Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімдерін салық органына тапсыру туралы хабарламаның нысанын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы N 39 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 20 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5558 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 19 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 14.01.2015 № 19 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесiне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімдерін салық органына тапсыру туралы хабарламаның.
      2. Келесілердің күші жойылды деп танылсын:
      1) "Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімдерін салық органына ұсыну туралы хабарлама мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өтеу есебіне қолма-қол ақшаны алу туралы акті нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2005 жылғы 29 маусымдағы № 289 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3738 болып тіркелген, "Юридическая газета" газетінде 2005 жылғы 5 тамызда № 143 (877), 2005 жылғы 22 қыркүйекте № 174 (908) жарияланған);
      2) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының кейбір бұйрықтарына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2007 жылғы 7 мамырдағы № 281 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4679 болып тіркелген, "Юридическая газета" 2007 жылғы 15 маусымда № 90 (1293), "Официальная газета" 2007 жылғы 23 маусымда № 25 (339) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ерғожин Д.Е.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді және 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындайтын қатынастарға таратылады.

      Министр                                    Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің   
2009 жылғы 30 қаңтардағы
№ 39 бұйрығымен бекітілген

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімдерін салық органына тапсыру туралы хабарлама

20__ж. "___"_________                                       № _____

      "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережелеріне сәйкес _____________________________

____________________________________________________________________
                       (салық органының атауы)
Сізді ______________________________________________________________
                  (төлеушiнiң аты-жөні, атауы, СТН,
____________________________________________________________________
сәйкестендіру нөмірі (БСН/ЖСН) (бар болған жағдайда), мекен жайы)

20 ___жылғы "____"__________ жағдай бойынша

                                                        теңге

Әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегінің барлығы

Негізгі төлемнің сомасы

Өсімақы сомасы




мөлшеріндегі Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша берешектің бар екендігі туралы хабарлайды.
      Осыған байланысты осы хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Сізге __________________________________________________
                            (салық органының атауы)
____________________________________________________________________
әлеуметтік аударымдары жүргізіліп жатқан міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімін тапсыру қажет.
      Әлеуметтік аударымдары жүргізіліп жат қ ан міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімі тапсырылмаған жағдайда ____________________________________________________________________
                        (салық органының атауы)
____________________________________________________ төлеушінің банк шоттарына шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарады.
      Банк шоттары болмаған немесе банк шоттарындағы ақшалардың жеткіліксіз болған жағдайда _______________________________________
                                     (салық органының атауы)
касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.
      Бұл ретте Сізге "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабында белгіленген тәртіпте және шарттарда өсімақы есептеледі.
      Салық қызметі органдарының және олардың лауазымды тұлғаларының заңды талаптары орындалмаған жағдайда, Сізге Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жазаға тарту шаралары қолданылады.
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Сіз салық қызметі органдарының лауазымды тұлғалары әрекетін (әрекетсіздігін) салық қызметінің жоғары тұрған органына немесе сот қашағымдануға құқлысыз.

Салық органының Басшысы
(Басшысының орынбасары) ____________________________________________
                                    (аты-жөні, қолы, мөрі)
Хабарламаны алдым __________________________________________________
                     (төлеушінің аты-жөні, атауы, қолы, мөрі, күні)
Хабарлама салық төлеушіге
(салық агентіне) тапсырылды ________________________________________
                            (салық органы лауазымды тұлғасының
                                      аты-жөні, қолы, күні)
Хабарлама салық төлеушіге
жіберілді __________________________________________________________
                (жіберу және алу фактісі туралы растаушы құжат)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады