Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орнының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 17 маусымдағы № 149 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әділет басқармасында 2008 жылғы 17 шілдеде № 7-12-62 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 12 қыркүйектегі № 297 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімдігінің 12.09.2017 № 297 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Халықты жұмыспен қамту туралы" және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына сәйкес әлеуметтік көмекке мұқтаж тұлғалардың жұмыспен қамтылуына көмек көрсету мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Меншіктің барлық түріндегі ұйымдар, мекемелер және кәсіпорындар жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының жыл сайынғы квотасы белгілеу ұсынылсын.

      2. Осы қаулы аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

      3. Осы қаулы 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқық қатынастарына таратылады.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Әлжан Жақсыгерейұлы Нұрғалиевқа жүктелсін.

      Аудан әкімі А.Горобцов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады