2009 жылы Зеленов ауданында он жеті жасқа толатын азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізуді ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 45 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 30 қаңтарда N 7-7-79 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 10 қазандағы N 817 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 10.10.2014 N 817 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 33-бабын басшылыққа алып және Қазақстан Респуликасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:

      1. "Зеленов ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) Зеленов ауданында 2009 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын ер жынысты азаматтардың әскери есебін тіркеуін өткізу ұсынылсын.

      2. "Зеленов ауданының орталық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына және "Зеленов аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) шақыру учаскесінің әскери міндеттілер мен әскерге шақырушылардың әскери есебін тіркеу кезінде азаматтарды медициналық куәландырудан өткізуді дәрі-дәрмекпен, инструментариймен, медициналық және шаруашылық мүлікпен қамтамасыз ету ұсынылсын.

      3. "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Переметный ауылы тіркеу пунктіне тіркеуді дайындау және өткізу кезеңіне 2009 жылғы қаңтардан наурызға дейін есептегі жұмыссыздар қатарынан қажеттілігіне қарай техникалық және қосалқы қызметкерлер ретінде бөлсін.

      4. Ауыл округтерінің әкімдеріне, кәсіпорын және мекеме басшыларына азаматтардың шақыру учаскелеріне тіркеуден өту үшін Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне келуін қамтамасыз етуге қажетті шаралар алу ұсынылсын.

      5. Аталған шараларға байланысты шығын жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен өтелсін.

      6. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      7. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г. М. Құлжановаға жүктелсін.

      Аудан әкімі Ғ. Қапақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады