Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 2009.12.25 N 16-4 Шешімімен
Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңдарына сәйкес Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жер салығының ставкалары 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Кызметі дүркін-дүркін сипатта болатын жеке тұлғалардың қызмет түрлерінің біржолғы талондардың төлемақы ставкалары 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
3. Ақсай қаласындағы және Бөрлі ауданындағы базар аумағындағы дүнгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін біржолғы талондардың төлемақы ставкалары 3-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
4. Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін салық салу нысанының бірлігіне тіркелген жиынтық салық ставкалары 4-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | М. Куянов |
Аудандық мәслихат хатшысы | И. Измагамбетов |
Бөрлі аудандық мәслихатының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 9-5 шешіміне 1-қосымша |
Жер салығының ставкалары
1. Елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын базалық салық ставкасы 50 пайызға көтерілсін.
2. Ақсай қаласы елді мекенінің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) салынатын базалық салық ставкасы 30 пайызға көтерілсін.
Бөрлі аудандық мәслихатының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 9-5 шешіміне 2-қосымша |
Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы"
Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі)
қолданысқа енгізу туралы" Заңының 36-бабына
сәйкес қызметі дүркін-дүркін сипатта болатын
жеке тұлғалардың қызмет түрлерінің тізбесі
Қызмет түрлері | Бір күндік төлемақы (теңгемен есептегенде) | ||
1 | Сату (стационарлық үй- жайда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда): | ||
1) | Газеттер мен журналдар; | 100 | |
2) | Тұқым, сондай-ақ отырғызылатын материал (екпелер, көшет), бақша дақылдары; | 100 | |
3) | Саяжайларда және үй маңындағы үчаскелерде өсірілген табиғи гүлдер; | 100 | |
4) | Қосалқы ауыл шаруашылығы, бағбандық, бақшашылық және саяжай учаскелерінің өнімдері; | 100 | |
5) | Жануарлар мен құстардың жемдері , сыпыртқылар, сыпырғылар, орман жидегі, бал, саңырауқұлақ және балық; | 100 | |
6) |
Автокөлік саудасынан: |
250 | |
2 | Жер учаскелерін өндеу жөніндегі жеке трактор иелерінің көрсететін қызметі | 130 | |
3 | Үй жануарлары мен құстарын бағу | 130 |
Бөрлі аудандық мәслихатының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 9-5 шешіміне 3-қосымша |
Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы"
Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі)
қолданысқа енгізу туралы" Заңының 36-бабына сәйкес
базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау,
қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге
асыратын жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер мен
заңды тұлғалар үшін қызмет түрлерінің тізбесі
Қызмет түрлері | Бір күндік төлемақы (теңгемен есептегенде) | |
Орталық киім базары "Бестау" |
1. Көлемі 7 шаршы метр бір сауда орнынан: |
|
Ақсай ауыл шаруашылық көтерме және бөлшек сауда базары |
1. Көлемі 4 шаршы метр бір сауда орнынан: |
|
Бөрлі аудандық мәслихатының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 9-5 шешіміне 4-қосымша |
Тіркелген салық ставкалары
1. Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматына жылдық есеппен 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде төлем ставкасы.
2. Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматына жылдық есеппен 7 айлық есептік көрсеткіш көлемінде төлем ставкасы.
3. Ойын өткізу үшін пайдаланатын дербес компьютерге жылдық есеппен 3 айлық есептік көрсеткіш көлемінде төлем ставкасы.
4. Ойын жолына жылдық есеппен 12 айлық есептік көрсеткіш көлемінде төлем ставкасы.
5. Карт - 9 айлық есептік көрсеткіш көлемінде төлем ставкасы.
6. Бильярд үстеліне жылдық есеппен 8 айлық есептік көрсеткіш көлемінде төлем ставкасы.