Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихаттың 2012.07.18 № 5-9 Шешімімен
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарына және 2008 жылғы 11 желтоқсандағы № 3-6598 Бөрлі ауданының әділет басқармасының хатына сәйкес Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. "Ақсай қаласының аумағын көріктендіру Ережесін бекіту туралы" Бөрлі аудандық мәслихатының 2008 жылғы 14 тамыздағы № 7-6 (2008 жылғы 19 қыркүйектегі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-3-62 тіркелген және "Бөрлі жаршысы-Бурлинские вести" газетінің 2007 жылғы 30 қыркүйектегі № 79 жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ақсай қаласының аумағын көріктендіру Ережесінде:
екінші абзацтағы "көріктендіру саласында" деген сөздерден кейін "жеке және заңды тұлғалардың қарым-қатынасын реттейді және жауапкершілігін анықтайды және" деген сөздер алынып тасталсын;
бірінші абзац "заңдармен белгіленген тәртіппен" деген сөздермен толықтырылсын;
30-тармақ алынып тасталсын;
42-тармақ алынып тасталсын;
51-тармақ алынып тасталсын;
"тыйым салынады" деген сөздер "жол берілмейді" деген сөздермен ауыстырылсын;
76-тармақ алынып тасталсын;
"Жеке меншік түріне және қызметіне қарамастан" деген сөздер алып тасталынсын;
"шарттық қатынастары бар" деген сөздерден кейін "заңдармен белгіленген тәртіппен" деген сөздермен толықтырылсын;
79-тармақ алынып тасталсын;
"кәсіпорындар, ұйымдар" деген сөздерден кейін "өзге де шаруашылық етуші субъектілер" деген сөздер алынып тасталсын;
"қамтамасыз етуі керек" деген сөздер "қадағалау қажет" деген сөздермен ауыстырылсын;
"заңдармен белгіленген тәртіппен" деген сөздермен толықтырылсын;
93-тармақ алынып тасталсын;
"Қалалық жолаушылар көліктері аялдамаларында және сауда объектілеріне кіреберістерде екі қораптан орнатылады." деген сөздер алынып тасталсын;
107-тармақ алынып тасталсын;
109-тармақ алынып тасталсын;
118-тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
"Қала аумағындағы жол төсемдерінің, жаяужолдардың, гүлзарлардың және басқа да объектілердің, қалалық шаруашылық элементтерінің бұзылуымен байланысты жер жұмыстарын және басқа да жұмыстары тиісті аудандық қызметтерден жұмыстарды жүргізуге рұқсат алғаннан кейін жасалады. Жұмыстар аудан әімдігінің қаулысымен бекітілген жол төсемдерінің, жаяужолдардың, гүлзарлар және қалалық шаруашылық элементтерінің басқа да нысандарының бұзылуымен байланысты жер және өзге де жұмыстар өндірісінің талаптарына сәйкес жүргізілуі қажет."
139-тармақ алынып тасталсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | М. Куянов |
Аудандық мәслихат хатшысы | И. Измағамбетов |