"Телекоммуникация желілері мен құралдарының бүлінуінен келтірілген шығындарды анықтау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және Байланыс Агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 10 ақпандағы № 59 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № 424/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 20 қарашада № 21661 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Телекоммуникация желілері мен құралдарының бүлінуінен келтірілген шығындарды анықтау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және Байланыс Агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 10 ақпандағы № 59 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5599 болып тіркелген, 2009 жылғы 10 сәуірде "Юридическая газета" газетінде № 53 (1476) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Телекоммуникация желілері мен құралдарының бүлінуінен келтірілген шығындарды анықтау қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) байланыс операторы – байланыс қызметтерін көрсететін және (немесе) байланыс желілерін пайдаланатын, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген жеке немесе заңды тұлға;";

      4-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) телекоммуникация желісі – коммутациялық жабдықтан (станциялардан, кіші станциялардан, концентраторлардан), жол-кәбілдік құрылыстардан (абоненттік жолдардан, жалғау жолдары мен байланыс арналарынан), беру жүйелері мен абоненттік құрылғылардан тұратын, телекоммуникация хабарларының берілуін қамтамасыз ететін телекоммуникация құралдары мен байланыс жолдарының жиынтығы;";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Телекоммуникация желілері мен құралдарының бұзылуы фактісін анықтау тәртібі".

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат және инфрақұрылым департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады