Ауданның елді мекен жерлері бойынша жеке меншікке берілетін жер тілімдері үшін төлемнің базалық ставкаларына түзету коэффициенттері туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Зеленов аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 10-10 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 5 ақпанда N 7-7-81 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов аудандық мәслихатының 2012 жылғы 19 сәуірдегі № 3-10 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов аудандық мәслихатының 19.04.2012 № 3-10 шешімімен

      Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Жер Кодексіне, 2008 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Орал қаласының қала маңы аймағының мәселелері" N 472 қаулысына және 2003 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Жер учаскелерi жеке меншiкке берiлген кезде, мемлекет немесе мемлекеттiк жер пайдаланушылар жалға берген кезде олар үшiн төлемақының базалық ставкаларын, сондай-ақ жер учаскелерiн жалдау құқығын сату төлемақысының мөлшерiн бекiту туралы" N 890 қаулысы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ауданның елді мекен жерлері бойынша жеке меншікке берілетін жер телімдері үшін төлемнің базалық ставкаларына түзету коэффициенттері бекітілсін.

      1) Жер телімдерінің қала маңы аймағында орналасуы бойынша:

      Ақжол - 2,0

      Белес - 2,0

      Трекин - 2,0

      Жайық - 2,0

      Володар - 2,0

      Новенькое - 2,0

      Чувашин - 2,0

      Красный Урал - 2,0

      Достық - 2,0

      Факел - 2,0

      Мирный - 2,0

      Макаров - 2,0

      Мичурин - 2,0

      Жамбыл - 2,0

      Зеленый - 2,0

      Октябрьское - 2,0

      Садовый - 2,0

      Абай - 2,0

      Махамбет - 2,0

      Кожевников- 2,0

      Павлов- 2,0

      Горбунов - 2,0;

      2) Переметный, Калинин, Дариян елді мекендерінде түзету коэффициенті - 2,0, басқа елді мекендер бойынша түзету коэффициенті - 1,0;

      3) Елді мекендер шегінде жеке меншікке берілерде жер телімі үшін төлемнің базалық ставкалары облыс орталығының негіздік мөлшерлемесінің 15 пайызын немесе 1 шарты метр үшін 171 теңге құрайды;

      4) Елді мекендер шегінен тыс жерден жеке меншікке берілерде жер телімі үшін төлемнің базалық ставкалары облыс орталығының негіздік мөлшерлемесінің 85 пайызын немесе 1 шарты метр үшін 96,9 теңге құрайды.

      2. Зеленов аудандық мәслихатының "Ауданның елді мекен жерлері бойынша жеке меншікке берілетін жер телімдері үшін төлемнің базалық ставкаларына түзету коэффициенттері туралы" 2004 жылғы 2 наурыздағы N 6-2 шешімінің күші жойылсын.

      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Е. Тоқсанов
      Аудандық мәслихат хатшысы В. Шохина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады