Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.01.17 № 10-1/18 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 37-бабының 1 тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздік өлшемдері ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті (Е.Р. Толқымбеков) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада бекітілген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ауыл шаруашылығы вице-министрі Марат Әбілахатұлы Оразаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Күрішбаев
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің 2009 жылғы
31 наурыздағы N 186
бұйрығымен бекітілген
Сушаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздік өлшемдері 1. Жалпы ережелер
1. Су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздік өлшемдері (әрі қарай - Өлшемдер) Қазақстан Республикасы Су кодексінің 37-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасындағы су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстары жағдайының техникалық көрсеткіштерінің шекті мәндерін анықтайды.
2. Өлшемдер су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының бақыланатын және диагностикалық көрсеткіштерін және осы көрсеткіштердің өлшемдік мағыналарын белгілейді.
3. Өлшемдер нақты (көзбен шолу және аспап құралдармен) бақылаулардың негізінде анықталды және су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының зақымдануы төтенше жағдайдың пайда болуына әкеліп соғатын сипаттамаларды ескере отырып әзірленді.
4. Осы Өлшемдерде келесі ұғымдар мен терминдер қолданылады:
1) диагностикалық көрсеткіштер - су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстары жағдайын диагностикалау және бағалау үшін, "құрылыс – ірге – су қоймасы" жалпы жүйенің немесе оның жеке элементтерінің қауіпсіздігін бағалауға мүмкіндік беретін ең маңызды бақыланатын көрсеткіштер;
2) бақыланатын көрсеткіштер – техникалық құралдардың көмегімен өлшенген немесе жағдайының сандық сипаттамаларын, сондай-ақ сапалық сипаттамаларын өлшеу негізінде есептелген осы су шаруашылығы құрылыстарының күйі.
2. Су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздік өлшемдері
Өлшемдік көрсеткіштерінің мәндері |
---|
Топырақтан алынған су бөгеу құрылыстары |
Құрылыстың үстіңгі беткейі мен қыры: |
Бетон және темірбетон құрылыстар |
темірбетон элементтерінің тотқа қарсы қорғаныштарының ішінара бұзылуы; |
Темір конструкциялар |
тотқа қарсы жабу қабатының қирауы; |
Су қашыртқылар, су жібергіштер, бас тоған, суұрма құдықтары |
суұрма құдықтарының конструктивтік элементтерінің ауытқуы; |