Ақжайық ауданы аумағындағы елді мекендерде иттер мен мысықтарды күтіп ұстау Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 5 наурыздағы № 4-3 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әділет басқармасында 2008 жылғы 11 сәуірде № 7-2-53 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 22 маусымдағы № 4-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихаттың 22.06.2012 № 4-4 шешімімен

      Қазақстан Республикасының Конституциясын"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы""Ветеринария туралы" Заңдарын және Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексін басшылыққа алып аудандық Мәслихат сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Ақжайық ауданы аумағындағы елді мекендерде иттер мен мысықтарды күтіп ұстау Ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 311 бабына қайшы келуіне байланысты Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 11 сәуірдегі "Ақжайық ауданы аумағындағы елді мекендерде ит пен мысықты күтіп ұстау, серуендету және оларды бағып күтудің санитарлық аумақтық шекараларын белгілеу туралы" N 30-9 шешімінің (нормативтік-құқықтық актілер тізілімінде N 7-2-41 санымен тіркелген) күші жойылсын.
      3. Алынған шешім баспасөзде жарияланғаннан кейін қолданысқа енеді.

      Сессия төрағасы
      Ақжайық аудандық мәслихатының хатшысы

2008 жылғы 5 наурызындағы
аудандық мәслихаттың
кезектен тыс IV сессиясының
N 4-3 шешімімен бекітілген

Ақжайық ауданы аумағындағы елді мекендерінде
иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау
ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережені қабылдау үшін құқықтық негіз Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабы, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабы және Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 311-бабы болып табылады.
      2. Ақжайық ауданы аумағындағы барлық жеке және заңды тұлғалар үшін осы Ереже ветеринариялық-санитариялық тәртіпке сәйкес ортақ болып есептеледі.
      3. Осы ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) Ит – көлемі, түсі және өзге де белгілеріне қарамастан ит тұқымдасына жататын кезкелген жануарлар.
      2) Мысық – көлемі, түсі және өзге де белгілеріне қарамастан мысық тұқымдасына жататын кез келген жануарлар.
      3) Ветеринария (ветеринария саласы) – жануарлардың аурулары мен азықтан улануын (зақымдануын) зерделеуге, олардың профилактикасына, диагностикасына, оларды емдеуге және жоюға, мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілерінің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауға бағытталған арнаулы ғылыми білімдер мен практикалық қызмет саласы.
      4) Ветеринариялық (ветеринариялық-санитарлық) ережелер-ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін, ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар орындау үшін міндетті болып табылатын ветеринариялық норомативтер негізінде ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық акт.
      4. Иттер мен мысықтардың иелері осы жануарлармен жалпы пайдаланатын орындардың ластанбауына жол бермеуді қоса алғанда (ластауды міндетті түрде тазалау), санитарлық-гигиеналық, ветеринарлық-санитарлық нормаларды және оларды ұстаудың ережелерін қатаң сақтауға міндетті, сонымен қатар, міндетті түрде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.
      5. Төртінші тармақта көрсетілген талаптарды сақтаған жағдайда еркін және қадағалаусыз серуенге шығаруға рұқсат етіледі.
      Иттерді жеке иеліктегі үйде тек жақсы қоршалған аумақта, ұстап қоршау жануарлардың қашып кетпеуін, өтіп бара жатқандарды тістеп алмауын қамтамасыз етуі қажет, иттің болуы туралы кіреберісте көлемі 20х30 сантиметрден кем болмайтын, иттің суреті көрсетілген, "Ит күзетеді ! Охраняется собакой !" жазуы бар ескерту кесте жасалып, ілінуі қажет.
      6. Иттер мен мысықтарды көліктерде тасымалдау жолаушылардың тыныштығын бұзбайтын жағдайда ғана жүзеге асырылуы тиіс. Бұл орайда иттер міндетті түрде тұмсықторда және тізгінде болуы немесе арнайы торларда, сөмкеде болуы қажет.
      Мысықтарды сөмкеде немесе қолға ұстап тасымалдауға рұқсат етіледі.
      Ауру иттер мен мысықтарды қоғамдық көліктермен тасымалдауға тыйым салынады.
      Тыйым салынатын жазбалар болмаған жағдайда иелеріне итінің тұмсықторы және қысқа қарғы баудын бар болуымен мекемелерде, азық-түліктік емес дүкендерде, поштада жүруіне рұқсат етіледі.
      7. Байлауда қалдырып кеткендерден басқа, қоғамдық орындарда (көшелерде, аула аумақтарында, саябақтарда және өзге де орындарда) иелерінсіз жүрген иттер қаңғыбастар деп саналып, қаңғыбас жануарларды аулау мен өлген жануарлардың өлімдіктерін жинау бойынша ветеринарлық инспекторлардың міндетті аулауына және оларды жеті тәулік бойы ветеринарлық талаптарға сәйкес, уәкілетті орган белгіленген арнайы орындарда ұстауға жатады. Қаңғыбас жануарларды кез-келген тәсілмен өлтіруге, оларға аулау кезінде зақым келтіруге тыйым салынады. Иттер мен мысықтарды аулау үшін тек қана ауды, шеңберлі, сапты дорбаны, еліктіргіш, алдамшы жемдерді пайдалануға рұқсат етіледі. Буындырғыштарды пайдалану және өзге адамгершілікке жатпайтын тәсілдерді қолдануға тыйым салынады.
      Иттер мен мысықтарды тіркеуді жергілікті атқарушы орган (ауылдық округтік әкімдіктер) жүзеге асырады. Тіркеу журналында иесі, жануардың түрі, жынысы, түсі, жасы және жануарға жасалған іс-әрекеттер туралы мәліметтер болуы қажет және ауланған жануарларды кері қайтарып алуы үшін жеті тәулік ішінде иттер мен мысықтардың иелері қаңғыбас жануарларды аулау бойынша жергілікті атқарушы орган (ауылдық округтік әкімдіктер) мемлекеттік мекемесіне хабарласуы керек.

2. Ит немесе мысық иесінің құқықтары

      8. Кез келген ит пен мысық өз иесінің меншігі болып табылады және кез келген меншік заңмен қорғалады.
      9. Жануар оның иесінен тек құтыру ауруы болған жағдайдан басқа уақытта оның келісімімен ғана алынады. Жануар иесінен адамды тістеп, жарақат салған жағдайда адамға жұғатын аурудың немесе қауіпті аурулардың болуына зерттеу жүргізу үшін оның келісімінсіз алынады. Егер алынған жануардың дені сау деп танылса иесіне кері қайтарылады.
      10. Иесі итін қысқа қарғы баумен байланған тұмсықторы бар күйде дүкеннің немесе басқа да мекеменің жанына 10 минуттан артық аспайтын уақытқа ғана қалдыра алады. Бұл жағдайда ит адамдардың өтуіне кедергі келтірмеуі, агрессия белгілерін көрсетпеуі қажет.
      11. Ілестіріп жүрген адамдарсыз қоғамдық орындарда жүрген иттер мен мысықтар, иесімен дүкендердің, емдеу мекемелерінің, дәріханалардың, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының алдарында байлаулы қалдырылғандардан басқалары, қадағалаусыз қалғандар деп танылып, аулауға жатады.

3. Ит пен мысық иелерінің міндеттері

      12. Иттер мен мысық иелері міндетті:
      1) Жануарларға вакцина егуді тұрақты жүргізуге;
      2) Ит пен мысық адамдарды, жануарларды жарақаттаған жағдайда иелері ол туралы жақын маңайдағы медициналық, ветеринарлық мекемеге тез арада хабар беруге және жарақат салған хайуанат ветеринар маманының бақылауында болып, карантин жасау және тексеру үшін ветеринарлық ем қолдануға апарылуы тиіс;
      3) Жануарларды көшеге серуендеткенде "тұмсықтор" кигізіп, жетектеуші қысқа қарғы баумен ұстауға;
      4) Иттер байланып ұсталуы тиіс. Күзет иттерін жабық аулада бос ұстаған жағдайда, олардың шығып кетпеуін қамтамасыз етуге. Иттің бар екені туралы үйдің кіре берісінде тиісті ескерту жазуы бар қалақша болуы қажет;
      5) Жануарларды олардың биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес ұстауға, оларға адамгершілікпен қарауға, қараусыз, сусыз, тамақсыз қалдырмауға, хайуанат ауырып қалған жағдайда ветеринар көмегіне жүгінуге;
      6) Аулаларды, кіреберістерді, баспалдақ торларын, балалар алаңдарын, жолдарды, тротуарларды, саябақтарды, демалыс орындарын ластамауға, ал ласталған жағдайда арнайы лайықталған құралдар көмегімен (пакет, күрекше) тазалауды жүзеге асыруға;
      7) Жануарлар өліп қалған жағдайда оның мәйтін ветеринарлық инспекторларға хабарлап тапсыруға;
      8) Ветеринарлық мекемелер мамандарының талаптары бойынша қарсылықсыз жануарларды тексеруге, диагностикалық зерттеулер және емдеу-профилактикалық іс-шаралар жүргізу үшін әкелуге;
      9) Иттің немесе мысықтың отбасында болуы жағдайында немесе кәмелетке толмаған балалардың жануарлармен бірге тұруы кезінде әр тоқсан сайын жануарларға ішек және тері паразиттерінен өңдеу жұмыстарын жүргізуге.

4. Ит пен мысықтардың иелеріне тыйым салынады

      13. Иттер мен мысықтардың иелеріне тыйым салынады:
      1) Ит пен мысықтарды қоғамдық орындар мен көпшілік адамдар демалатын жерлерде серуендетуге, бөтен адамдар мен кәмелеттік жасқа толмаған балаларға беруге;
      2) Жалпы пайдаланымдағы жерлерге: кіреберісте, баспалдақ алаңдарында, сондай-ақ балконда, хайуанаттар ұстауға;
      3) Спорт алаңын, балалар ойнайтын алаңды, көгалды, тротуар мен саябақтарды ластауға;
      4) Ит пен мысықтарды қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнына, сауда залдары мен өндіріс орнында, азық-түлік дүкендерінде ұстауға және кіргізуге;
      5) Хайуанат өлген жағдайда, мәйітті лақтырып тастауға немесе өздігінен көмуге;
      6) Құтыруға қарсы вакцинадан өтпеген иттерді серуендетуге.

5. Осы Ережені бұзғаны үшін жауапкершілік

      14. Осы Ережені бұзған жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады