2009 жылы Сырым ауданында он жеті жасқа толатын азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізуді ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімінің 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 77 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Әділет басқармасында 2009 жылғы 20 қаңтарда N 7-10-56 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 15 сәуірдегі N 77 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің 15.04.2009 N 77 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 33 бабын басшылыққа алып және Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскер қызмет туралы" Занының 17 бабына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:

      1. "Сырым аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) Сырым ауданында 2009 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын ер жынысты азаматтардың әскери есебін тіркеуін өткізу ұсынылсын.

      2. "Сырым аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорына (келісім бойынша) шақыру учаскесінің әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың әскери есебін тіркеу кезінде азаматтарды медициналық куәландырудан өткізуді дәрі-дәрмекпен, инструментармен, медициналық және шаруашылық мүлікпен қамтамасыз ету ұсынылсын.

      3. "Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Сырым ауданының тіркеу пунктіне тіркеуді дайындау және өткізу кезеңіне 2009 жылғы қаңтардан наурызға дейін есептегі жұмыссыздар қатарынан қажеттілігіне орай техникалық және қосалқы қызметкерлер ретінде бөлсін.

      4. Ауылдық округ әкімдері азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуден өткізу үшін автокөліктермен қамтамасыз етсін.

      5. Аталған шараларға байланысты шығын жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен өтелсін.

      6. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      7. Осы шешімнің орындауын бақылау Сырым ауданы әкімінің орынбасары Т. Турегалиевке жүктелсін.

      Аудан әкімі Е.Нысанғалиев

      КЕЛІСІЛДІ:
Аудандық қорғаныс істер
жөніндегі бөлімінің бастығы
___________________ К. Маканов
Сырым аудандық орталық
ауруханасы МКҚК директоры
___________________ А. Дүйсенгалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады