"Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 26 шілдедегі N 273 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 20 наурыздағы N 117 Бұйрық. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 3 сәуірдегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5622 болып енгізілді.

      "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 7) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткiзу ережесiн бекiту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 4354 болып тіркелген, 2006 жылғы 15 қыркүйектегі N 166 (1146) "Заң газеті" газетінде жарияланған)" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 26 шілдедегі N 273 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткiзу ережесінде:
      2-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) аттестаттау - Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясының (бұдан әрі - Комиссия) аудиторлыққа кандидаттардың бiлiмiн және дағдыларын Ереженің 6-тармағында көрсетiлген пәндер бойынша бiлiктiлiк емтихандар қабылдау арқылы анықтау рәсімі;";
      2) тармақшада "білімін тексеру" деген сөздер "білімін мен дағдыларын тексеру нысаны" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) тармақшада "аудит саласында тәжiрибелiк қызмет үшiн қажеттi аудиторлыққа кандидаттың бiлiмiн, дағдысы мен iскерлiгiн тексерудi ескере отырып" деген сөздер "аудиторлыққа кандидаттың аудиторлық қызмет саласында қажетті бiлiмін және дағдыларын тексеру үшін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақта "соңғы 5 (бес) жылдың" деген сөздер алынып тасталсын;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау Комиссия жыл сайынғы бекiтiлетiн жұмыс жоспарларына сәйкес әр 3 (үш) айда, жылына 4 (төрт) рет жүргiзiледi.";
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Аудиторлыққа кандидаттар мынадай пәндер бойынша емтихан тапсырады:
      бухгалтерлік есеп;
      қаржы және қаржы менеджменті;
      салық және салық салу;
      азаматтық құқық;
      банктік іс;
      сақтандыру және зейнетақы заңнамасы;
      аудит.
      Бухгалтерлік есеп және аудит саласында Associate Chartered Accountant (ASA), Certified Accountants (CA), Chartered Institute of Management Accountants (CIMA), Certified International Professional Accountant (CIPA), Certified Public Accountant (CPA), Institute of Financial Accountants (IFA), The Association of Chartered Certified Accountants (ACCA) Халықаралық сертификаттары бар аудиторлыққа кандидаттар, келесі пәндер бойынша емтихан тапсырады:
      салық және салық салу;
      азаматтық құқық;
      банктік іс;
      сақтандыру және зейнетақы заңнамасы.
      Chartered Finance Analyst (CFA), Certified Management Accountant (CMA), Diploma in the International Financial Reporting (DipIFR ACCA), International Association of Book-keepers (IAB) Халықаралық сертификаттары бар аудиторлыққа кандидаттар, келесі пәндер бойынша емтихан тапсырады:
      қаржы және қаржы менеджменті;
      салық және салық салу;
      азаматтық құқық;
      банктік іс;
      сақтандыру және зейнетақы заңнамасы;
      аудит.
      Адвокатқа, нотариусқа, судьяға, біліктілік емтиханын тапсырған аудиторлыққа кандидаттар, "азаматтық құқық" пәнінің емтиханынан босатылады.";
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Аудиторлыққа кандидат аттестаттауға тiркелу үшiн Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) пәннің (пәндердің) атауын көрсетілген өтініш (әр емтиханға);
      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      3) жоғары білімін куәландыратын құжаттың нотариалдық расталған көшірмесі;
      4) бухгалтерлік есеп және аудит саласында халықаралық біліктілік алғанын растайтын құжаттың (ол болған жағдайда) нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
      5) өтініш берушінің тұратын мекен-жайы бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден оларды Комиссияға ұсынғанға дейінгі бір айдан аспайтын мерзімде берілген медициналық анықтамалар;
      6) өтініш берушінің тұратын мекен-жайы бойынша оны Комиссияға ұсынғанға дейінгі бір айдан аспайтын мерзімде бүкіл республика бойынша мәліметтерді көрсете отырып берілген сотталмағандығы туралы анықтама;
      7) экономикалық, қаржы, бақылау-тексеру немесе құқық салаларында немесе жоғары оқу орындарында бухгалтерлік есеп және аудит бойынша ғылыми-оқытушылық қызмет саласында кемінде 3 (үш) жыл еңбек өтілін растайтын еңбек кітапшасының немесе өзге құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
      8) Адвокатқа, нотариусқа, судьяға біліктілік емтиханын тапсырғаны туралы (бар болған жағдайда) құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі.
      Барлық құжаттар құжат тiгiлетiн папкаға қыстырылады, оның сыртқы бетiнде: N___ Жеке iс, аудиторлыққа кандидаттың тегі, аты және әкесінің аты, ресiмдеу күнi көрсетiледi.";
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "13. Комиссияның емтихандарын өткізу үшін:
      мемлекеттік және орыс тілдерінде модульдік тапсырмалар қалыптастырады;
      емтихандардың өткізілуін ұйымдастырады;
      аудиторға кандидаттардың емтихандық жұмыстарын тексерулердi және бағалауларды жүргiзедi.";
      14-тармақтың бірінші сөйлемінде "Комиссия бекiткен кесте" деген сөздер "Комиссиялар бекiткен кестелер" деген сөздермен ауыстырылсын;
      16-тармақта "тілдерінде" деген сөзден кейін "ұсынылады және" деген сөздермен толықтырылсын;
      21-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "21. Комиссиялар өткізген біліктілік емтихандарының нәтижелері Қазақстан Республикасының аумағында бірдей заң күшіне ие және бес жыл мерзімге жарамды.
      Комиссиялар берген "аудитор" біліктілік куәліктері Қазақстан Республикасының аумағында бірдей заң күшіне ие.";
      26-тармақта "барлық" деген сөзден кейін ", аттестацияға қатысқан" деген сөздермен толықтырылсын;
      27-тармақта "кандидаттардың" сөзінен кейін "емтихан нәтижелерін қайта тексеру туралы арыз беру арқылы" деген сөздермен толықтырылсын;
      28-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "28. Аудиторлыққа кандидаттың арызы түскен жағдайда Комиссияның төрағасы (ол болмаса Төрағаның орынбасары) әр емтихан бойынша шағымдану кеңесінің құрамын бекiтедi. Шағымдану кеңесiнiң құрамына емтихан жұмыстарын бағалауға қатыспаған Комиссияның тақ санындағы мүшелерi кiредi.";
      29-тармақта "(үш)" деген сөзінен кейін "жұмыс" деген сөзімен толықтырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есепті, аудиторлық қызмет пен қаржылық бақылауды дамыту департаменті (Ж. Айтжанова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Министр                                      Б. Жәмішев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады