Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын жасау ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 264 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 29 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5437 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 6 мамырдағы N 214 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010.05.06 N 214 Бұйрығымен.

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 26-бабының 3-тармағына сәйкес Б Ұ ЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау ережесi бекiтiлсiн.
      2. Мемлекеттік жоспарлау әдіснамасы департаменті (Б. Бабажанова) Заң департаментімен (Д. Ешімова) бірлесіп, осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

       Министрдің
      міндетін атқарушы                                М. Кұсайынов

Қазақстан Республикасы   
Экономика және бюджеттік  
жоспарлау министрінің    
2008 жылғы 22 желтоқсандағы
N 264 бұйрығымен бекiтiлген

Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік
сыныптамасын жасау ережесi

      1. Осы Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын жасау ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын жасаудың құрылымы мен тәртiбiн айқындайды.

1-бөлім. Жалпы ережелер 1-тарау. Қазақстан Республикасының Бiрыңғай
бюджеттік сыныптамасының құрылымы

      2. Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттiк сыныптамасы (бұдан әрi - Бюджеттік сыныптама) бюджет түсiмдерi мен шығыстарын сыныптама объектілерiне топтамалық кодтар бере отырып, функционалдық ведомстволық және экономикалық сипаттамалар бойынша топтастыру болып табылады.
      3. Бюджеттiк сыныптама Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің, Қазақстан Республикасының Президентi Жарлықтарының, Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулыларының негізінде жасалады.
      4. Бюджеттiк сыныптама мыналарды қамтиды:
      бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасы;
      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы;
      бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы.
      5. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
      сыныптамалық код - түсiмнiң әрбiр түрi, бюджет шығыстарының әрбiр түрлерi және бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бойынша, олардың белгiлi бiр сипаттамалары бойынша, түсiмдер сыныптамасының, шығыстардың функционалдық және экономикалық сыныптамасының деңгейлерi бойынша жеке бекiтiлетiн цифрлық белгі (топтамалық код);
      iс-әрекеттiк аяқталу мерзiмi - ол басталған сәттен бастап тиiстi сыныптамалық код бойынша түсiмдердi есепке алу немесе шығыстарды қаржыландыру тоқтатылатын күн.

2-тарау. Бюджет түсімдерінің сыныптамасы

      6. Барлық деңгейдегi бюджеттер түсiмдерiнiң белгiлi бiр сипаттамалар бойынша осы Ереженiң 3-тармағында көрсетiлген салықтарды, төлемдердi және бюджетке түсетiн басқа да түсiмдердi белгiлейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілеріне негiзделген топтамасы бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасы болып табылады.
      7. Бюджет түсiмдерi сыныптамасының топтамасы мыналардан тұрады:
      түсiмдердiң экономикалық белгілерi бойынша топтамасын бiлдiретiн санаттар. Сыныптамалық коды 1 белгіден тұрады;
      түсiмдердi олардың көздерi мен түрлерi бойынша топтайтын сыныптар. Сыныптамалық коды 2 белгіден тұрады;
      түсiмдердi олардың көздерi мен түрлерi бойынша неғұрлым егжей-тегжейлi топтайтын iшкi сыныптар. Сыныптамалық коды 1 белгiден тұрады;
      бюджетке түсетiн төлем немесе түсiм түрiн айқындайтын ерекшелiктер. Сыныптамалық коды 2 белгiден тұрады.
      8. Түсiмдердiң әрбiр түрiнiң түсiмдер сыныптамасының барлық деңгейлерiнiң кодтарынан қалыптасатын алты белгілi коды болады.
      9. Түсiмдердiң әрқилы түрлерi үшiн бiрдей алты белгіден тұратын кодтарды белгілеуге жол берiлмейдi.
      10. Бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасы мынадай негізгі санаттарды қамтиды:
      1 - салықтық түсiмдер;
      2 - салықтық емес түсiмдер;
      3 - негізгі капиталды сатудан түсетiн түсiмдер;
      4 - трансферттерден түсетiн түсiмдер;
      5 - бюджеттік кредиттерді өтеу;
      6 - мемлекеттің қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер;
      7 – қарыздардың түсiмi;
      8 – бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары.
      11. Бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасы осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес құрылым бойынша жасалады.

3-тарау. Шығыстардың функционалдық сыныптамасы

      12. Мемлекет функцияларының орындалуын, республиканың стратегиялық, орта мерзiмдi бағдарламалары мен даму жоспарларын iске асыруды бейнелейтiн функционалдық және ведомстволық белгiлер бойынша бюджет қаражатының жұмсалу бағыттарын айқындайтын барлық деңгейлердегi бюджеттер шығыстарының топтамасы бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы болып табылады.
      13. Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасының топтамасы мынадай деңгейлерден тұрады: функционалдық топтар; функционалдық iшкi топтар; бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi; бюджеттік бағдарламалар және кiшi бағдарламалар.
      14. Функционалдық топ елдiң стратегиялық даму басымдықтарына сай келетiн және олардың әрқайсысының айқын мақсатын көрсететiн елдiң негiзгi даму бағыттарын көрсетедi. Сыныптамалық коды 2 белгiден тұрады.
      15. Мемлекеттiк басқару органдары орындайтын функцияларға байланысты бюджет шығыстары мынадай функционалдық топтар бойынша сыныпталады:
      01 - Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер;
      02 - Қорғаныс;
      03 - Қоғамдық тәртiп, қауiпсiздiк, құқық, сот, қылмыстық-атқару қызметi;
      04 - Бiлiм беру;
      05 - Денсаулық сақтау;
      06 - Әлеуметтік көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру;
      07 - Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық;
      08 - Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiк;
      09 - Отын-энергетикалық кешен және жер қойнауын пайдалану;
      10 - Ауыл, cу, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары;
      11 - Өнеркәсiп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi;
      12 - Көлiк және коммуникациялар;
      13 - Өзгелерi;
      14 - Борышқа қызмет көрсету;
      15 - Трансферттер;
      16 - Қарыздарды өтеу.
      16. Функционалдық ішкi топ (бұдан әрі - ішкі функция) ел дамуының әрбiр стратегиялық басымдығы жөнiндегi мiндеттер тобын функционалдық топ iшiнде нақтылайды. Сыныптамалық коды 1 белгiден тұрады.
      17. Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi оларға жүктелген функциялар мен өкiлеттiктерге сәйкес айқындалады.
      Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi - бюджеттiк бағдарламаларды жоспарлауға, негiздеуге және iске асыруға жауапты мемлекеттік орган.
      18. Бюджеттік бағдарламалардың әрбiр әкiмшiсiне өзiнiң жеке сыныптамалық коды берiледi, коды 3 белгiден тұрады.
      19. Жергілiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетін жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың үлгілiк құрылымына негiзделе отырып, айқындалады.
      20. Бюджеттік бағдарлама мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында айқындалған стратегиялық бағыттармен, мақсаттармен, міндеттермен, нәтижелер көрсеткіштерімен өзара байланысты, нәтиже көрсеткіштері мен бюджет шығыстарын қаржыландыру көлемі бар бюджет шығыстарының бағыттарын айқындайды. Сыныптамалық коды 3 белгiден тұрады.
      21. Атаулары бірдей бюджеттік бағдарламалар, соның ішінде бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды орындау кезінде пайдаланылатындар мен бюджеттік бағдарламалардың бірнеше әкімшілеріне бекітілгендердің де кодтары біреу және 100-ден бастап 199-ға дейінгі кодтар бойынша сыныпталады.
      22. Шығыстардың функционалдық сыныптамасына кодтар тағайындау функционалдық топтың, функционалдық iшкi топтың, бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiнiң, бюджеттік бағдарлама мен кішi бағдарламаның кодтарынан қалыптасатын 12 белгілi код шығыстардың барлық функционалдық сыныптамасында жалғыз болатындай жүзеге асырылады.
      23. Бюджеттік бағдарлама нәтижелердің бюджеттік бағдарламаларға арналған көрсеткіштер бюджеттік ішкі бағдарламаларға да қолданылатын шарт кезінде бюджет қаражатын жұмсаудың бағыттарын нақтылайтын ішкі бағдарламаларға бөлінуі мумкін.
      Бюджеттік кiшi бағдарлама бюджеттiк бағдарлама шеңберiндегi бюджет шығыстарының нақты бағыттарын ашады.
      Бюджеттiк бағдарламаларда 001-ден 999-ға дейiнгі сыныптамалық код болады. Бiрнеше әкiмшiлерiне бекiтілген, аттас бюджеттiк бағдарламалар 100-ден 199-ға дейін жiктеледi.
      Бюджеттік кiшi бағдарламаларда 001-ден 999-ғa дейiнгі сыныптамалық код болады. Бірнеше әкiмшiлерге бекiтiлген аттас бюджеттік кiшi бағдарламалар 001-ден 099 аралығындағы кодтар бойынша жiктеледi.
      24. Егер бағдарлама кiші бағдарламаларға бөлінбесе, олардың орнына 000 сыныптамалық коды көрсетіледi.
      25. Бюджеттік бағдарламалар мазмұнына байланысты, мемлекеттік басқару деңгейіне қарай, іске асыру тәсіліне қарай, біртұтас бюджеттік сыныптаманың құрамында тиісті белгі (код) беріле отырып, ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға және дамудың бюджеттік бағдарламаларына бөліну мүмкін.
      1) Бюджеттік бағдарламалар мазмұнына байланысты мыналарға бағытталған бағдарламаларға бөлінеді:
      мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыру және олардан шығатын мемлекеттік қызметтерді көрсету;
      трансферттер мен бюджеттік субсидиялар беру;
      бюджет кредиттерін беру;
      бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру;
      күрделі шығыстарды жүзеге асыру;
      мемлекеттік міндеттемелерін орындау.
      2) Мемлекеттік басқару деңгейіне қарай бюджеттік бағдарламалар:
      республикалық бюджеттің құрамында бекітілетін республикалық бағдарламалар;
      облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің құрамында бекітілетін облыстық, республикалық маңызы бар қала, астана бағдарламалары;
      аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің құрамында бекітілетін аудандық (қалалық) бағдарламалар;
      республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің құрамында бекітілетін қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің бюджеттік бағдарламалары болып бөлінеді.
      Облыстық, республикалық маңызы бар қала, астана, аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалар, сондай-ақ қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің бюджеттік бағдарламалары жергілікті бюджеттік бағдарламалар болып табылады.
      3) Іске асыру тәсіліне қарай бюджеттік бағдарламалар:
      бір әкімші іске асыратын жеке бюджеттік бағдарламалар;
      белгілі бір бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының құрамында бекітілетін және бюджеттік бағдарламалардың түрлі әкімшілері арасында ағымдағы қаржы жылы ішінде бөлінуге тиіс бөлінетін бюджеттік бағдарламалар болып бөлінеді.
      Мұндай бюджеттік бағдарламаларды бөлу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
      4) Бюджеттік бағдарламалар бірыңғай бюджеттік сыныптаманың құрамында тиісті белгі (код) тағайындала отырып, ағымдағы бюджеттік бағдарламалар және бюджеттік даму бағдарламалары болып бөлінеді.
      Бюджеттік даму бағдарламаларына бюджеттің бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған шығыстары жатады. Бюджеттің қалған шығыстары ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға жатады.
      26. Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес құрылым бойынша жасалады.
      27. Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы негізінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін және бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды) топтастыру арқылы жасалатын бюджет шығыстарының ведомстволық сыныптамасы қалыптастырылуы мүмкін.

4-тарау. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы

      28. Бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру үшін мемлекеттік мекемелер жүзеге асыратын операцияларды бейнелейтін экономикалық сипаттамалар бойынша бюджет шығыстарын топтастыру бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы болып табылады.
      29. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын топтастыру мыналардан тұрады:
      шығыстарды экономикалық белгілерi бойынша топтастыратын санаттар. Сыныптамалық коды 1 белгіден тұрады;
      шығыстарды мемлекеттік мекемелер жүргiзетiн операциялардың негізгі түрлері бойынша топтастыратын сыныптар. Сыныптамалық коды 1 белгiден тұрады;
      шығыстарды мемлекеттік мекемелер жүргiзетiн операциялардың негiзгi түрлері бойынша барынша егжей-тегжейлi топтастыратын iшкi сыныптар. Сыныптамалық коды 3 белгiден тұрады;
      бюджеттiк бағдарламаны iске асыру үшін мемлекеттік мекеме жүргізетін операцияның түрін айқындайтын ерекшеліктер. Сыныптамалық коды 3 белгіден тұрады.
      30. Ерекшеліктердiң сыныптамалық кодтары шығыстардың экономикалық сыныптамасының жоғары тұрған деңгейлерiнiң сыныптамалық кодтарынан бөлек қолданыла алады және әртүрлі санаттарда, сыныптарда, iшкі сыныптарда қайталанбауға тиіс.
      31. Экономикалық сыныптама мынадай санаттардан тұрады:
      ағымдағы шығындар - мемлекеттік мекемелердің өз функцияларын жүзеге асыруға байланысты шығындары;
      күрделi шығындар - негiзгi капиталды құруға, қалпына келтіруге немесе сатып алуға байланысты шығындар;
      бюджеттік кредиттер - қайтарымды, мерзімді және ақылы негізде бюджеттен бөлiнетiн ақша;
      қаржы активтерiн сатып алу - мемлекеттiк меншiкке заңды тұлғалардың, оның ішінде, халықаралық ұйымдардың қатысу үлестерiн, бағалы қағаздарын сатып алу жөнiндегi операциялармен байланысты шығыстар;
      қарыздарды өтеу - қарыздар бойынша негізгi борышты өтеуге жұмсалатын шығыстар.
      32. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес құрылым бойынша жасалады.
      33. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының негізiнде мемелекеттік жоспарлау жөнiндегі орталық уәкiлеттi орган осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес ерекшелiктердiң анықтамасы мен ерекшелiктер бойынша шығындардың тiзбесi көрсетiлетiн бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінiң құрылымын жасайды және бекiтедi.

2-бөлiм. Бюджеттiк сыныптаманы жасау, бекiту және
оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi 5-тарау. Бюджеттік сыныптаманы жасау, бекiту және
оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбі

      34. Мемлекеттік басқару органдарының Бюджеттiк сыныптамаға өзгерiстер мен (немесе) толықтырулар енгiзу жөнiндегi нормативтiк негізделген тиiстi ұсыныстары бюджеттi жоспарлау процесiнде, сондай-ақ Бюджеттiк сыныптамаға өзгерiстер немесе толықтырулар енгізудi болжайтын нормативтiк құқықтық акт қабылданған жағдайда бюджеттi атқару барысында мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлетті органға енгізiледi.
      35. Бюджеттік сыныптаманың жобасына алдағы қаржы жылына арналған бюджет жобасын жоспарлау үшiн қажеттi өзгерiстер мен (немесе) толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар ағымдағы жылдың 15 сәуріне дейiн енгізiледi.
      36. Алдағы қаржы жылына арналған Бюджеттiк сыныптама жобасын мемлекеттік жоспарлау жөнiндегі орталық уәкiлетті орган ағымдағы жылдың 15 мамырына дейiн республикалық және жергiлiктi бюджеттердi қалыптастыру үшiн орталық мемлекеттік және жергiлiктi атқарушы органдарға жiбередi.
      37. Тиiстi бюджет деңгейлерiнен қолданыстағы сыныптамалық кодтар алынып тасталған жағдайда, Бюджеттiк сыныптаманы жасау кезiнде олардың қолданылуының аяқталу күнi көрсетiледi.
      38. Бюджеттік сыныптама жоспарланатынның алдыңғы жылдың 10 желтоқсанына дейін алдағы жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңы қабылданғаннан кейін бекітіледі.

6-тарау. Бюджет түсімдерінің сыныптамасын жасау және
оған өзгерістер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi

      39. Бюджеттiк сыныптамада түсiмдердiң жаңа түрлерiн енгізу, қолданыстағыларды алып тастау немесе өзгерту бюджет түсiмдерiнiң тиiстi түрлерiн регламенттейтiн нормативтiк құқықтық актілердің негізiнде жүргiзiледi.
      Бұл ретте, нормативтiк құқықтық актіні әзiрлеуге жауапты орган ол бекiтiлгеннен кейiн мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға бюджет түсiмдерiнiң жаңа түрлерiн енгізу туралы, қолданыстағыларды алып тастау немесе өзгерту туралы ұсыныс енгiзедi.
      40. Мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган мемлекеттiк басқару органдарының бюджет түсiмдерiнiң жаңа түрлерiн енгізу туралы, қолданыстағыларды алып тастау немесе өзгерту туралы тиiсті ұсыныстарының қолданыстағы нормативтiк құқықтық актілердің нормаларына, сондай-ақ осы Ережеде көрсетiлген талаптарға сәйкестігін қарайды.
      Мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган бұл ұсыныстардан негiздi түрде бас тартады не белгiленген тәртiппен Бюджеттiк сыныптамаға өзгерiстер мен (немесе) толықтырулар енгізу туралы бұйрық жобасын әзiрлейдi.

7-тарау. Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасын
жасау және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

      41. Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың жаңа әкiмшілерiн енгізу, қолданыстағыларын алып тастау немесе өзгерту орталық мемлекеттiк орган құрылған, таратылған, қайта ұйымдастырылған, сондай-ақ қажет болған кезде олардың функциялары өзгерген жағдайда жүзеге асырылады.
      42. Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың жаңа әкiмшілерiн енгізу, қолданыстағыларын алып тастау немесе өзгерту жергілiктi мемлекеттiк басқарудың үлгiлiк құрылымы және (немесе) облыстардың, Алматы, Астана қалалары әкiмдерiнің Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқарудың үлгі құрылымында көзделген, құрылымдық бөлімшелерді қосу, біріктіру туралы қабылдаған шешімдері өзгертілген жағдайда жүзеге асырылады.
       Ескерту. 42-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009.01.24 N 5-п Бұйрығымен.
      43. Бюджеттiк сыныптамада жаңа бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) енгізу, қолданыстағыларын алып тастау немесе өзгерту бюджет шығыстарының тиiстi түрлерiн регламенттейтiн нормативтiк құқықтық актілер негізiнде жүргізiледi.
      44. Жергiлiктi атқарушы органдар жаңа жергiлiктi бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) енгізу туралы, қолданыстағыларын алып тастау немесе өзгерту туралы ұсыныстарды тиiстi орталық салалық мемлекеттiк органдарға жiбередi, олар бұл ұсыныстардың қолданыстағы нормативтiк құқықтық актілерге сәйкестiгi, өкiлеттiктердi мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасында тарату мәнiне қарайды.
      Сәйкес келмеген жағдайда орталық салалық мемлекеттiк органдар жергілiктi атқарушы органдарға Бюджеттiк сыныптамаға өзгерiстер мен (немесе) толықтырулар енгізуден негiзделген бас тартуды қалыптастырады.
      Сәйкес келген жағдайда орталық салалық мемлекеттiк органдар жергiлiктi атқарушы органдар ұсыныстарының жиынтық тiзбесiн жасайды және өздерiнiң қорытындыларымен бiрге бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға жiбередi.
      45. Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган орталық салалық мемлекеттiк органдардың жаңа республикалық және/немесе жергілiктi бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) енгiзу туралы, қолданыстағыларын алып тастау немесе өзгерту туралы ұсыныстарының олардың мақсаттары мен мiндеттерiне сәйкестiгiн, нормативтiк құқықтық негiздемесiнiң болуын, сондай-ақ осы Ережеде көрсетiлген талаптарға сәйкестiгiн қарайды.
      Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган бұл ұсыныстардан негiздi түрде бас тартады не белгіленген тәртiппен Бюджеттiк сыныптамаға өзгерiстер мен/немесе толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының жобасын әзiрлейдi.
      46. Тек бюджет нақтыланған немесе түзетiлген кезде жаңа ағымдағы қаржы жылы бюджетiнiң атқарылуы барысында жаңа бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) енгiзуге, қолданыстағыларын алып тастауға немесе өзгертуге болады.

8-тарау. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын
жасау және оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбі

      47. Шығыстардың экономикалық сыныптамасының жаңа ерекшелiгiн енгiзу, қолданыстағыларын алып тастау немесе өзгерту бюджет шығыстарының тиiсті түрлерiн регламенттейтiн нормативтiк құқықтық актілер негiзiнде, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың ұсыныстары ескерiле отырып жүргiзiледi.
      48. Бюджеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган мемлекеттiк органдардың шығыстардың экономикалық сыныптамасының жаңа ерекшелiгiн енгiзу туралы, қолданыстағыларын алып тастау немесе өзгерту туралы тиiстi ұсыныстарының қолданыстағы нормативтiк құқықтық актілердің нормаларына, сондай-ақ осы Ережеде көрсетiлген талаптарға сәйкестiгiн қарайды.
      49. Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Бюджеттiк сыныптама бекiтiлгеннен кейiнгi бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы негiзiнде бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелiгiнiң құрылымын жасайды және бекiтедi.

9 тарау. Бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу тәртібі (кіші
бағдармаларды) және олардың мазмұнына қойылатын талаптар

      50. Бюджеттік бағдарламаларды бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі әзірлейді және ол мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының құрамында бекітіледі.
      51. Бюджеттік бағдарламалар стратегиялық жоспарда қалыптасқан мақсаттар мен міндеттемелерді шешу үшін қажеттілік пен жеткіліктілік принциптеріне негізделе отырып әзірленеді.
      Бюджеттік бағдарламалар өзінің мазмұны бойынша біртекті мемлекеттік функциалар, өкілеттіктер және мемлекеттік қызметтер көрсетуге немесе бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қызметінің бағыттарына топталуы тиіс.
      52. Бюджеттік бағдарламада оны іске асыруды бағалау үшін тікелей және түпкілікті нәтижелердің көрсеткіштері болуы тиіс, сондай-ақ бюджеттік бағдарламада сапа мен тиімділік көрсеткіштерінің болуы мүмкін.
      Сапа көрсеткіштері көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің оны алушылардың талабына сәйкестігі деңгейін көрсетеді.
      Тиімділік көрсеткіштері мемлекеттік қызмет көрсету бірлігінің құнын немесе мемлекеттік қызмет көрсету құнына салымдардың бірлігіне арналған бюджетке түсетін түсімдердің көлемін көрсетеді.
      53. Бюджеттік бағдарлама Ереженің 23-тармағында көрсетілген жағдайларда кіші бағдарламаларға бөліне алады.
      54. Бюджеттік бағдарламалардың атауында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің мазмұны немесе мемлекеттік орган қызметінің бағыты көрінуі тиіс.
      Мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалардың құнына және солардан туындайтын мемлекеттік қызметтер көрсетулерге соларға байланысты барлық ағымдағы шығыстар кіреді.
      Мемлекеттік қызмет көрсетуге бағытталған бюджеттік бағдарламаның құнын анықтаған кезде мемлекеттік қызметтердің бекітілген стандарттары пайдаланады.
      55. Трансферттер мен бюджеттік субсидиялар беруге бағытталған бюджеттік бағдарламаларға:
      1) бюджеттер деңгейлері арасындағы трансферттер;
      2) мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне ақшалай төлемдерден басқа, жеке тұлғаларға арналған трансферттер;
      3) жеке және заңды тұлғаларға арналған бюджеттік субсидиялар жатады.
      Бюджет субвенциялары мен бюджеттік алып қоюлар жалпы сипаттағы трансферттер болып табылады.
      Жоғары тұрған бюджеттердің төмен тұрған бюджеттерге жекелеген ағымдағы бюджеттік бағдарламаларды іске асыру үшін республикалық немесе жергілікті бюджеттерде бекітілген сома шегінде беретін, жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу кезінде ескерілмейтін трансферттері ағымдағы нысаналы трансферттер болып табылады.
      Жалпы сипаттағы трансферттердің үш жылдық көлемі қолданылған кезде мемлекеттік органдар функцияларын мемлекеттік басқарудың төменгі деңгейінен жоғары тұрған деңгейіне беруге байланысты жоғары тұрған бюджет шығыстарының ұлғаюына алып келетін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін қабылдаған кезде жоғарғы тұрған бюджеттердің ысырабы төменгі тұрған бюджеттен жоғары тұрған бюджетке нысаналы ағымдағы трансферттер есебінен өтеледі
      Жоғары тұрған бюджеттер:
      1) Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттары негізінде жергілікті атқарушы органдар ұсынатын жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру;
      2) мемлекеттік басқарудың төмен тұрған органдарының мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарының құзыретіне жататын, экономикалық пайда алуға немесе әлеуметтік-экономикалық тиімділікке қол жеткізуге бағытталған Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын іске асыруға арналған іс-шараларды орындауы үшін республикалық немесе жергілікті бюджеттерде бекітілген сома шегінде төмен тұрған бюджеттерге беретін трансферттер дамуға арналған нысаналы трансферттер болып табылады.
      Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларды жоғарғы тұрған бюджеттен дамуға нысаналы трансферттер және оларды жергілікті бюджеттен тең қаржыландыру есебінен іске асырған кезде жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар іске асырылатын бюджеттік бағдарлама қаржыландыру көздері нақтыланатын кіші бағдарламаларға бөлінеді.
      Трансферттер мен бюджеттік субсидиялар беруге бағытталған бюджеттік бағдарламалардың атауы трансферттер немесе субсидиялар арқылы жүзеге асырылатын шығыстардың бағыттарын көрсетуі тиіс.
      56. Бюджеттік кредиттер беруге бағытталған бюджеттік бағдарламаларға:
      1) бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға;
      2) мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыруға;
      3) мемлекет жүз процент қатысатын немесе акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы компанияға тиесілі қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруына;
      4) төмен тұрған бюджеттердің қолма-қол ақшаның тапшылығын жабуға бағытталады.
      57. Бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға:
      бюджеттік инвестициялар бюджеттік инвестициялық жобаларды;
      концессиялық жобаларды бюджеттен қоса қаржыландыру шартында іске асыру арқылы;
      жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың қалыптастыру (толықтыру)
      58. Күрделі шығыстарды жүзеге асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға:
      Күрделі шығыстарға материалдық-техникалық базаны құруға немесе нығайтуға, шығыстардың экономикалық сыныптамасына сәйкес күрделі (қалпына келтіру) жөндеу жүргізуге, және бюджеттік инвестициялардан басқа өзге де күрделі шығыстарға бағытталған шығыстар жатады.
      59. Мемлекеттің міндеттемелерін орындауға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға:
      уақыттың белгілі бір кезеңіндегі сыйақының, комиссиялық алымдардың, айыппұлдардың және қарыз алу шарттарынан туындайтын өзге де төлемдердің жиынтық төлемдері, хеджирлеу мәмілелері бойынша төлемдер;
      қарыз алушының алған қарыз сомасын қарыз шартында белгіленген тәртіппен қайтаруы, қарыз шартынан туындайтын басқа да міндеттемелерді орындауы;
      халықаралық ұйымдарға үлестік жарналар;
      мемлекеттік кепілдіктер мен кепілгерліктер бойынша міндеттемелерді орындау;
      мемлекеттің белгіленген тәртіппен ратификацияланған келісімдерден, немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінен немесе соттар шешімдерінен туындайтын басқа да міндеттемелері жатады.

Қазақстан Республикасының   
Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын
жасау ережесіне 1-қосымша   

Бюджет түсімдерінің сыныптамасы

_____________________________________________________________

      Санаты
      | Сыныбы
      | |Ішкі сыныбы
      | | |Ерекшелігі
      | | | |Қолданылуының аяқталатын күні
      | | | | Атауы
_____________________________________________________________

     0
      00
        0
         00
_____________________________________________________________

Қазақстан Республикасының   
Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын
жасау ережесіне 2-қосымша   

Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы

_____________________________________________________________
      Функционалдық топ
      | Ішкі функция
      | | Бағдарламалардың әкімшісі
      | | |Бағдарлама
      | | | |Кіші бағдарлама
      | | | | |Қолданылуының аяқталатын күні
      | | | | | |Атауы
_____________________________________________________________
    00
      0
       000
          000
             000
_____________________________________________________________

Қазақстан Республикасының   
Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын
жасау ережесіне 3-қосымша   

Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы

____________________________________________________________
      Санаты
      | Сыныбы
      | | Ішкі сыныбы
      | | | Ерекшелігі
      | | | | Қолданылуының аяқталатын күні
      | | | | |Атауы
____________________________________________________________
     0
      0
       000
          000
____________________________________________________________

Қазақстан Республикасының   
Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын
жасау ережесіне 4-қосымша   

Қазақстан Республикасы бюджет шығыстарының экономикалық
сыныптамасы ерекшелігінің құрылымы

_____________________________________________________________
Кіші сыныбы | Ерекшелігі | Атауы | Анықтамасы | Шығындар тізбесі
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады