Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктерде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі Нұсқаулықты бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы N 116 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 359 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 27 наурыздағы N 64 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 5 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5659 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 26 ақпандағы № 29 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2014 № 29 қаулысымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Агенттік Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктерде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі Нұсқаулықты бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы N 116 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 359 қаулысына (Нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттік тіркеу тiзiлiмiнде N 3925 тіркелген) Агенттік Басқармасының "Екiншi деңгейдегі банктерде тәуекелдерді басқару және iшкi бақылау жүйелерiнiң болуына қойылатын талаптар жөнiндегi Нұсқаулықты бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының "Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актiлерiне өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы N 116 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2005 жылғы 30 қыркүйектегi N 359 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 27 қазандағы N 234 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттік тіркеу тiзiлiмiнде N 4485 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктерде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі Нұсқаулықты бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы N 116 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 359 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 235 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттік тіркеу тiзiлiмiнде N 5543 тіркелген) енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Екiншi деңгейдегі банктерде тәуекелдерді басқару және iшкi бақылау жүйелерiнiң болуына қойылатын талаптар туралы нұсқаулықта:
      мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
      "10-1. Өтімділік тәуекелін басқару банктерде жеке, сондай-ақ шоғырландырылған негізде өтімділік тәуекелдерін жеткілікті шамада ескеретін бірдей құрылымның, оның ішінде төтенше жағдайлар болған жағдайда төтенше жағдайлардағы өтімділіктің жетіспеушілігі проблемасын шешудің айқын стратегиялары бар қаржыландыру жоспарының болуын, сондай-ақ өтімділіктің бірдей деңгейін қолдауды көздейді.
      Тәуекелдерді басқару жүйелерінің аясында өтімділік тәуекелін басқару практикасының болуы банктің осы Нұсқаулыққа 4-1-қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкестігімен қамтамасыз етіледі.";
      осы қаулыға қосымшаға сәйкес 4-1-қосымшамен толықтырылсын;
      "Қаржы құралдарымен операциялар жүргізуге қойылатын талаптар" деген 5-қосымшада:
      он бесінші жолда:
      "Талаптың атауы" деген бағанадағы "өтімділік , " деген сөз алынып тасталсын;
      "Талаптардың критерийлері" деген бағанада:
      төртінші абзацтағы "өтімділік тәуекелін, процент тәуекелін және валюта тәуекелін" деген сөздер "процент және валюта тәуекелдерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бесінші абзацтағы "өтімділік," деген сөз алынып тасталсын;
      "Талаптың атауы" деген бағананың он алтыншы жолындағы "өтімділік," деген сөз алынып тасталсын;
      он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы және жиырмасыншы жолдар алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):
      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жеткізсін.
      4. Агенттіктің Төрайым Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.

      Төрайым                                            Е. Бахмутова

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын
және қаржы ұйымдарын реттеу мен 
қадағалау агенттігі Басқармасының
2009 жылғы 27 наурыздағы N 64  
қаулысына қосымша        

"Екiншi деңгейдегi банктерде тәуекелдердi
басқару және iшкi бақылау жүйелерiнiң 
болуына қойылатын талаптар туралы   
нұсқаулыққа 4-1-қосымша"       

Өтімділік тәуекелін басқаруға қойылатын талаптар

Талаптың атауы Талап критерийлері

Басқарма тәуекелдің белгіленген шекті деңгейіне сәйкес өтімділік тәуекелін басқаруға және банктің жеткілікті өтімділікті қолдауына кепілдік беруге мүмкіндік беретін стратегия мен тиісті рәсімдерді әзірлейді, Директорлар кеңесі бекітеді.
Басқарма тұрақты талдау жүргізеді және Директорлар кеңесіне тоқсанына кем дегенде бір рет банктің өтімділігі бойынша ағымдағы жағдай туралы ақпаратты хабарлайды.

Өтімділік тәуекелін басқару стратегиясы банк қызметінің ауқымына өлшемдес және:
бизнес қызметінің бағыттарын ескереді;
өтімділіктегі мұқтаждықтарын, банк үшін ғана, не бүкіл нарық үшін, не екі жағдай да басталған кезде тән болуы мүмкін өтімділіктің жеткіліксіздігі кезеңдерінде өтімділік үшін салдарын ескереді;
Директорлар кеңесі стратегияны:
Басқарманың бақылау жасаудың басшылықтарын, ішкі ережелерін, рәсімдерін, механизмдерін әзірлеуі арқылы іске асыруды қамтамасыз етеді;
Басқарма мүшелерінің және банктің тиісті қызметкерлерінің қажетті жұмыс тәжірибесінің, банктегі өтімділік тәуекелінің барлық дереккөздерін өлшеуге, мониторинг және бақылау жасауға арналған процесстер мен жүйенің болуына кепілдік береді;
банктің өтімділік позициясы туралы есептерін қарайды.
Басқарма:
еншілес ұйымдарды ескерумен өтімділік тәуекелін басқаруға және өтімділік позицияларының мониторингіне арналған бақылау жасаудың құрылымын, міндеттері мен механизмдерін анықтайтын өтімділікті басқару саясатын әзірлейді;
өтімділік проблемаларын шешу үшін қажет ақша қаражатын аударым жасауға нормативтік құқықтық және операциялық шектеулерді ескереді;
егер банк, банк конгломератының бас ұйымы болып табылатын жағдайда банк конгломераты бойынша өтімділік тәуекелінің мониторингін жүзеге асырады;
конгломераттың өтімді активтерге деген барлық ірі мұқтаждықтарын анықтау, мониторинг жасау және шұғыл ден қою рәсімдерін әзірлейді және бар болуын қамтамасыз етеді және қажет болған кезде олар туралы Директорлар кеңесіне хабарлайды;
өтімділікпен стресстік жағдайларды тудыруы мүмкін нарықтағы ағымдық үрдістерді және ықтимал оқиғаларды бақылап отырады;
нақты рәсімдерді, саясаттарды және лимиттерді белгілейді, Директорлар кеңесіне саясаттарды (лимиттерді) бұзған жағдайларды жою үшін қабылдау қажет шаралар туралы хабарлайды;
кездейсоқ жағдайларда жүргізілетін стресс-тестілердің, қаржыландыру жоспарының, сондай-ақ өтімділік резервінің банк қызметінің ауқымына сәйкестігін қамтамасыз етеді;
банктің мүдделі бөлімшелерінің қызметкерлеріне өтімділік тәуекелін басқару стратегиясын, стратегияны іске асыру үшін қажет негізгі ішкі ережелерді, сондай-ақ өтімділік тәуекелін басқару құрылымын мәлімет үшін жеткізеді;
Директорлар кеңесіне, сондай-ақ уәкілетті органға өтімділіктің ағымдық немесе ықтимал проблемалары туралы уақтылы хабарлайды. Банк ішкі құжаттарға сәйкес мұндай проблемаларға оның ішінде (олармен шектелмей) мыналарды жатқызады: қаржыландыру алшақтығын шоғырландыру, мөлшерін ұлғайту, өтімділіктің баламалы дереккөздерін қысқарту, белгіленген лимиттерді жүйелі бұзу, ауыртпалық салынбаған, жоғары өтімді активтер резервтерін немесе болашақ проблемалардың дереккөздері болуы мүмкін сыртқы нарықтардағы жағдайлардың өзгерістерін едәуір қысқарту, мерзімінен бұрын өтеу. Директорлар кеңесі Басқарманың осы проблемаларды шешу үшін тиісті шараларды орындауына бақылау жасауды қамтамасыз етеді;
банкте банктегі өтімділік тәуекелін басқару процесінің тиімділігіне кепілдік беретін бақылау жасауды бірдей ішкі механизмдердің болуын қамтамасыз етеді.

Директорлар кеңесі қаржыландырудың дереккөздері мен мерзімдерін тиімді әртараптандыруды қамтамасыз ететін қаржыландыру стратегиясы бар ішкі құжатты бекітті.
Басқарма банктің капиталды барлық дереккөздерден тез жұмылдыру қабілетін өлшейді, банктің капиталды жұмылдыру қабілетіне ықпал ететін негізгі факторларды анықтайды.

Қаржыландыру стратегиясы мыналарды:
қолда бар қаржыландыру дереккөздерін қысқа, орташа және ұзақ мерзімді перспективада әртараптандыруды. Әртараптандыру бағыттары қаржыландырудың орташа және ұзақ мерзімді жоспарларына кіргізілген және бюджетті жасау және бизнесті жоспарлау жөніндегі іс-шаралармен келісілген;
қаржыландырудың бір нақты дереккөзі бойынша шоғырландыруды шектеу жөніндегі шараларды;
бір дереккөзінен қаржыландыруға мейлінше аз тәуелділікті қамтамасыз ету мақсатында көтерме қаржыландыру дереккөздерін әртараптандыру жөніндегі шараларды көздейді.
Басқарма өтімді активтерді тарту дереккөздеріне (ішкі және сыртқы дереккөздер) әртараптандыру және олар тартылатын операциялар түрлері бойынша мониторингті;
банк активтерінің және қаржыландыру дереккөздерінің құрамына, ерекшеліктеріне және әртараптандырылуына талдау жасауды жүйелі түрде жүргізеді;
банкаралық немесе қор нарықтарындағы ішкі немесе сыртқы жағдайларды ескере отырып, қаржыландыру стратегиясын жүйелі түрде қайта қарайды.

Директорлар кеңесі өтімділік тәуекелін басқарудың бірдей құрылымының болуы үшін жауапкершілік атқарады.
Директорлар кеңесі өтімділік тәуекелін басқару саясаты мазмұнды ішкі құжатты бекітті.

Ө тімділік тәуекелін басқару саясаты өтімділік тәуекелін басқару жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға қойылатын талаптар жүйесін, оның ішінде:
өтімділік тәуекелін басқару үшін жауапты бөлімшені;
банктің органдары мен бөлімшелері арасында өтімділік тәуекелін басқару жөніндегі өкілеттіктер мен жауапкершілікті бөлуді;
өтімділіктің артықтығын (тапшылығын) және өтімділік артықтығының (тапшылығының) шекті рұқсат етілген мәндерін белгілеуді қосқанда банктің өтімді қаражатқа деген мұқтаждығын белгілеу рәсімдерін;
банк қызметінің ауқымына сәйкес келетін өтімділік резервін оңай сатылатын активтер түрінде қолдау жөніндегі талапты;
өтімділік тәуекелін басқару тұрғысынан активтер мен міндеттемелерді басқаруды ұйымдастыруға қойылатын талапты;
өтімділіктің қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болжамын жасау тәртібін;
нарықтың жай-күйімен, не міндеттемелерді орындаумен байланысты банктің қосымша өтімділікке деген мұқтаждығына әсер ететін өзге жағдайлармен байланысты оқиғалардың банк үшін жағымсыз дамуының сценарийлерін пайдаланумен өтімділіктің жай-күйіне талдау жүргізу тәртібін;
банктің өтімділігін қалпына келтіру рәсімдерін, оның ішінде өтімді активтерді жұмылдыру жөніндегі шешімдерді қабылдау, өтімділіктің тапшылығы туындаған жағдайға қосымша ресурстарды тарту рәсімдерін;
жеке және шоғырландырылған негізде банктегі өтімділіктің жай-күйі туралы ақпаратты жинау және талдау үшін ақпараттық жүйенің міндетті түрде болуын белгілейтін ережелерді;
банктің өтімділік тәуекелін басқару үшін жауапты бөлімшелері беретін есептілік тізбесін;
активтердің және міндеттемелердің құрылымы мен өтеу мерзімдері, қаржыландыру дерек көздерінің әртүрлілігі мен тұрақтылығы, түрлі валюталардағы өтімділікті басқару әдістері сияқты өтімділікті басқару жөніндегі ішкі ережелер мен рәсімдерді реттейді ;
өтімділік тәуекелі деңгейінің түрлі сандық және сапалық көрсеткіштерін белгілейді.

Директорлар кеңесі бизнес-стратегияға және банктің қаржы жүйесіндегі роліне сәйкес келетін, өтімділік тәуекелінің рұқсат етілген деңгейін белгіледі.

Директорлар кеңесі банктің өтімділік тәуекелінің рұқсат етілген деңгейін белгілейді.
Банктің өтімділік тәуекелінің рұқсат етілген деңгейін анықтау рәсімдері төтенше қаржыландырудың дерек көздерін іздестіру қабілетін көрсетеді;
банкке өз өтімділігімен басқару және өтімділік дағдарысы кезеңінде өтімділік тәуекелін басқара алу жағдайында болу мүмкіндігін береді;
сандық және/немесе сапалық тәсілдермен көрінеді.

Банктің Директорлар кеңесімен ауқыммен, жүзеге асырылатын қызметке, көрсетілетін қызметтердің географиялық қамтылуына, банк өнімдерінің сипатына сәйкес өтімділік тәуекелін басқаруға арналған лимиттер бекітілді.
Басқарма лимиттерді және проблеманы Директорлар кеңесінің назарына жеткізудің тиісті рәсімдерін жүйелі түрде қайта қарайды.

Банктің ішкі құжаттарымен:
банктің түрлі бизнес бағыттары арасындағы күн сайынғы өтімділікті соло және шоғырландырылған негізде басқаруға арналған лимиттер;
белгіленген қаржы бөлудің немесе банктің басқа міндеттемелерінің орындалуы нәтижесінде жылыстаудың есептік көлемі бар, әр түрлі уақыт мерзімдері ішіндегі қолма-қол ақша ағынының келіп түсуінің келісілген мерзімдеріндегі кумулятивті алшақтықтың (мәселен, міндеттемелердің жалпы сомасының үлес салмағы түріндегі қаржыландыруға деген кумулятивті нетто-мұқтаждық) мөлшеріне шектеулер белгіленген.
Лимиттер схемасында өз қызметін жалпы нарықтық стресстер, тек банкке ғана тән немесе екі жағдайдағы стресстер кезеңдерінде жалғастыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін шаралар болады.

Банктің Директорлар кеңесімен кездейсоқ жағдайлар болған жағдайда, оның ішінде төтенше жағдайлардағы өтімділік жеткіліксіздігі проблемасын шешудің айқын шаралары кіретін қаржыландыру жоспары бар ішкі құжат бекітілді.

Кездейсоқ жағдайлар болған жағдайда (стресс сценарийлерінде) банктің қаржыландыру жоспарында:
болжамды стресс сценарийлері;
міндеттерді, оның ішінде Жоспарға бастамашы болу (қолдану) құқығын бөлу;
Жоспарды іске асыру үшін жауапты тұлғалардың фамилиялары және байланыс ақпараты;
негізгі бағыттардың басшылары үшін орынбасарлар тағайындау;
шешімдер қабылдану процесі, қажетті іс-әрекеттердің және Директорлар кеңесіне жеткізуді талап ететін мәліметтердің тізбесі;
тиімді ішкі үйлестіруді және түрлі бизнес бөлімшелердің арасындағы байланысты орнату рәсімдері;
дағдарыс кезеңдерінде банкке деген жалпы сенімді қолдау үшін нарықтың ішкі, сондай-ақ сыртқы субъектілерімен (уәкілетті органмен, ұлттық банкпен) уақтылы, айқын, жүйелі байланысты қамтамасыз ететін іс-шаралар кешені;
банктің өзінің барлық міндеттемелерін уақтылы қаржыландыра алу қабілетінің едәуір төмендеуі жағдайында ден қоюға арналған рәсімдер және қажетті іс-шаралар;
банктің иелігінде бар төтенше жағдайларда қаржыландырудың әлеуетті дерек көздерінің тізбесі, сондай-ақ банктің есептеуі бойынша осы дерек көздерінен алуға болатын қаражат мөлшері;
пайда болатын проблемаларды Директорлар кеңесіне жеткізу рәсімдері;
шаралардың қабылдану тәртібін, сондай-ақ шаралардың әрқайсысының орындалуы тиіс жағдайларды нақтылайтын басымдылықтарды белгілеу рәсімдері;
төтенше қаржыландырудың әрбір дерек көзінен қосымша қаражатты жұмылдыру үшін қажет уақыттың болуы;
қаржыландырудың дерек көзі ретінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресурстарын пайдалану мүмкіндігі болады. Жоспарда ұсынылатын ресурстардың түрлері, құптарлық кепіл, Ұлттық Банктің қаражатына қол жеткізудің операциялық рәсімдері, сондай-ақ оған қол жеткізуге байланысты, беделдік сипаттағы ықтимал проблемалар ескеріледі;
күн сайынғы төлемдерді жүзеге асыру жөніндегі ықтимал шаралар кіреді. Күрделі іркіліс болған жағдайда банктің бір күндік өтімділігінің, оның ішінде кепіл ретінде пайдаланылуы мүмкін банктің қосымша активтерін анықтау және жұмылдыру жолымен қосымша дерек көздерін алу мүмкіндігі бар.
Басқарма Кездейсоқ жағдайлар болған жағдайда қаржыландыру жоспарының барабарлығын қарау кезінде стресс-тестілеуде пайдаланылатын өтімділік тәуекеліне, сценарийлерге және жорамалдарға талдау жасау нәтижелерін пайдаланады.
Банк Кездейсоқ жағдайлар болған жағдайда қаржыландыру жоспарын жасау кезінде мыналарды:
нарықтың дағдарыс жағдайларының оның активтерді сату немесе секьюритилендіру қабілетіне ықпалын;
нарықтық қаржыландырудың әдеттегі қол жетімді нұсқаларын едәуір немесе толығымен жоғалтуды ескереді.

Директорлар кеңесімен кепіл ретінде пайдаланылуы мүмкін банктің активтерін басқару жөніндегі саясаты бар ішкі құжат бекітілді.
 

Өтімді активтерді алу үшін кепіл ретінде пайдаланылуы мүмкін банктің активтерін басқару жөніндегі саясат, оның ішінде:
банктің кепіл ретінде пайдаланылуы мүмкін активтерге деген мұқтаждықтарын анықтау және бағалауды;
банктің кепіл ретінде пайдаланылуы мүмкін активтерін пайдалану негізінде жатқан құқықтық және операциялық проблемаларды шешуді;
банктің кепіл ретінде пайдаланылуы мүмкін активтерін консервативті анықтауды және олардың қаржыландыруға деген күтпеген мұқтаждық басталған кезде кез келген уақытта қол жетімді болуы тиіс еркін (ауыртпалық салынбаған) деңгейін анықтауды реттейді.
Банктің бөлімшесі:
Кепілге салынған активтерін қосқанда, банктің кепіл ретінде пайдаланылуы мүмкін активтері бойынша оларды қажетті қамтамасыз етудің және кепілге салуға болатын, ауыртпалық салынбаған активтердің мөлшерімен арақатынасын белгілей отырып, барлық позицияларды есептейді;
банктің иелігінде бар, заңды тұлғалардың және банк өз қызметін жүзеге асыратын юрисдикциялардың бөлігінде кепіл ретінде пайдаланылуы мүмкін активтерінің көлемін бақылап отырады;
активтердің әрбір ірі сыныбын банктің кепіл ретінде және көрсетілген активтердің қамтамасыз етілген активтер нарықтарында негізгі контрагенттер және ақша қаражатын жеткізушілер үшін жарамдылықпен пайдаланылуы мүмкін активтері ретінде пайдаланылу мүмкіндігін бағалайды;
нақты банктер бойынша, бағалар сезімталдығының, стресстер жағдайында кепіл бойынша талаптардың шоғырлануын ескере отырып, банктің кепіл ретінде пайдаланылуы мүмкін активтерінің дерек көздерін әртараптандыру бойынша бағдарларды белгілейді;
нарықтағы стресстің түрлі сценарийлері кезінде жеке сектордың контрагенттерінен қаражат тарту мүмкіндігін бағалайды;
ұзақ мерзімді құрылымдық, қысқа мерзімді және бір күндік факторларды қосқанда, банктің кепіл ретінде пайдаланылуы мүмкін активтеріне деген мұқтаждықтардың кең ауқымын қанағаттандыру мүмкіндігін бағалайды. Банкте қарыз алуға деген жоспарланған және күтпеген мұқтаждықтарды қанағаттандыру, сондай-ақ банктің қаржыландыру профиліне қарай түрлі уақыт бөліктеріндегі маржа жөніндегі талаптардың ықтимал көтерілуін қамтамасыз етуге дайын болу үшін кепіл ретінде пайдаланылуы мүмкін активтердің жеткілікті көлемі бар;
келісім-шартта айтылған банктің кепіл ретінде пайдаланылатын қосымша активтерін беруге қойылатын талаптардың, банктің кредиттік рейтингінің немесе оның қаржылық жай-күйінің өзгеруінің, сондай-ақ, оның ішінде баланстан тыс міндеттемелермен байланысты, міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеуге, өтімділіктің белгілі бір көлеміне деген мұқтаждыққа алып келуі мүмкін басқа да оқиғалардың пайда болу мүмкіндігін ескереді.
Ақпараттық жүйелер кездейсоқ жағдайлар үшін банктің кепіл ретінде пайдаланылуы мүмкін ауыртпалық салынбаған активтерінің жеткіліктілігін, талап етілетін түрі мен сапасын бағалауға мүмкіндік береді.

Банктің өтімділік тәуекелін басқару жөніндегі ішкі саясаты оның ішінде өтімділіктің жетіспеушілігімен проблемалар пайда болған жағдайда ауыртпалық салынбаған жоғары сапалы өтімді активтердің резервті қорын қолдауды көздейді.

Өтімділікті басқару саясаты:
стресс жағдайларында қосымша өтімділікті тарту үшін пайдалануға болатын ауыртпалық салынбаған, өтімді активтер резервтерінің мөлшерін;
резервтерді қалыптастыру кезінде, оның ішінде қолма-қол ақша ағынының сәйкессіздік шамасы туралы жорамалдарды, стресстік оқиғаларды, стресс жағдайларында банктің кепіл ретінде пайдалануы мүмкін активтер құнын (яғни, активтерді сатқан немесе оларды қаржыландырудың қамтамасыз етілген түрлері бойынша кепіл ретінде пайдаланған жағдайда банктің алуы мүмкін қолма-қол ақшаның есептік көлемі) ескереді;
өзін өте күрделі стресс сценарийлерінен қауіпсіздендіру үшін қолма-қол ақша және жоғары сапалы мемлекеттік облигациялар немесе осыған ұқсас құралдар сияқты резервтерді (мейлінше сенімді өтімді активтерді) қалыптастырудың дерек көздерін;
банктің өтімді активтердің қажет мөлшерін қалыптастыру қабілетіне әсер ететін ақпаратқа мониторинг және талдау жасау рәсімдерін анықтайды;
Басқарма стресс сценарийлері басталған кезде қаражат тарту үшін сатуға немесе кепілге салуға болатын ауыртпалық салынбаған, өтімді активтер резервтерінің динамикасына талдау жүргізеді.

Басқармамен өтімділік тәуекелін анықтау, өлшеу, мониторинг және бақылау жасау рәсімдері бекітілді. Рәсімдерге уақыт бөліктерінің тиісті ауқымы ішінде активті, пассивті және баланстан тыс баптардан алынған қолма-қол ақша ағынын жан-жақты болжаудың сенімді схемасы кіреді.

Банктің өтімділік тәуекелін анықтау, өлшеу, мониторинг және бақылау жасаудың ішкі рәсімдерінде:
өтімділікке деген күтпеген (шартты) мұқтаждықтардың дерек көздерін анықтау;
міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеуге, оның ішінде баланстан тыс міндеттемелермен байланысты, өтімділіктің белгілі бір көлеміне деген мұқтаждыққа алып келуі мүмкін оқиғалардың болуын анықтау немесе басталуын болжау;
егер банк, банк конгломератының бас ұйымы болып табылған жағдайда барлық еншілес ұйымдарға тән өтімділік тәуекелін белгілеу және анықтау;
әрбір ірі баланстық және баланстан тыс бапты, оның ішінде банктің қаржыландыру дерек көздерінде және оның осы қорларды пайдалануында көрінуі мүмкін, "орнатылған" опциондардың және басқа шартты міндеттемелердің әсерін бағалау;
банктің қаржыландыру тәуекеліне душар болуы мен нарықтың өтімділік тәуекелі арасындағы өзара қарым-қатынастарға талдау жасау;
өтімділік тәуекелінің және банк душар болатын тәуекелдің басқа түрлері арасындағы өзара байланысқа талдау жасау;
өтімділік тәуекелін, оның ішінде түрлі факторларды, атап айтқанда: өтімділікке деген мұқтаждықтың және бір күн ішіне қаржыландыру қабілетінің өзгеруіне деген әлсіздікті; өтімділікке деген күн сайынғы мұқтаждықты және бір жылға дейінгі қысқа және орта мерзімді уақыт кезеңдерінде қаржыландыру қабілетін; бір жылдан астам мерзімге өтімділікке деген ұзақ мерзімді мұқтаждықты; банктің қорларды жұмылдырудың ішкі қабілетіне күшті салмақ салуы мүмкін оқиғаларға, іс-әрекеттерге және стратегияларға деген әлсіздікті ескеретін басқару әдістері.
Өтімділікті өлшеу әдістері кезеңді түрде, бірақ кемінде айына бір рет:
Банктің ақша қаражатының түсіміне бағалау (ақша қаражатының жылыстауымен салыстырғанда);
түрлі уақыт мерзімдерінде (3 ай, 6 ай, 1 жыл және 3 жыл), оның ішінде түрлі стресс сценарийлерін ескере отырып, активтер, міндеттемелер, баланстан тыс міндеттемелер және туынды қаржы құралдары бойынша ақша қаражатының болашақ ағынын өлшеуді және болжам жасауды жүргізуді көздейді.

Банкте өтімділік тәуекелінің сандық көрсеткіштерін өлшеу және талдау жөніндегі құралдар бар.

Ішкі рәсімдер банктің баланс құрылымын, болашақ қаржы ағынын бағалау және баланстан тыс тәуекелдерді ескере отырып, өтімділік позициясын болжау үшін пайдаланатын, мыналарды:
қаржыландырудың әдеттегі дерек көздеріне қатысты болжанатын қаражат жылыстауы нәтижесінде пайда болуы мүмкін мұқтаждықтарды;
өз кезегінде түрлі уақыт бөліктеріндегі алшақтықтар шамасы бойынша өтімділік тәуекелінің лимиттерін, сондай-ақ ертерек алдын алу индикаторларын анықтау үшін негіз болып табылатын түрлі уақыт мерзімдерінде қаржыландырудың тапшылығын;
бірнеше баламалы сценарий аясында белгілі бір уақыт ішінде қаржы ағынын болжауды;
ақша қаражатының қозғалысы туралы есептерді талдауды;
активтердің, міндеттемелердің және баланстан тыс баптардың болашақ әрекеті туралы жорамалға (әлеуетті сценарийлерге) сүйенетін "ақша ағынының сәйкестігін" немесе "өтімділік тапшылығын" талдауды;
жуырдағы 6 айда шартты міндеттемелердің бір бөлігін не барлығын мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігін ескере отырып, банктің активтерін және міндеттемелерін гэп-талдауды;
белгілі уақыт аралықтарындағы кумулятивті таза артылуды немесе өтімділіктің жетіспеушілігін есептеуді;
банк өтімділіктің әлеуетті тәуекелін анықтау кезінде пайдаланатын жорамалдар тізбесін (әлеуетті сценарийлер), оның ішінде сол немесе басқа активтер мен міндеттемелерді өтеу ықтималдығын; тұрақсыз қаржы ағыны бар талап етуге дейінгі депозиттердің, активтердің, міндеттемелердің және баланстан тыс баптардың мерзімдерін; өтімділікпен қауырттылық кезеңдерінде қаражаттың баламалы дерек көздерінің болуын анықтауға мүмкіндік беретін көрсеткіштерді көздейді.
Пайдаланылатын жорамалдар (әлеуетті сценарийлер) басталуының жоғары дәрежелі ықтималдығы бар әлеуетті ықтимал жағдайларға жақындатылған, қисынды, негізделген болып табылады, банктің жүзеге асыратын қызметінің ауқымына сәйкес келеді.
Таңдалып алынған жорамалдар тізбесі (әлеуетті сценарийлер) құжатталған, банктің Директорлар кеңесімен кезеңді түрде, бірақ кемінде жылына бір рет қайта қаралады және бекітіледі.

Банктің ішкі құжаттарында ақша қаражатының болашақ ағынын (баланстың белсенді бөлігінен түсімді және банктің өзіне қабылдаған міндеттемелерін орындауы бойынша шығыстарды) анықтауға мүмкіндік беретін өтімділік тәуекелін басқару рәсімдері көзделген.

Ақша қаражатының болашақ ағынын болжау рәсімі:
банк қызметінің күрделілігін, өнімдерді және нарықтарды көрсететін, оның өтімділікке (қысқа және ұзақ мерзімді) деген болашақ мұқтаждықтарына қатысты нақты жорамалдарды қабылдауды;
кепіл ретінде пайдаланылуы мүмкін активтердің, оларды стресс жағдайларында орнын толтыру дерек көзі ретінде пайдалану үшін сапасын талдауды;
қаржыландыру дерек көздерін өтеу мерзімдерін тең бөлу және қаражатты пайдалану мақсатында шығатын ағынмен үйлестірумен болашақ ақша ағыны түсімінің мерзімдерін реттеуді;
банктің міндеттемелерінен туындайтын ақша ағынын бағалау кезінде стресстік жағдайлар жағдайында қаржыландыру дерек көздерінің қозғалысын бағалауды жүргізуді көздейді.

Банктің өтімділік тәуекелін анықтау, өлшеу, мониторинг және бақылау жасау жөніндегі ішкі рәсімдері оның ішінде баланстан тыс және басқа шартты міндеттемелермен байланысты әлеуетті қаржы ағынын ескереді.

Ішкі рәсімдер:
міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындаудың банк үшін ықтимал салдары болжамының болуын, міндеттемелердің сипатын және контрагенттің кредит қабілеттілігін қарауды, сондай-ақ салалар және географиялық секторлар бойынша әлеуетті тәуекелді;
стресс кезеңдерінде басталуы мүмкін, банктің баланстан тыс міндеттемелерінен пайда болатын өтімділік тәуекелдерін басқаруды (арнайы қаржы компаниялары, қаржы деривативтері, сондай-ақ қаржылық міндеттемелер);
міндеттемелердің түрлері бойынша бөлуде және біріктірілген негізде банктің өз міндеттемелерін, оның ішінде шартты міндеттемелерін орындауымен байланысты қаржылық қаражат ағынының болжамын. Банктің иелігінде кез келген шартты міндеттемелер басталған кезде, оның ішінде заемшының (эмитенттің) белгілі бір іс-әрекеттерді жасауына немесе белгілі бір іс-әрекеттерден қалыс қалуына алып келетін шартты міндеттемелер (бұдан әрі – ковенанттар) бұзылған кезде қабылданған міндеттемелерді орындау үшін өтімділіктің жеткілікті, сенімді дерек көздері бар;
туынды қаржы құралдары, оның ішінде банктің кредиттік рейтингі немесе оның кредит қабілеттілігі нашарлаған не базалық активтің бағасы төмендеген жағдайда контрагенттердің қосымша кепілді талап ету ықтималдығы бойынша келісім-шарттарды қайта бағалаумен, орындаумен немесе жақындап қалған мерзімімен байланысты қаржы ағынының болжамын;
банктің шартты міндеттемелерінің бір бөлігін не барлығын мерзімінен бұрын өтеуді ескере отырып, шартты міндеттемелер бойынша апта сайынғы стресс-тестілеуді жүргізуді көздейді.

Активтер мен міндеттемелерді басқару бөлімшесі және (немесе) тиісті функциялары мен өкілеттіктері бар өзге алқалық орган нарықта тұрақты ақша тарту қажеттілігі, мүмкіндігі болған жағдайда қамтамасыз ету үшін ақша ағыны графигінің және міндеттемелерді өтеу графигінің көмегімен қажетті ақша шамасын бақылайды.

Активтер мен міндеттемелерді басқару бөлімшесі және (немесе) тиісті функциялары мен өкілеттіктері бар өзге алқалық орган:
апта сайын ақша ағынының графигін жасайды және таяу арадағы он жұмыс күніне қолма-қол ақша бойынша гэп-позицияға мониторинг жүргізеді;
есеп айырысу күніне сәйкес апта сайын активтер мен міндеттемелерді өтеу мерзімдерінің графигін жасайды және күн сайынғы, апта сайынғы және ай сайынғы негізде қолма-қол ақша бойынша гэп-позицияға мониторинг жүргізеді;
әрбір валюта бойынша ұлттық валютаға немесе басқа шетел валютасына айырбастаусыз қолма-қол ақша бойынша гэп-позицияны мониторинг жасауды және басқаруды апта сайын жүзеге асырады;
банк банктің баланстан тыс міндеттемелерін өтеудің болжамды көлемін ескерумен өтімділікке бақылау жасауды жүзеге асырады.

Активтер мен міндеттемелерді басқару бөлімшесі және (немесе) тиісті функциялары мен өкілеттіктері бар өзге алқалық орган лимиттер белгілеу арқылы қолма-қол ақша бойынша гэп-позицияны бақылайды.

Банктің басқармасы немесе тиісті функциялары мен өкілеттіктері бар басқа алқалық органы капитал нарығындағы, оның ішінде банк аралық нарықтағы өтімді активтерді жұмылдыру мүмкіндігін ескере отырып, қолма-қол ақша бойынша гэп-позицияға лимиттер белгілейді.
Активтер мен міндеттемелерді басқару бөлімшесі банктің өтімді активтерді жұмылдыру қабілетінің өзгеруін ескерумен кезеңді түрде, бірақ тоқсанда кемінде бір рет қолма-қол ақшаның гэп-позициялары бойынша лимиттерге шолу жүргізеді.

Басқарма міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеуге және банктің оның арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдарымен шарттық және шарттық емес қатынастарымен байланысты пайда болатын өтімділіктің белгілі бір көлеміне деген мұқтаждықтарға алып келуі мүмкін оқиғалардың басталу ықтималдығына және өтімділік тәуекеліне мониторинг жасауды жүзеге асырады.

Басқарма секьюритилендіру немесе сыртқы қаржыландыру мақсаттары үшін құрылған арнайы қаржы компаниялары бойынша өтімдік позицияларын кезеңді түрде, бірақ тоқсанда кемінде бір рет бақылап отырады;
стресс-тестілеу кезіндегі өтімділік болжамын қосқанда өтімділікке және гэп-талдауға өзіндік болжам жасау аясында арнайы мақсаттағы ұйымдардың түсімі (өтеу мерзімі жақындаған активтер) мен (өтеу мерзімі жақындаған міндеттемелер) жылыстауын ай сайын бақылап отырады;
арнайы мақсаттағы ұйымда өтімділіктің қажетті деңгейі болмауының (болмаған жағдайда) банктің өтімділігіне ықпалына талдау жасайды;
арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдарын өтімділікпен толықтыруға ақша жылыстауды ескерумен өзінің өтімділік позициясын бағалайды;
секьюритилендіру мақсаттары үшін құрылған арнайы қаржы компаниясы активтерді қаржыландырудың дерек көзі ретінде пайдаланған кезде банк міндеттемелерінің көлемін ұлғайтатын жағдайлардың басталуымен байланысты өтімділікке деген мұқтаждықтарға талдау жасайды.

Басқарма өтімділіктің шетел валютасына деген жиынтық мұқтаждықтарын бағалайды және валюталар сәйкессіздігінің рұқсат етілген шектерін анықтайды.

Басқарма стресс жағдайларындағы ықтимал шектеулерді, оның ішінде:
ішкі нарықтағы валюталық резервті құралдарға қол жеткізуді (жасалған шарттар, "РЕПО" нарықтық мәмілелерінің және СВОП операцияларының болуы);
өтімділіктің артығын бір валютадан басқасына аудару мүмкіндігін (шетел валютасындағы өтімді қаржы құралдары) қарастыра отырып, өзі белсенді қызметті жүзеге асыратын валюталардың әрбір түрі үшін өзінің стратегиясына жекелеген талдау жасауды жүргізеді.
Банктің өтімділік тәуекелін басқару жөніндегі ішкі рәсімдері оның ішінде:
шетел валютасындағы активтер мен міндеттемелер арасындағы алшақтықтарды;
жасалған хеджирлеу операцияларымен және СВОП операцияларымен байланысты тәуекелдерді назарға алады.

Банкпен өтімділік тәуекелінің пайда болуын ертерек алдын алудың көрсеткіштері әзірленді.

Банктің өтімділік тәуекелін басқару жөніндегі ішкі саясаты минимум ретінде мыналар кіретін ертерек алдын алудың көрсеткіштерін (сапалық немесе сандық) көздейді:
әлеуетті құбылмалы міндеттемелердің есебінен қаржыландырылатын қысқа мерзімді активтерді қоспағанда, активтердің тез өсуі;
активтер немесе міндеттемелер бойынша өсетін шоғырлану;
валютаның тура келмеулерінің ұлғаюы;
активтер мен міндеттемелер өтелгенге дейін орташа мөлшерленген алшақтықтың ұлғаюы;
бір нақты өнімдік сызық бойынша жағымсыз үрдістер немесе жоғары тәуекел (мәселен, мерзімі өткен төлемдердің ұлғаймалы көлемі);
банк кірістерінің, активтер сапасының едәуір нашарлауы;
кредиттік рейтингтің төмендеуі;
қарыз алу жөніндегі спредтің немесе кредиттік дефолт своптары жөніндегі спредтің ұлғаюы;
көтерме немесе бөлшек қаржыландырудың өсетін құны;
бөлшек депозиттердің үдеуші жылыстауы;
ұзақ мерзімді қаржыландыруға қол жеткізудің қиындауы;
қысқа мерзімді міндеттемелерді орналастырумен қиындықтар.
Банктің ішкі құжаттарымен кейбір өнімдердегі орнатылған іске қосу механизмдерінің жақындап келе жатқан бұзушылықтары туралы немесе шартты тәуекелдердің басталу ықтималдығы туралы белгі беретін ертерек алдын алудың көрсеткіштері белгіленген, бұл банкті осы өнімге өтімділікпен қосымша қолдауды ұсынуға немесе активтерді балансқа аударуға мәжбүр ететін еді.

Банктің басқармасы өтімділікті ауыстыру үшін заңдық, реттеуіш және бизнес шектеулерді ескерумен банктің, сондай-ақ оның еншілес ұйымдарының бизнес бағыттарының және валюталарының әлеуетті өтімділік тәуекелі мен қаржылық мұқтаждықтарын бақылап отырады және қадағалайды.

Өтімділік тәуекелін басқару саясаты:
шоғырландырылған негіздегі өтімділік тәуекелі туралы көрініс алу үшін ақпарат жинау процестерін қосқанда, жекелеген банк, сондай-ақ еншілес, оның ішінде шетелдік ұйымдар ескерілген деңгейінде өтімділік тәуекеліне мониторинг және бақылау жасауды, банктің және оның еншілес ұйымдарының арасында өтімділікті тапсыру шектеулерін анықтау рәсімдерін жүргізуді;
банк жұмыс істейтін әрбір ел бойынша, өтімділік тәуекелін басқаруға әсер ететін құқықтық және реттеуіш режимдердің қажетті білімдерінің болуын;
еншілес ұйымдарды, қаражатты осылай ауыстыру қаншалықты заңмен рұқсат етілгенін ескерумен өтімділікті және ілеспе ресурстарды орналастыру үшін жұмыс рәсімдерінің болуын;
өтімділіктің топ ішілік тәуекеліне ішкі лимиттерді, банктің еншілес ұйымдары деңгейіндегі лимиттерді белгілеуді;
қаражаттың және кепілдің орын ауыстыруына қатысты жорамалдарды (әлеуетті сценарийлерді) көздейді. Банктің жорамалдарында өтімділіктің және кепілдің тиімді қозғалысы үшін реттеуіш, құқықтық, бухгалтерлік, кредиттік, салықтық және ішкі шектеулер, қаражатты және кепілді топ мүшелерінің арасында аударым жасау үшін қажет операциялық шаралар, сондай-ақ осы шаралар аясында осындай аударым жасауды жүргізу үшін қажет уақыт толығымен ескеріледі.

Басқарма капитал нарығына қол жеткізуді белсенді басқаруды, тиісті қызметкерлер тарабынан оған мониторинг және тексеру жасалуын қамтамасыз етеді.

Басқарма бекітілген қаржыландыру стратегиясына сәйкес капиталдың нарықтарға белсенді қатысуын қолдайды;
қысқа және ұзақ мерзімді қаржыландыру нарықтарына қол жеткізу мүмкіндігін қарастырады;
оның стресс кезеңдері уақытында өтімділік жетіспеушілігінің проблемаларын шешу қабілетін көтеретін қаржыландырудың баламалы дерек көздерін анықтайды.
Банктің ішкі рәсімдерімен өтімділік жетіспеушілігі жағдайында банктің оның ішінде мыналар болып табылатын қаржыландырудың ықтимал дерек көздері белгіленген:
акционерлер қаражаты;
депозиттердің өсуі;
міндеттемелерді өтеу мерзімдерінің ұлғаюы;
қысқа және ұзақ мерзімді борыштық құралдардың эмиссиялары;
қаражатты топ ішінде аударым жасау;
еншілес компанияларды сату;
активтерді секьюритилендіру;
сату немесе ауыртпалық салынбаған жоғары өтімді активтермен репо операциясы;
салынған қаражатты игеру;
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен қарыз алу.
Басқарма банкті қысқа, орташа және ұзақ мерзімді перспективада өтімділікпен қамтамасыз ету мақсатында олардың тиімділігін бағалай отырып, қаражат тартудың өз нұсқаларына жүйелі түрде талдау жасайды және тестілейді.

Банктің басқармасы әдеттегі, сондай-ақ стресс жағдайлары кезінде төлем жасау және есеп айырысу міндеттемелерінің уақтылы орындалуын қамтамасыз ету үшін өтімділіктің күн сайынғы позицияларын және тәуекелдерді белсенді басқарады, осылайша төлем жасау және есеп айырысу жүйелерінің үздіксіз қызмет атқаруына мүмкіндік береді.
 

Банктің күн сайынғы өтімділікті басқару жөніндегі стратегиясына тіпті болмаса төрт операциялық элемент кіреді:
біріншіден, оларды күтілетін іс-әрекеттермен және қолда бар ресурстармен қатынастыра отырып, өтімділіктің күндік позицияларын бақылап отыру, қосымша күндік өтімділікті тартуға немесе маңызды төлемдерді жүргізу үшін өтімділікті жылыстауды шектеуге мүмкіндік беретін негізгі позицияларға бір күн ішінде мониторингті жүзеге асыру;
екіншіден, өзінің күндік мақсаттарына жету үшін күндік қорлардың жеткілікті көлемін сатып алу;
үшіншіден, күндік заем қаражатын (қорларды) алу қажеттілігі жағдайында кепіл ретінде пайдаланылуы мүмкін банктің активтерін басқару. Банкте күндік мақсаттарға жету үшін қажет болатын күндік өтімділіктің көлемін тарту үшін пайдалануға болатын жеткілікті кепіл бар;
төртіншіден, күндік өтімділік ағыны күтпеген кезде бұзылған жағдайда үзіліссіз қызметті қамтамасыз ету жөніндегі рәсімдердің, шаралардың болуы.

Банк банкке тән түрлі қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді стресс-сценарийлер бойынша стресс-тестілеуді кезеңді түрде, бірақ айына кемінде бір рет жүргізеді.
Басқарма стресс-тест нәтижелерін өзінің өтімділік тәуекелін басқару жөніндегі саясаты мен позицияларын түзету, сондай-ақ оқыс жағдайлардағы іс-әрекеттерінің тиімді жоспарларын әзірлеу үшін пайдаланады.

Басқарма ықтимал өтімділік тәуекеліне душар болуды анықтау және сандық тұрғыда өлшеу үшін жүйелі түрде стресс-тестілеудің жүргізілуін және сценарийлерге талдау жасалуын қамтамасыз етеді;
Басқарма кезеңді түрде, бірақ тоқсанына кемінде бір рет Директорлар кеңесіне стресс-тестілеудің нәтижелері туралы хабарлайды және талқылау қорытындылары бойынша алынған нәтижелерді банктің әлеуетті тәуекелдерін шектеу, сондай-ақ өтімділік резервтерін құру мақсатында салдарды жою немесе бәсеңдету жөніндегі шараларды қабылдау үшін пайдаланады.
Стресс-тестілеудің нәтижелері банктің оқыс жағдайлардағы іс-әрекеттерінің жоспарын жасауда және өтімділік жетіспеушілігі жағдайында жұмыс стратегиясы мен тактикасын анықтауда пайдаланылады.
Стресс-тестілеудің нәтижелері жан-жақты талдануы және ішкі лимиттер белгілеу кезінде назарға алынуы тиіс.

Басқарма егер банк, банк конгломератының бас ұйымы болып табылған жағдайда кезеңді түрде, бірақ тоқсанына кемінде бір рет стресс-сценарийлердің өтімділіктің жалпы топтық позициясына, сондай-ақ конгломератқа мүше жекелеген ұйымдардың өтімділік позициясына әсеріне және қызметтің бағыттарына талдау жасауды жүргізеді.

Банктің ішкі құжаттарымен едәуір өтімділік тәуекеліне душар болатын, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдар үшін қосымша стресс-тестілеу жүргізу көзделген. Банк тестілеу барысында сценарийлердің әр түрлі уақыт бөліктеріндегі, оның ішінде күндік ауқымдағы салдарын қарастырады.
Тестілеудің дәрежесі мен жиілігі банктің шамасына және оның алдында тұрған әлеуетті өтімділік тәуекелдеріне, сондай-ақ банктің Қазақстан Республикасының қаржы жүйесіндегі қатысты салмағына өлшемдес.

Банк стресс-сценарийлерді жасау кезінде бизнестің сипатын, жүзеге асырылатын қызметтің өтімділік тәуекеліне душар болуын ескереді.

Басқарма түрлі стресс-сценарийлердің жобаларын қарайды.
Банк стресс-тестілеу жүргізу кезінде қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді стресс-сценарийлерді, сондай-ақ жеке алынған банкке және жалпы алғанда бүкіл нарыққа тән стресс-сценарийлерді, оның ішінде:
тиісті оқиғалар басталған жағдайда банктің шартты міндеттемелерін ескерумен міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеуді, оның ішінде ковенанттың бұзылуын;
нарықта бір мезгілде өтімділік жетіспеушілігін;
қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген қаржыландыруға қол жеткізуді шектеуді;
айырбасталатын валюталарды шектеуді назарға алады;
нарықтың өтімділігін қысқартудың және қаржыландыру өтімділігінің тапшылығы арасындағы байланысты;
банктің өтімділігіне әсердің, тәуекелдердің басқа түрлері бойынша (кредиттік, операциялық, нарықтық және басқалар) стресс-тестілеудің нәтижелерін ескереді.

Банк стресс-тестілеу үшін жорамалдарды белгілеу кезінде консервативті-қалыпты тәсіл дайындады.

Банк сценарийдің түріне қарай мынадай тізбе кіретін бірқатар жорамалдарды қарастырады:
активтер нарығының өтімсіздігі;
бөлшек қаржыландырудың жылыстауы;
көтерме қаржыландырудың қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген дерек көздерінің қол жетімділігі (сіздігі);
қосымша маржаны белгілеу талаптары және кепіл жөніндегі талаптар;
қаржыландырудың мерзімдері;
үшінші тұлғаларға немесе еншілес ұйымдарға берілген кредиттік желілер бойынша шартты талаптар;
баланстан тыс құралдар мен операциялар бойынша міндеттемелердің орнын толтыратын өтімділік;
банкке берілген кредиттік желілердің болуы;
валюталар айырбасталымы және валюталық нарықтарға қол жеткізу;
Ұлттық Банктің кредиттік қаражатына қол жеткізу;
активтердің болашақ өсу деңгейі.
Банк кезеңді түрде, бірақ жылына кемінде бір рет тест жүргізілетін сценарийлердің сипаты мен маңыздылығының банк жүзеге асыратын қызметіне сәйкестігін қамтамасыз ету үшін сценарийлердің жобаларын қайта қарайды.
Банк сценарийлерді қайта қарау кезінде нарық жағдайының өзгеруін; банк қызметі сипатының, ауқымының өзгеруін; стресс жағдайларындағы қызметтің нақты тәжірибесін ескереді.
Банк өтімділіктің профиліне едәуір әсер етуі мүмкін факторларды анықтау және талдау үшін стресс-тестілеу нәтижелерінің белгілі негізгі жорамалдарға деген сезімталдығына талдау жүргізуі мүмкін.

Басқарма стресс-тестілеуде қолданылатын сценарийлер мен жорамалдарды, сондай-ақ стресс-тестілеу нәтижелерін қарайды. Банктің сценарийлер мен ілеспе жорамалдарды таңдауы құжатталған және стресс-тестілеу нәтижелерімен қатар қаралған.

Басқарма төтенше жағдайлар болған жағдайда банкті қаржыландыру жоспарында қаржыландырудың ілеспе ықтимал тапшылығын бағалауға және жоспарлауға стресс-тестілеу нәтижелерін қалай кіргізуді шешеді.
Басшылық (Директорлар кеңесімен кеңесе отырып) банк жол беретін өтімділік тәуекелінің рұқсат етілген деңгейінен қаржыландырудың болжанған тапшылығы қандай дәрежеде жоғары (немесе қаржыландырудың болжанған тапшылығы төмен) болса, сол дәрежеде: өзінің өтімділік позициясын түзеуді немесе төтенше жағдайлар болған жағдайдағы банкті қаржыландыру жоспарын қолдауды шешеді.

Басқарма өтімділік тәуекелін басқарудың сенімді құрылымының қызмет атқаруын қамтамасыз етеді.

Басқарма өтімділік тәуекелін басқару бойынша оған жүктелген функцияларды орындау мақсатында, оның ішінде:
Директорлар кеңесі бекіткен өтімділік тәуекелін басқару жөніндегі саясатқа сәйкес қажетті рәсімдердің орындалуын қамтамасыз етеді;
Банктің өтімділік жөніндегі күн сайынғы міндеттемелерін, оның ішінде банктің ішіндегі не жалпы нарықтағы проблемалардан туындаған өтімділіктің жетіспеу кезеңінде орындауын қамтамасыз етеді;
банктің баланстық және баланстан тыс операцияларының мерзімділігімен, оның активтері мен міндеттемелерінің өтімділігімен өлшемдес өтімділіктің жеткілікті резервін қолдауды (ауыртпалық салынбаған активтер түрінде) қамтамасыз етеді. Активтер мен міндеттемелерді басқару бөлімшесі оларды берілген займдарды қамтамасыз ету ретінде кепілге тез беру үшін өтімді активтердің қажетті деңгейін анықтайды және қолдайды;
активтердің сатылуы және банк үшін өтімділікпен қауырттылық кезеңдерінде қаржыландыру дерек көздерінің қол жетімділігі туралы жеткілікті дәрежеде қалыпты жорамалдарды қолданады.

Оқыс жағдайлар болған жағдайдағы қаржыландыру жоспары жүйелі түрде қайта қаралады және оның тиімділігін және операциялық орындалуын қамтамасыз ету үшін тестіленеді.

Оқыс жағдайлар болған жағдайдағы қаржыландыру жоспарын жүйелі түрде қайта қарау оның ішінде:
рольдер мен міндеттемелердің сәйкестігін және түсінілуін қамтамасыз етуді;
байланыс ақпаратының өзектілігін растауды;
қолма-қол ақшаның және кепілдің ауыстырылуының (шекаралар арқылы және субъектілер арасында) расталуын (дәлелді) алуды;
Жоспарды дереу іске асыруға мүмкіндік беретін, қажетті заңдық және операциялық құжаттаманың болуын тексеруді көздейді.
Басқарма:
мәселен, кейбір активтерді сату немесе кері сатып алуды (РЕПО) жүргізу немесе кезеңді түрде кредиттік желілерге іріктеу жасау мүмкіндігі сияқты негізгі жорамалдарды (әлеуетті сценарийлерді) тексереді бастапқы жағдайлардың өзгеруіне алып келген әрбір іс-шарадан кейін Жоспардың барлық аспектілерін қайта қарайды және одан кейінгі іс-шараларды өткізу жөніндегі қажетті шараларды қабылдайды;
Жоспарды Директорлар кеңесіне бекітуге ұсына отырып, кемінде жылына бір рет, немесе ағымдағы немесе нарықтық жағдайдың өзгеру шамасы бойынша – одан жиірек талдайды және жаңартады.

Директорлар кеңесін және Басқарманы банктің өтімділік бойынша позициясы туралы уақтылы ақпаратпен қамтамасыз ету үшін банктің ішкі құжаттарымен тиісті басқарушылық ақпараттық жүйені құру көзделген. Басқарушылық ақпараттық жүйе банктің, сондай-ақ банктің еншілес ұйымдары бөлігінде өтімдік позицияларын есептеуге мүмкіндік береді.

Басқарушылық ақпараттық жүйе:
шартты тәуекелдерді, сондай-ақ міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеуге және өтімділіктің белгілі көлеміне деген мұқтаждыққа алып келуі мүмкін оқиғалардың пайда болуымен байланысты, оның ішінде баланстан тыс баптармен байланысты тәуекелдерді қосқанда, өтімділік тәуекелінің барлық дерек көздерін;
бір операциялық күнге, күн сайынғы (мейлінше қысқа уақыт бөліктері үшін), одан кейін одан ұзағырақ уақыт кезеңдерінің бірқатары да бойынша өтімділік позицияларын;
стресс жағдайларын қамтитын түрлі сценарийлерді;
жүйе, заңдық кедергілер, уақыт аймақтары және валюталар тұрғысынан алғанда ұйымдардағы өзгешеліктерді назарға ала отырып, өтімділік тәуекелін басқару үшін, оның ішінде шоғырландырылған негізде қажетті ақпаратты ескереді.
Банк Директорлар кеңесіне, Басқармаға және (немесе) тиісті функциялары мен өкілеттіктері бар басқа алқалық органдарға есеп берудің ауқымын, нысанын және кезеңділігін анықтайтын есеп берушілік критерийлердің тізбесін әзірледі.
Директорлар кеңесі кезеңді түрде, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өтімділіктің ағымдағы әлеуетті тәуекелдерін белгіленген лимиттермен салыстырғандағы тәуекел деңгейі туралы есеп берулерді алады.
Басқарма Директорлар кеңесіне өтімділік тәуекелі лимиттерінің бұзушылықтары туралы хабарлайды және түзету шараларын қабылдайды.

Директорлар кеңесі функциялары жағынан тәуелсіз, тиісінше оқытылған және құзыретті қызметкерлердің өтімділік тәуекелін басқару жүйесіне ішкі бақылау жасау жөніндегі жұмысты жүргізуін қамтамасыз етеді.

Ішкі аудит қызметі қызметкерлерінің банктегі өтімділік тәуекелін басқару жүйесінің тиімділігін бағалау үшін қажет тәжірибесі және машықтары бар. Ішкі аудит қызметі банк бөлімшелерінің өтімділік тәуекелін басқарудың келісілген құрылымын іске асыруын және тиімділігін жүйелі түрде қарайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады