Ескерту. Күші жойылды Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 25.11.2009 N 312 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабына және "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабы 2 тармағының 9 тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешеніндегі инспекция комитетінің Казталов аудандық аумақтық инспекциясының бас ветеринариялық инспекторының 2008 жыл 20 қазандағы N 467 ұсынысы бруцеллез ауруының әлеуметтік қауіптілігін ескере отырып, осы ауруға қарсы эпизоотиялық шаралардың орындалуын қамтамасыз ету және округ тұрғындарын бруцеллез ауруынан сақтандыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ірі қара малы арасында бруцеллез ауруының тіркелуіне байланысты Қошанкөл ауылдық округі аймағына мал басы сауықтырылғанша шектеу салынсын.
2. 2009 жылға Кошанкөл ауылдық округі бойынша ірі қара малдарын бруцелез ауруынан сауықтыру жөніндегі кешенді жоспары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Қошанкөл ауылдық округ әкіміне (Б. Сағаденов), Казталов аудандық аумақтық инспекциясымен (Н. Құтхожин - келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешеніндегі инспекция комитетінің Казталов аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасымен (Д. Ғабдуллина - келісім бойынша), Батыс Қазақстан облысының әкімдігі Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау департаментінің Казталов ауданының ауруханасымен (З. Мағзомов - келісім бойынша) бірлесе отырып, жоспарда көрсетілген шараларды ұйымдастыру, санитарлық және арнайы мал-дәрігерлік шараларын уақытылы және толық орындалуын қамтамасыз етуі тапсырылсын.
4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді.
5. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К. Е. Садбековке жүктелсін.
Аудан әкімі | Е.Қалиев |
Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 24 қазандағы N 336 қаулысымен бекітілген |
2009 жылға Кошанкөл ауылдық округі бойынша
ірі қара малдарын бруцелез ауруынан
сауықтыру жөніндегі кешенді жоспары
N | Шаралардын атауы | Орындау мерзімі | Орындауға жауаптылар | аяқталу нысаны |
1. Ұйымдастыру шаруашылық шаралары | ||||
1 | Эпизоотикалық жағдайға байланысты ауылдық округтерде ірі қара мал жайылымының аумағын анықтау | ұдайы | Кошанкөл ауылдық округінің әкімі және Қошашкөл ауылдық округінің мемлекеттік ветеринариялық инспекторы | аудандық мемлекеттік бас ветеринариялық инспекторына хабарлама |
2 | Кошанкөл ауылдық округінің аумағында бруцеллезбен ауырған ірі қара мал қорасы немесе ауласын санитарлық тазалау жұмысын ұйымдастыру | ұдайы | Кошанкөл ауылдық округінің әкімі | акт түзету |
3 |
Санитарлық ағартушылық шараларын жүргізу мақсатында халыққа қажеті ветеринариялық, санитарлық- | ұдайы | Ауылдық округтің ветеринариялық инспекторы, аудандық МСЭҚБ, ауылдық дәрігерлік амбулатория | Жиындар өткізу Хаттамалық тапсырмалар |
2. Індет ошағындағы және бруцеллезден таза емес пункттердегі жүргізілетін ветеринариялық | ||||
4 | Бруцеллезден таза емес пункттің және індет ошағының шекарасын анықтау | ұдайы | Кошанкөл ауылдық округінің әкімі және Қошанкөл ауылдық округінің мемлекеттік ветеринариялық инспекторы | |
5 |
Шектеу шарттары бойынша тиым салынады: | шектеу кезіне | Кошанкөл ауылдық округінің әкімі және Қошанкөл ауылдық округінің мемлекеттік ветеринариялық инспекторы, полиция учаскелік инспекторы (келісім бойынша) | Қорытынды акт түзету |
6 | Бұрын ауру жануарлар (аурудан таза емес мал басы) ұсталған мал қораларына сау малдарды енгізуге тыңғылықты дезинфекцияланғаннан, мал қыдырту алаңдарын және басқа нысандарды тазалағаннан, сондай-ақ дезинсекция және дератизация жүргізілгеннен кейін рұқсат етіледі. | шектеу кезіне | Кошанкөл ауылдық округінің әкімі және Қошанкөл ауылдық округінің мемлекеттік ветеринариялық инспекторы | |
7 | Аурудан таза емес пунктегі сиырлардан алынған залалсыздандырылмаған сүтті сүт өңдеу мекемелеріне апаруға, базарларда сатуға, асхана жүйесінде пайдалануға тиым салынады. Ондай сүт пісіріліп жас малдарды азықтандыру үшін пайдаланылады. | шектеу кезіне | Кошанкөл ауылдық округінің әкімі және Қошанкөл ауылдық округінің мемлекеттік ветеринариялық инспекторы | |
8 |
Ауырған жануар тұрған қора жайларды дезинфекциялау үшін-хлорлы әктің судағы ерітіндісімен; құрамында 2 процент белсенді хлоры бар немесе ДП-2 препаратымен; формальдегидтің ерітіндісімен | шектеу кезіне | Кошанкөл ауылдық округінің әкімі және Қошанкөл ауылдық округінің мемлекеттік ветеринариялық инспекторы | |
9 |
Әртүрлі жануарларға зерттеулер жүргізіледі: |
мал іш таста- | Аудандық бас ветеринариялық инспекторының бақылауындағы мемлекеттік ветеринариялық қызмет | акт түзеледі |
10 | Диспансерлік тексеру тек бруцеллезден ресми таза емес шаруашылықтарда емес, сондай-ақ бруцеллезден таза шаруашылықтарда да жүргізіледі. | әр тоқсан сайын | Казталов аудандық ауруханасы | медициналық қорытынды анықтама |
11 |
Бруцеллезден таза емес пункттерде жануарлармен жұмыс істеу (мал күту, тамақтандыру) және мал сою тәртіптерін сақтауға, соңынан жабдықтарды залалсыздан- | Шектеу кезінде | аудандық МСЭҚБ, Қошанкөл ауылдық округінің инспекторы | акт түзету |
12 | Бруцеллезге оң нәтиже берген жануарарды қабылдауға, тасымалдауға, союға және олардан алынған шикізаттарды өңдеуге жасы 18-ге толмаған тұлғалар, аяғы ауыр әйелдер, емшектегі балалы әйелдер,уақытша алынған жұмысшылар, жіті және созылмалы түрдегі аурулар, бруцеллездің клиникалық белгілері байқалған, бруцеллездің алдын алу жөнінде санитарлық сынақтан өтпеген адамдар жіберілмейді. | Тұрақты | аудандық МСЭҚБ, Қошанкөл ауылдық округінің мал-дәрігерлік инспекторы |
хабарлама |
Қазақстан Республикасы
ҚР АШМ – Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық министрінің
МСЭҚБ – Мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасы
АДА – Ауылдық дәрігерлік амбулаториясы
КҰБР – Комплементті ұзақ байланыстыру реакциясы
АР – агглютинация реакциясы
КБР – комплемент байланыстыру реакциясы
РБС – роз бенгал сынамасы
ИФА – имунно-ферменттік анализ