2009 жылы Бөкей ордасы ауданында он жеті жасқа толатын азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 21 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Әділет басқармасында 2009 жылғы 30 қаңтарда № 7-4-81 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімінің 2009 жылғы 7 сәуірдегі № 4 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімінің 07.04.2009 № 4 шешімімен

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 33-бабына және Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:

      1. "Батыс Қазақстан облысы Бөкейорда ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Б. Алтаяқов) (келісім бойынша) Бөкей ордасы ауданында 2009 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын ер жынысты азаматтардың әскери есебін тіркеу өткізу ұсынылсын.

      2. Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау Департаментінің "Бөкей ордасы аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (Ә. Ғаббас) (келісім бойынша) шақыру учаскесінің әскери міндеттілер мен әскерге шақырушылардың әскери есебін тіркеу кезінде азаматтарды медициналық куәландырудан өткізуді медициналық мүліктермен, жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен, медициналық және шаруашылық мүлікпен қамтамасыз ету ұсынылсын.

      3. Ауылдық округі әкімдері азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуден өткізу үшін автокөліктермен қамтамасыз етсін.

      4. "Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (М. Махимов) Бөкей ордасы ауданының шақыру пунктіне тіркеуді дайындау және өткізу кезеңіне 2009 жылдың қаңтарынан наурызына дейін есептегі жұмыссыздар қатарынан қажеттілігіне қарай техникалық және қосалқы қызметкерлер ретінде бөлсін.

      5. Аталған шараларға байланысты шығын жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен өтелсін.

      6. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      7. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Ж. Еркеғалиевке жүктелсін.

      Аудан әкімі Р. Карин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады