Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала аудандық мәслихатының 2010.04.15 N 21-10 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" және "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы Қағидасы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Жаңақала аудандық мәслихатының 2004 жылғы 1 маусымдағы "Табысы жағынан аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы Ережесін бекіту" N 6-1 шешімінің (Нормативтік кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2703 тіркелген, 2004 жылғы 31 шілдеде "Жаңарған өңір" газетінде жарияланған) күші жойылсын.
3. Жаңақала аудандық мәслихатының 2007 жылғы 27 наурыздағы "2004 жылғы 1 маусымдағы N 6-1 "Табысы жағынан аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы Ережесін бекіту" тіркеу N 2703 Мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 31-2 шешімінің (Нормативтік кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-5-47 тіркелген, 2007 жылғы 21 сәуірде "Жаңарған өңір" газетінде жарияланған) күші жойылсын.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Б. Шүкірғалиева |
Аудандық Мәслихат хатшысы | Р. А. Саматов |
Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 9-7 шешіміне қосымша |
Табысы аз отбасыларына (азаматтарға)
тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы
ҚАҒИДА
1. Жалпы қағидалар
1. Тұрғын үй көмегі аудан тұрғындарын әлеуметтік қорғау нысандарының бірі болып табылады. Ол аудан аумағында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға тұрғын үйді ұстау, тұрғын үй – коммуналдық қызметтерді тұтыну жөніндегі шығындарын өтеуге арналған өтемақы.
2. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру жергілікті бюджеттің есебінен жүзеге асыралады.
3. Тұрғын үй көмегі аудан көлемінде тұргылықты тұратын және тұрғын үйдің иесі немесе тұрғын үйді пайдаланушы (жалдаушы) болып табылатын жеке тұлғаларға тағайындалады.
4. Аз қамтылған отбасыларға тұрғын үй көмегін беру тәртібі Қазақстан Республикасының 1997 жылғы N 94 "Тұрғын үй қатынастары туралы" Занының 97 бабының 2-тармақшасын басшылыққа алып және осы Қағидаға сәйкес белгілінеді.
2. Тұрғын үй көмегін алу құқығы
5. Тұрғын үй көмегі аудан көлеміндегі тұрғылықты тұратындарына егер отбасы бюджетіндегі өтемақымен қамтамасыз етілетін коммуналдық қызметтер мен тұрғын үйді ұстау нормалары шегіндегі және ол нақтылы отырған жалпы көлемнен көп болмауы керек.
Тұрғын үйді күтіп ұстау және коммуналдық қызметті пайдалану ақысын төлеудің шекті шығын көлемі келесідей болып белгіленсін:
1) ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тұрғын үй көмегі табысы есепке алынбай жүзеге асырылады;
2) жалғыз басты зейнеткерлерге мүгедектердің топтарына қарамастан, жасы 50-ден асқан жұмыссыз әйелдер, жасы 55-тен асқан жұмыссыз ерлер үшін 15 пайыз көлемінде, қалған санаттағы адамдарға 30 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
6. Өтемақымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңынан мөлшері тұрғын үйі заннамасында отбасының әр мүшесіне белгіленген мөлшерге тең, яғни тұратын мекен-жайы көлемінің бір адамға 18 шаршы метр орын құрайды, бірақ бір бөлмелі пәтерден кем емес. Жалғыз тұратын азаматтар (зейнеткерлер, мүгедектер) үшін тұратын мекен жайдың көлеміне байланыссыз 36 шаршы метр шегінде, бірақ нақтылы көлемінен аспайды.
7. Тұрғын үй көмегі осы жерде тұрақты тұратын және тұрғын жайдың иесі немесе жалдаушылар (қосымша жалға алушылар) болып табылатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен беріледі.
8. Жеке меншігінде бірден артық тұрғын үйі (пәтері) бар немесе тұрғын үйді (пәтерді) жалға немесе жартылай жалға берушілер тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
Ескерту. 8 тармаққа өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала аудандық мәслихаттың 2009.10.22 N 15-3 Шешімімен.9. Мүгедектерді және стационарлық емделуде бір айдан астам уақыт кезенінде болатын адамдарды, күндізгі оқыту нысанында оқитын оқушылар мен студенттерді, тыңдаушылар мен курсанттарды, магистратура мен аспирантура оқуларын қоса алғанда, соңдай-ақ 1,2,3 топтағы мүгедектерді егер оларды күтуді қажет етеді деп танылған мүгедектерді күтуді жүзеге асырушы немесе 3-жасқа дейінгі, сондай-ақ кіші баласы бірінші сыныпты (бірақ 9-жастан аспаған) бітіргенге дейінгі төрт жәңе одан да көп балаларды тәрбиелеумен шұғылданушы тұлғалардан басқа жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскерде қызмет етпейтін және жұмыспен қамту қызметінде жұмыссыз ретінде тіркелмеген еңбекке жарамды тұлғалар болса, отбасылардың тұрғын үй жәрдемақысын алуға болмайды.
Ескерту. 9 тармаққа өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала аудандық мәслихаттың 2009.10.22 N 15-3 Шешімімен.10. Тұрғын үй көмегін алушылар өз тұрғын үй көмегін тағайындауға ықпал ететін отбасы құрамындағы және оның жиынтық табысындағы кез келген өзгерістер туралы, сондай-ақ тұрғын үй көмегі дұрыс есептелмеген жағдайлары туралы тұрғын үй көмегін тағайындауына уәкілетті органға 10 күн ішінде хабардар етілуге тиіс.
3. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі
11. Тұрғын үй көмегін алушылар мемлекеттік тұрғын үй көмегін тағайындауы үшін өз атынан немесе отбасының бір мүшесі тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға белгіленген үлгідегі өтінішке қоса мынандай құжаттар тіркеледі:
1) жеке куәлігінің көшірмесі (төлқұжат);
2) салық төлеушінің тіркеу нөмірі берілгені туралы куәлігі (СТН);
3) азаматтардың тіркеу кітабының көшірмесі (үй кітабы);
4) пайдаланылып отырған алаң көлемі жөнінде (техникалық төлқұжат), тұрғын жайға құжаттардың көшірмесі (жекешелендіру, сыйға тарту, сатып алу-сату, жалға беру т.б. жөніндегі келісім-шарттар);
5) жылжымайтын мүлік жөнінде анықтама (жылына бір рет);
6) Ұлы Отан соғысына қатысушы немесе мүгедегі куәлігінің көшірмесі, мүгедектік күтімінің заңдылығын куәландыратын құжат;
7) мүгедекке күтім жасаудың заңдылығын дәлелдейтін құжат;
8) алдыңғы арыз беру мерзіміне сәйкес отбасының өткен тоқсанға табыстары жөнінде мәлімет (зейнетақысы жөнінде анықтама немесе жинақ кітапшасы, жалақысы туралы анықтама, алименттер, шәкіртақы);
9) тұрғын жай ұстау, коммуналдық қызмет және байланыс қызметі ақысын төлеу бойынша төлем құжаттарының түпнұсқасы (түбіртектер мен кітапшалар).
12. Табиғи газ желісіне қосылмаған отбасылар үшін қидың 1 тоннасы – 2 000 теңге есебіндегі орташа бағамен есептелінеді. Үй жылытылатын жылу маусымында – 12 000 теңгенің отыны жағылады деп белгіленсін.
13. Отбасының жиынтық табысына тұрғын үй, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы, бала тууға берілетін бір жолғы мемлекеттік жәрдемақыны, тағам қымбаттауына қосымша төлемді белгіленген уақыт кезеңінде ақшалай және заттай нысанда нақты алынған табыстардың барлық түрі еңгізіледі.
14. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тұрғын жай ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтыну үшін төлемақы айына газге – 3000 теңге, электр қуаты - 450 теңгеден аспау қажет.
15. Мемлекеттік тұрғын үй көмегін көрсетуді, тұрғын үй көмегін көрсетуге арналған тиісті бюджетте көзделген сома шегінде уәкілетті орган жүзеге асырады.
16. Ауыл (село) әкімі арыз берушілерден құжаттарды қабылдап, оларды тіркейді және учаскелік комиссияның қортындысымен қоса уәкілетті органға жібереді.
4. Тұрғын үй көмегін есептеу
17. Тұрғын үй көмегін көрсету туралы жергілікті уәкілетті орган не учаскелік комиссиямен бірге қарап, оларды қабылдаған айдың ішінде тұрғын үй көмегін көрсету немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Арыз берушінің берген құжаттарының растығына күмән туса, уәкілетті орган қажетті мәліметтерді сұратуға құқылы, ал заңды және жеке тұлғалар тұрғын үй көмегін есептеуге қажет ақпарат беріледі.
Ескерту. 17 тармаққа өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала аудандық мәслихаттың 2009.10.22 N 15-3 Шешімімен.18. Тұрғын үй көмегін тұрғын үйді ұстаумен коммуналдық қызметтер үшін төлемді меншік иесіне (жалдаушыға) аудару арқылы беріледі.
Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық кызметтерге берілетін тұрғын үй көмегінің мөлшері нақтылы есептелген сомадан аспауы керек.
19. Тұрғын үй көмегінің мөлшері меншік иесінің (жалдаушының ) өтем ақымен қамтамасыз етілетін коммуналдық қызметтер мен тұрғын үйді ұстау нормаларына нақтылы төлейтін төлемінің және отбасының осы мақсаттарға жұмсайтын ұйғарымды шекті шығынның айырмасы ретінде есептеледі.
5. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру көздері
20. Барлық меншік түріндегі үйлерде тұрып жатқан тұрғындарға тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызмет ақысына материалдық көмек жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылады.
21. Тұрғын үй көмегін көрсету қызметі пәтер иелерінің және жалдаушылардың тізімдерімен рәсімдеп, берілген жәрдемақының сомасын көрсетіп әр айдың 25-не, сатылап аудару екінші дәрежелі банктер арқылы жүзеге асырылады.
22. Құжаттардың дұрыс рәсімделмеуіне байланысты тұрғын үй көмегінің заңсыз тағайындалуына жол берген лауазым иелері заңмен белгіленген тәртіп бойынша жауап береді.