Жәнібек ауданында мемлекеттік тұрғын үй қорының тұрғын үй-жайларын жекешелендіру қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 3 наурыздағы N 6-4 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әділет басқармасында 2008 жылғы 4 сәуірде N 7-6-63 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 20 қазандағы N 11-16 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихаттың 2008.10.20 N 11-16 Шешімімен.

      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 24 қаңтардағы N 66 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру туралы Ережесінің" 9 тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағы 15 тармақшасын басшылыққа ала отырып аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. "Жәнібек ауданында мемлекеттік тұрғын үй қорының тұрғын үй-жайларын жекешелендіру қағидасы" қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы
      Мәслихат хатшысы

Аудандық мәслихаттың
2008 жылғы 3 наурыздағы
N 6-4 шешіміне N 1 қосымша

Аудандық мәслихаттың
2008 жылғы 3 наурыздағы
N 6-4 шешімімен бекітілген

Жәнібек ауданында мемлекеттік
тұрғын үй қорының тұрғын үй-жайларын
жекешелендіру қағидасы

      1. Осы Қағида Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің 1992 жылдың 24 қаңтардағы N 66 қаулысына сәйкес жасалған және мемлекеттік тұрғын үй қорының түрғын жайын жекешелендіру реттерін анықтайды, қағида бекітілгенге дейін, мемлекеттік тұрғын үй қорында қалған тұрғын жайларға (пәтерлерге, үйлерге) ғана таратлады.
      2. Мемлекеттік тұрғын үй жайларын өтусіз меншігіне алу құқығы бекітілген Жәнібек ауданынын тұрғынына жататын азаматтар тобы:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары;
      2) 1 және 2 топтағы мүгедектер (өздері жасаған қылмыс салдарынан мүгедек аламдарды қоспағанда);
      3) иесіздендірілген аумақта Чернобыль атомдық электростанция апаттарын жоюға қатысқандар;
      4) дәрігерлік әлеуметтік сараптама комиссиясының (ДЖСК) қортындысы бойынша Семей полигонындағы ядролық сынақтар жарылыстарының, сондай-ақ тізімі Қазақстан Республикасы Үкіметі анықтайтын, басқада азаматтық және әскери мақсаттағы ядролық объектілердегі жарылыстардың және радияциялық сәулелердің салдарынан денсаулығы нашарлаған азаматтар;
      5) интернационалистік борышын атқаруға байланысты мүгедек болған интернационалист-жауынгелер.
      3. Тұрғын жайды жекешелендіру ондағы тұратын кәмелеттік жасқа толған барлық отбасы мүшелерінің жазбаша түрде берген келсімдері бойынша.
      4. Жатақханадағы пәтердің және тұрғын үйдің бөлмелердің тозу құны баланстың құнынан асып кетсе, ондай жағдайда жаңа тұрғынға олар әншейін беріледі. Бұрын сатып алынған тұрғын бөлмелердінң қайта бағалауы жасалынбайды.
      5. Жекешелендірілген тұрғын жай пәтер жалдаушының және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің ортақ меншігіне көшеді, онын ішінде уақытша тұрмайтын отбасы мүшелерінің де, егерде, шартта олардың арасында басқадай көрсетілмесе.
      6. Осы Қағидада көрсетілмеген барлық жағдайларда Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" N 94 Занымен және Министірлер Кабинетінің 1992 жылғы 24 қаңтардағы "Қазақстан Республикасында мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру Ережесін бекіту туралы" N 66 қаулысымен басшылық ету керек.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады