"Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Агенттігі бақылау департаменттері мен кедендерінде "Web-декларант" электронды декларациялау кешенін пайдалануға енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Кедендік бақылау Агенттігі төрағасының 2004 жылғы 15 қыркүйектегі N 385 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 09 қаңтардағы N 6 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 10 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5544 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 321 бұйрығымен

      Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 22.05.2015 № 321 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 424 426-баптарына сәйкес бағдарламалық өнімді өзектендіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН :
      1. Қазақстан Республикасының Вице-министрі Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2005 жылғы 5 қыркүйектегі N 339 бұйрығымен өзгерістер енгізілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 30 қыркүйекте N 3864 болып тіркелген, "Официальная газета" газетінде 2005 жылғы 22 желтоқсанда N 239 (973) жарияланған) "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Кедендік бақылау Агенттігі Кедендік бақылау департаменттері мен кедендерінде "Web-декларант" электронды декларациялау кешенін пайдалануға енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау Агенттігі төрағасының 2004 жылғы 15 қыркүйектегі N 385 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 18 қыркүйекте N 3071 болып тіркелген, "Официальная газета" газетінде 2004 жылғы 23 қазанда N 43 (200) жарияланған, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2004 ж., N 41-44, 1036-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      2 тармақта: "web-сайтта" деген сөздерден кейін "және web порталда" деген сөздермен толықтырылсын.
      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кеден құжаттарының электронды көшірмелерін қалыптастыру үшін "Web-декларант" электронды декларациялау бағдармалық кешенін пайдалану ережесінде (бұдан әрі - Ереже):
      3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. "Web-декларант" электронды декларациялаудың бағдарламалы кешені жеке қажеттілік үшін тек қана кедендік құжаттардың электрондық көшірмелерін қалыптастыру үшін көзделген және брокерлік компаниялар пайдалану үшін көзделмеген.
      4. "Web-декларант" электронды декларациялау кешенінен тыс кеден құжаттарының электронды көшірмелерін қалыптастыратын тіркелген пайдаланушылар үшін кедендік ресімдеу үшін кеден органдарында кедендік құжаттардың электронды көшірмелерін жеткізу үшін сыртқы модуль ұсынылады.
      5. Кеден құжаттарының электронды көшірмелерін қалыптастыру және жіберу үшін "Web-декларант" электронды декларациялаудың бағдарламалы кешенін пайдалану ерікті болып табылады.";
      7-тармақта:
      "қалыптастырады" деген сөз "қалыптастыруға мүмкіндік береді" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8-тармақта:
      ""Web-декларант" электронды декларациялаудың бағдарламалы кешенінде" деген сөздер "не жеткізудің сыртқы модульінің көмегі кезінде" деген сөздермен толықтырылсын;      
      9-тармақта "қалыптастырылғаннан кейін" деген сөздер "жіберу кезінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      10-тармақта "сәйкес еместігінде" деген сөздерден кейін "қалыптастырылған кедендік құжаттарының электронды көшірмелерде" деген сөздермен толықтырылсын;
      11-тармақта:
      "аяқтау" деген сөз "сәтті өту" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "бірегей нөмір" деген сөздерден кейін "және ол жеткізу серверіндегі деректер базасында сақталады" деген сөздермен толықтырылсын;
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Кеден құжаттарының тұрақты көшірмелерін қалыптастыру не электронды декларациялау кешені құралдарымен (егер электронды көшірме кешенді көмегі кезінде қалыптасса) не кеден құжаттарын жеткізу модульі көмегі кезінде жөнелтілгендердің электронды көшірмелері қалыптасқан бағдарламалық қамтамасыз ету құралымен орындалады.";
      15-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Бұл ретте, тауарды декларациялаушы тұлға кеден құжаттарының жөнелтілген электронды көшірмелер жүйесі берген бірегей нөмірін кеден органының лауазымды адамына хабарлауға тиіс";
      16-тармақта: "қызметкер" деген сөз "лауазымды адам" деген сөздермен ауыстырылсын.
      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Web-декларант" электронды декларациялаудың бағдарламалы кешенінің" жеткізу моделін пайдалануға қол жеткізуді алу мақсатында, кедендік құжаттардың электронды көшірмелерін қалыптастыруға растаулары бар тұлғалар кеден органдарына белгіленген нысаны бойынша ресімделінген өтінішті ұсынады. Жеткізу модулі кешенінің негізгі парағынан алынады.";
      27 және 29-тармақтарда:
      "Web-декларант" деген сөздерден кейін "не жеткізу модуліне" деген сөздермен толықтырылсын;
      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Web-декларант" электронды декларациялаудың бағдарламалы кешеніне қатысты барлық өзгерістер туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті өзінің Web-сайтында" және Web порталында, сондай-ақ "Web-декларант" электронды декларациялау кешенінің өзіндегі жаңалықтар бөлігінде орналастырады.".
      Ережеге 1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышында "қалыптастыру" деген сөздер "жеткізу" деген сөзбен ауыстырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті (Қ-К.Ж Кәрбозов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануы жөніндегі шараларды қабылдасын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Қ-К.Ж Кәрбозовқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өтуі бойынша қолданысқа енеді.

       Қаржы министрі                                 Б.Жәмішев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады