"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 264 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 24 қаңтардағы N 5-п Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 30 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5522 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 6 мамырдағы N 214 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010.05.06 N 214 Бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 264 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5437 болып тіркелген), бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      Қөрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау ережесiнде 7-тарауында:
      "Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасын жасау және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі":
      42-тармақтағы "құрылымы" деген сөзден кейін, "және (немесе) облыстардың, Алматы, Астана қалалары әкiмдерiнің Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқарудың үлгі құрылымында көзделген, құрылымдық бөлімшелерді қосу, біріктіру туралы қабылдаған шешімдері" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Мемлекеттік жоспарлау әдіснамасы департаменті (Б. Бабажанова) Заң департаментімен (Д. Ешімова) бірлесіп осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                          Б. Сұлтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады