Телекоммуникация желілері мен құралдарының бүлінуінен келтірілген шығындарды анықтау ережесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және Байланыс Агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 10 ақпандағы N 59 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 18 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5599 болып енгізілді.

      "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 69) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 30.07.2024 № 452/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса берілген Телекоммуникация желілері мен құралдарының бүлінуінен келтірілген шығындарды анықтау ережесі бекітілсін.

      2. Байланыс операторлары телекоммуникация желілері мен құралдары бүлінуінен (ұрлануынан) келтірілген шығындарды анықтау әдістемесін әзірлесін.

      3. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Байланыс департаменті (А.Е. Баймұратов) заңнамамен белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары А.Д.Бишіғаевқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Төраға

Қ. Есекеев

      КЕЛІСІЛГЕН:

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік

      комитетінің төрағасы

      __________А.С. Шабдарбаев

      9 ақпан 2009 ж.



  Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру
және байланыс агенттігі төрағасының
2009 жылғы 10 ақпандағы
N 59 бұйрығымен бекітілген

Телекоммуникация желілері мен құралдарының бүлінуінен келтірілген шығындарды анықтау ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 16.11.2020 № 424/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Телекоммуникация желілері мен құралдарының бүлінуінен келтірілген шығындарды анықтау ережесі (бұдан әрі – Ереже) "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 69) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 30.07.2024 № 452/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Ереже телекоммуникация желілері мен құралдарының бүлінуінен келтірілген шығындарды анықтау тәртібін белгілейді.

      3. Ереже әрекеттері байланыс операторының телекоммуникация желілері мен құралдарының бүлінуіне әкеп соққан барлық заңды және жеке тұлғаларға қолданылады.

      4. Осы Ережеде мынадай түсініктер пайдаланылады:

      1) уәкілетті орган - байланыс саласында мемлекеттік саясатты, мемлекеттік бақылауды және байланыс саласында қызметтерді ұсынатын және оларды пайдаланатын тұлғалардың қызметтерін үйлестіруді және реттеуді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы Үкіметімен анықталатын орталық атқарушы орган;

      2) байланыс операторы – байланыс қызметтерін көрсететін және (немесе) байланыс желілерін пайдаланатын, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген жеке немесе заңды тұлға;

      3) телекоммуникация желілері мен құралдарының бүлінуі – белгіленген техникалық өлшемдерге сәйкес келмейтін, белгіленген сапа өлшемдерін сақтаумен, байланыс операторына телекоммуникация қызметтерін көрсету мүмкіндігінің болмауын қоса, телекоммуникация желілері мен құралдарының жай-күйі;

      4) телекоммуникация желісі – коммутациялық жабдықтан (станциялардан, кіші станциялардан, концентраторлардан), жол-кәбілдік құрылыстардан (абоненттік жолдардан, жалғау жолдары мен байланыс арналарынан), беру жүйелері мен абоненттік құрылғылардан тұратын, телекоммуникация хабарларының берілуін қамтамасыз ететін телекоммуникация құралдары мен байланыс жолдарының жиынтығы;

      5) телекоммуникация құралдары (байланыс құралдары) - электромагниттік немесе оптикалық сигналдарды қалыптастыруға, беруге, қабылдауға, сақтауға, өңдеуге, коммутациялауға немесе оларды басқаруға мүмкіндік беретін техникалық құрылғылар, жабдықтар, жүйелер және бағдарламалық құралдар.

      Осы Ережедегі қолданылатын терминдер мен басқа да түсініктер Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес қолданылады.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 16.11.2020 № 424/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Телекоммуникация желілері мен құралдарының бұзылуы фактісін анықтау тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 16.11.2020 № 424/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Заңды немесе жеке тұлғалар тарапынан телекоммуникация құралдары мен желілері бұзылған (ұрланған) жағдайда, уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің өкілі қарауында бүлінген телекоммуникация желілері мен құралдары бар байланыс операторы өкілімен бірлесіп, осы бүлінуді жасаған тұлғаларды анықтау жөнінде қызметтік тексеру жүргізеді, және бүлінуге кінәлі жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкілінің қатысуымен телекоммуникация желілері мен құралдарының бүлінгендігі туралы акт жасайды. Актіде мыналар көрсетіледі:

      1) актінің толтырылған орны және уақыты;

      2) жеке тұлға үшін – кінәлінің фамилиясы немесе жеке тұлғаның фамилиясы мен тұрғылықты орны, оқиғаның сипаты, орны және уақыты;

      2-1) байланыс операторының атауы және оның пошталық адресі;";

      бүлінген (ұрланған) телекоммуникация желілері мен құралдарының иесі туралы мәліметтер;

      3) заңды тұлға үшін – заңды тұлғаның атауы, заңды мекен-жайы, оқиғаның сипаты, орны және уақыты;

      4) актіні толтырған адамның қолы.

      Сонымен қатар егер жедел апатты қалпына келтіру жұмыстарын талап ететін телекоммуникация желілері мен құралдарының бүлінуі (ұрлануы) жұмыс уақытынан тыс кезде, түнгі уақытта, демалыс күндері, мереке күндері болса, онда байланыс операторы бүлінген жерді фотосуретке түсіреді, сондай-ақ бүлінген жерді және телекоммуникация желілері мен құралдары бүлінуінің (ұрлануының) сипатын анықтауын визуалды сәйкестендіретін жақын орналасқан объектілер (құрылыс ғимарат, үй Фотосуреттер және бүлінгеннің (ұрланғанның) сипатын анықтауы уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесіне жіберіледі.

      Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі ұсынған материалдар негізінде телекоммуникация желілері мен құралдарының бүлінгендігі (ұрланғандығы) туралы акт жасайды және оған тиісті фотосуреттерді қосады.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының 20.11.2009 N 470(ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      6. Телекоммуникация желілері мен құралдарын бүлдірген (ұрланған) адамды анықтау мақсатында Байланыс операторлары құқық қорғау орындарына өтініш білдірген жағдайда бүлінгендігі туралы акті қоса беріледі.

      7. Шығын көлемі байланыс операторымен телекоммуникация желілері мен құралдарының бүлінуінен (ұрлануынан) шығындарды анықтау әдістемесі негізінде, байланыс операторының бүлінген телекоммуникация желілері мен құралдарын қалпына келтіруге жасалған шығындарының сомасы және телекоммуникация желілері мен құралдарының тұрып қалуы нәтижесінде жоғалтқан тарифтік кіріс сомасы, сондай-ақ телекоммуникация желілері мен құралдарының бүлінуінен (ұрлануынан) зардап шеккен абоненттер мен өзге де жеке және заңды тұлғалардың тарапынан қойылған талаптар сомасы ретінде анықталады.

      8. Бүлінген телекоммуникация желілері мен құралдарын қалпына келтіруге шығындар (жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын орындауға наряд/шарт, материалдарды сатып алу туралы түбіртектер және т.с.с.) құжаттамалық расталады.

      9. Телекоммуникация желілері мен құралдарының бүлінуі кезеңіне алынбаған тарифтік табыс шығындар есептеу желі бүлінген сәтінде қолданылатын байланыс операторының қызметтеріне тарифтерді, бүліну ұзақтығын, тәулік бойы жүктемені таратудың біркелкі емес сипатын ескеретін, телекоммуникацияның желілері мен құралдарының орташа сағаттық жүктемесін есептеумен жүргізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады