"Педагог қызметкерлердің және оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының үлгі біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 12 ақпандағы N 61 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 20 наурыздағы N 128 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 2 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5615 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі N 338 Бұйрығымен.

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009.07.13 N 338 бұйрығымен .

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. " Педагог қызметкерлердің және оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының үлгі біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 12 ақпандағы N 61 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5168 болып тіркелген, 2009 жылғы 11 ақпанда N 21 Заң газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      аталған бұйрықпен бекітілген П едагог қызметкерлердің және оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының Үлгі Біліктілік сипаттамаларында:
      " 3. Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту, жалпы орта және қосымша білім беру жүйелерінің педагогика қызметкерлері лауазымдарының Үлгі Біліктілік сипаттамалары" деген бөлімде:
      барлық мәтін бойынша "арнаулы орта білім", "арнайы орта білім", "орта кәсіптік білім", "орта педагогикалық білім", "орта кәсіптік (музыкалық) білім", "орта педагогикалық немесе кәсіптік білім", "орта кәсіптік (музыкалық, музыкалық-педагогикалық) білім" деген сөздер "техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Барлық мамандықтардың оқытушылары" деген бөлімшеде:
      бесінші абзац " , бастауыш білім мұғалімдері үшін - жоғары педагогикалық білім немесе техникалық және кәсіптік білім (арнайы орта, кәсіптік орта)" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Қ.Қ. Бөрібеков) белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Жауапты хатшы Ф.Ш. Қуанғановқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Министр                                     Ж. Түймебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады