Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала аудандық мәслихатының 2010.04.15 N 21-10 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі баскару туралы", "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. "Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы Қағидасын бекіту" Жаңақала аудандық мәслихатының 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 9-7 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-5-81 тіркелген, 2009 жылғы 21 ақпандағы "Жаңарған өнір" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Қағиданың 2 бөлімінің 8-тармағындағы "көмегін алу құқығынан айырылады" деген сөздер "көмегі тағайындалмайды" деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармағындағы "құқы" деген сөз алынып тасталсын;
4 бөлімнің 17-тармағындағы "ақпаратты беруге міндетті" деген сөздер "ақпарат беріледі" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | С. Хайрбеков |
Аудандық мәслихат хатшысы | Р. Саматов |