Азаматтарды аудандағы шақыру учаскесіне тіркелуді ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімінің 2008 жылғы 19 желтоқсандағы N 15 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 12 қаңтарда N 7-13-92 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімінің 2009 жылғы 5 наурыздағы № 3 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 05.03.2009 № 3 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" және 2005 жылғы 8 шілдедегі N 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарын басшылыққа алып ШЕШІМ ЕТЕМІН:

      1. Шыңғырлау аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде шақыру учаскесі құрылсын.

      2. Шыңғырлау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (М. Шутанов) 2009 жылдың қаңтар және наурыз айларының аралығында 2009 жылы 17 жасқа толған және оданда жоғары жастағы азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеу, аудан аумағында тұрақты және уақытша тұратын, әртүрлі себептермен әскери міндеттегі есепке алынбаған, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметке жарамсыз азаматтарды куәландіруді және жастарды тіркеу кезінде екі әскери міндетті адамдарды коменданттық қызметке тарту ұсыныс етілсін.

      3. Азаматтарды аудандағы шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу үшін аудандық комиссия N 1 қосымшаға сәйкес құрылсын.

      4. Шыңғырлау аудандық ауруханасы мемлекеттік коммуналдық қазналық кәсіпорны: (Т. Қалмен)

      1) жастарды медициналық куәландыру үшін медициналық комиссиясын құру және медициналық комиссия мүшелерін осы кезеңге 2009 жылдың қаңтар айынан наурыз айына дейін жұмыстан босатып, олардың еңбек ақыларын сол күйде сақтап қалу;

      2) медициналық комиссия мүшелерін қажетті құрал- жабдықтармен, мүліктермен, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;

      3) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне туберкулез және жұқпалы аурулармен ауруханада есепте тіркелініп тұрған жастардың 2008 жылдың 25 желтоқсанына дейін тізімдерін жіберу;

      4) 2009 жылдың 16 қаңтарына дейін барлық әскери есепке алынған жастардың медициналық құжаттарын толтырып жіберу ұсынылсын.

      5. Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңын негізге ала отырып, әскери тіркеу мезгілінде 1992 жылы туған жастардың тіркеу учаскесіндегі құжаттарды рәсімдеуге 16 қаңтардан 30 наурызға дейін әрбір мекеме N 2 қосымшадағы кестеге сәйкес бір қызметкерлерін бөліп отырсын және олардың жұмыс орындарын, орта еңбек ақыларын сол күйінде қалдырсын.

      6. Селолық округ әкімдері шақыру учаскесінде жастарды тіркеуге қажет уақытында және шақыру қағаздарында көрсетілген мезгілдері бойынша хабарлап, N 3 қосымшаға сәйкес аудандық тіркеу комиссиясына жастарды жеткізу кестесіне сәйкес жеткізу тапсырылсын.

      7. Аудандық білім беру бөліміне: (А. Сапаров)

      1) әскери оқыту орындарына үміткерлер тандау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыра түсіп, оған неғұрлым әзірлігі бар, шыныққан жасөспірімдерді тандап, жіберу тапсырылсын;

      2) селолық округ әкімдеріне көмек көрсету мақсатында кестеге сәйкес, жастарды жедел тіркеу есебін өткізуге аудандық комиссияға жеткізу үшін орта мектептердің бастапқы әскери даярлық пән мұғалімдерді бөлу ұсынылсын.

      8. Аудандық ішкі істер бөліміне: (А. Османғалиев)

      1) тіркеу учаскесіне қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында полиция қызметкерлерін бөлу;

      2) шақыру учаскесіне тіркеуден себепсіз бас тартқан жастарды іздестіру және жеткізу шараларды алу ұсынылсын.

      9. Осы шешімнің орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары М. Байменовке жүктелсін.

      10. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М.Тоқжанов

      КЕЛІСІЛДІ:
Аудандық қорғаныс істер
жөніндегі бөлімінің бастығы
___________________ М.Б. Шутанов
Аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы
___________________ А.Қ. Османғалиев
"Аудандық ауруханасы" МКҚК
___________________ Т.Қ. Қалмен

  Аудан әкімінің
2008 жылғы 19 желтоқсандағы
N 15 шешіміне N 1 қосымша

Азаматтарды аудандағы шақыру учаскесіне тіркеуді
жүргізу үшін аудандық комиссияның құрамы:

      1. Комиссия төрағасы      – Шыңғырлау аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы капитан Шутанов Мейрам Болатұлы

      2. Комиссия төрағасының орынбасары      - Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының бас маманы Ишекенов Талғат Хвамидуллаұлы

Комиссия мүшелері:

      3. Шыңғырлау аудандық

      ішкі істер бөлімі

      бастығының орынбасары      - Сарсенов Эдуард Айтқалиұлы

      4. Шыңғырлау аудандық

      аумақтық медицина

      бірлестігінің бас дәрігерінің

      орынбасары, медицина

      комиссиясының төрағасы      – Жазықбаев Қылыш Жолдыбайұлы

      5. Шыңғырлау аудандық

      медицина бірлестігінің

      медбикесі, комиссия

      хатшысы      – Нұржанова Қаламқас

  Аудан әкімінің
2008 жылғы 19 желтоқсандағы
N 15 шешіміне N 2 қосымша

Әскери тіркеу мезгілінде 1992 жылы туған
жастардың тіркеу учаскесіндегі құжаттарды
рәсімдеуге, әрбір мекеме, бір қызметкерлерін
бөліп отыру кестесі

N

Мекеменің атауы

Мезгілі

1

Шыңғырлау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

16.01.2009 - 30.03.2009

2

Шыңғырлау ауданының білім беру бөлімі

16.01.2009 - 30.03.2009

3

Шыңғырлау ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

16.01.2009 - 30.03.2009

  Аудан әкімінің
2008 жылғы 19 желтоқсандағы
N 15 шешіміне N 3 қосымша

Селолық округ әкімдері шақыру учаскесінде жастарды тіркеуге қажет уақытында және шақыру қағаздарында
көрсетілген мезгілдері бойынша хабарлап, аудандық
тіркеу комиссиясына жастарды жеткізу кестесі

Селолық округінің атауы

Келу уақыты

Ащысай селолық округі

22.01.2009 ж.

Ақбұлақ селолық округі

21.01.2009 ж.

Алмаз селолық округі

20.01.2009 ж.

Белогор селолық округі

19.01.2009 ж.

Қызылкөл селолық округі

22.01.2009 ж.

Қарағаш селолық округі

21.01.2009 ж.

Лубен селолық округі

20.01.2009ж.

Полтава селолық округі

19.01.2009 ж.

Шыңғырлау селолық округі

16.01.-23.01.2009 ж.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады