп, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 . Орал қаласы әкімдігінің "Орал қаласы бойынша 2008 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" 2007 жылғы 27 желтоқсандағы N 2991 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-1-79 тіркелген, 2008 жылы 24 қаңтардағы "Жайық үні" газетінде жарияланған), Орал қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 10 сәуірдегі N 968 "Орал қаласы бойынша 2008 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" 2007 жылғы 27 желтоқсандағы N 2991 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-1-87 тіркелген, 2008 жылы 15 мамырдағы "Жайық үні" газетінің N 20 жарияланған), Орал қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 24 тамыздағы N 2449"Орал қаласы бойынша 2008 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" 2007 жылғы 27 желтоқсандағы N 2991 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" қаулысымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-1-112 тіркелген, 2008 жылы 2 қазандағы "Жайық үні" газетінің N 40 жарияланған қаулыларымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып), қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
қөрсетілген қаулымен бекітілген 1 қосымша "Қоғамдық жұмыстар жүргізілетін кәсіпорындардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбекақы мөлшері және қосымшаларға сәйкес оларды қаржыландыру көздерінің тізбесі":
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 58 жолмен толықтырылсын:
"58 "Қазақстан Республикасы табиғат пайдала- 1 қаң-
Қоршаған ортаны қорғау нушылар құжатта- тардан
министрлігі Экологиялық рымен жұмыс іс- 10515
реттеу және бақылау теу, мемлекеттік теңге
комитетінің Жайық Каспий инспекторларға 1 шіл-
экология департаменті" құжаттарды дай- деден
мемлекеттік мекемесі ындауға көмек 12025
көрсету, қалдық- теңге";
тар куәлігін
тіркеу бойынша
жұмыс
көрсетілген қаулымен бекітілген 2-қосымшадағы "Қоғамдық жұмыстар жүргізілетін кәсіпорындардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбекақы мөлшері және қосымшаларға сәйкес оларды қаржыландыру көздерінің тізбесі" 47 реттік нөмірі жаңа редакцияда жазылсын:
"47 "Батыс Қазақстан облысының үй тізім- 8000 1 қаң-
Статистика департаменті" дерін құ- тардан
мемлекеттік мекемесі растыру 4000
теңге
1 шіл-
деден
10000
теңге".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2008 жылдың 1 шілдесінен бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М. Л. Тоқжановқа жүктелсін.
Қала әкімі