Ислам банкін, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкінің филиалын таңдау және оған инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған ақша және таратылатын ислам банкінің, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкі филиалының инвестициялық депозиттері бойынша міндеттемелер есебінен сатып алынған мүлікті беру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 27 наурыздағы N 51 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 5 мамырдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5664 болып енгізілді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 17.02.2021 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңының 74-1-бабының 3-тармағына, 74-5-бабы 5-тармағының он екінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 17.02.2021 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Ислам банкін, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкінің филиалын таңдау және оған инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған ақша және таратылатын ислам банкінің, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкі филиалының инвестициялық депозиттері бойынша міндеттемелер есебінен сатып алынған мүлікті беру қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 17.02.2021 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулы бірінші рет ресми жарияланған күннен кейінгі он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      3. Қаржы ұйымдарын тарату департаменті (З.С. Жұмабаева):

      1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;

      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастан он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне және "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жеткізсін.

      4. Агенттік Төрайымының Қызметі (А. Ә . Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.

Төрайым

Е. Бахмутова


  Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2009 жылғы 27
наурыздағы N 51 қаулысымен
бекітілді

Ислам банкін, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкінің филиалын таңдау және оған инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған ақша және таратылатын ислам банкінің, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкі филиалының инвестициялық депозиттері бойынша міндеттемелер есебінен сатып алынған мүлікті беру қағидалары

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 17.02.2021 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы Заң) 74-1-бабының 3-тармағына, 74-5-бабы 5-тармағының он екінші бөлігіне сәйкес әзірленді және ислам банкін, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкінің филиалын таңдау және оған инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған ақша және таратылатын ислам банкінің, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкі филиалының инвестициялық депозиттері бойынша міндеттемелер есебінен сатып алынған мүлікті беру тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 17.02.2021 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы Қағидаларды қолдану мақсатында мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) депозитор – инвестициялық депозит туралы шарт жасасқан, таратылатын ислам банкінің, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкі филиалының клиенті;

      2) инвестициялық депозит – инвестициялық депозит туралы шартта көзделген тәртіппен берілген ақшаны қолдану нәтижесіне байланысты ол бойынша кіріс төлеу талабымен, клиент ислам банкіне, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкіне номиналды көрсетілімде қайтару кепілісіз тиісті мерзімге беретін ақша;

      3) ислам банкі – уәкілетті органның лицензиясы негізінде, Банктер туралы Заңның 4-1-тарауында көзделген банк қызметін жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банк;

      4) қабылдайтын ислам банкі – тарату комиссиясы таратылатын ислам банкінің, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкі филиалының мүлкі мен міндеттемелерін оларға беруге таңдаған ислам банкі, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкі;

      5) тарату комиссиясы – ислам банкін, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкі филиалын мәжбүрлеп тарату жөніндегі шешім қабылданған жағдайда, уәкілетті орган тағайындайтын (босататын) не ислам банкі, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкі оларды ерікті таратуға (ерікті тоқтатуға) рұқсат алғанда тағайындайтын, тарату комиссиясы төрағасының тікелей басшылығымен ислам банкінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкі филиалының істерін аяқтау және кредиторлармен есеп айырысуды қамтамасыз ету мақсатында тарату (қызметін мәжбүрлеп тоқтату) рәсімі барысында ислам банкінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкі филиалының мүлкін және істерін басқару бойынша өкілеттікті жүзеге асыратын орган;

      6) таратылатын ислам банкі – мәжбүрлеп не ерікті тарату процесіндегі ислам банкі, қызметі мәжбүрлеп не ерікті тоқтату процесіндегі Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкінің филиалы;

      7) таратылатын ислам банкінің мүлкі мен міндеттемелері – инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған ақша және таратылатын ислам банкінің, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкі филиалының инвестициялық депозиттері бойынша міндеттемелер есебінен сатып алынған мүлік;

      8) уәкілетті орган – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 17.02.2021 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Қағидаларға сәйкес таратылатын ислам банкінің мүлкі мен міндеттемелерін беруге негіз болып заңдық күшіне енген ислам банкін мәжбүрлеп тарату жөніндегі соттың шешімі не уәкілетті органның ислам банкін ерікті тарату жөніндегі рұқсаты табылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-тарау. Таратылатын ислам банкінің мүлігі мен міндеттемелері берілетін ислам банкін таңдау тәртібі

      4. Тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап он бес жұмыс күннен кешіктірмей таратылатын ислам банкінің мүлігі мен міндеттемелерін қабылдаулары жөніндегі ұсынысты ислам банктеріне жібереді.

      5. Таратылатын ислам банкінің мүлігі мен міндеттемелерін қабылдағылары келетін ислам банктері ұсынысты алған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде тарату комиссиясына еркін нысанда жасалған, таратылатын ислам банкінің мүлігі мен міндеттемелерін қабылдағысы келетіні туралы өтінішті тарату комиссиясына ұсынады.

      6. Тарату комиссиясы ұсынысты жіберген күннен бастап отыз жұмыс күннен кешіктірмей таратылатын ислам банкінің мүлігі мен міндеттемелерін қабылдағысы келетіні туралы өтініш берген және мына талаптарға сәйкес келетін ислам банктері арасынан ислам банкін таңдауды жүзеге асырады:

      1) таратылатын ислам банкінің мүлігі мен міндеттемелерін қабылдау жөніндегі ұсынысты жіберу күнінде пруденциалдық нормативтерді орындауы;

      2) таратылатын ислам банкінің мүлігі мен міндеттемелерін қабылдау жөніндегі ұсынысты жіберу күніне дейінгі соңғы он екі ай ішінде уәкілетті орган қолданған санкциялардың болмауы;

      3) таратылатын ислам банкінің мүлігі мен міндеттемелерін қабылдау жөніндегі ұсынысты жіберу күнінде Банктер туралы заңның 46-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында, 47-1-тармағында көзделген қолданыстағы қадағалап ден қою шараларының болмауы;

      4) соңғы аяқталған қаржы жылының қорытындысы бойынша ислам банкінің шығынсыз қызметі;

      5) жеке және заңды тұлғалардың инвестициялық депозиттерін қабылдауға лицензиясы болуы.

      Ислам банкін таңдағанда, тарату комиссиясы таратылатын ислам банкінің мүлігі мен міндеттемелерін қабылдауға ниет білдірген ислам банкі ұсынатын және депозиторлар үшін барынша пайдалы болып табылатын қосымша талаптарды ескереді.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 17.02.2021 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Тарату комиссиясының таратылатын ислам банкінің мүлігі мен міндеттемелері берілетін ислам банкін таңдау жөніндегі шешімі тарату комиссиясы мүшелерінің жай көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең келгенде, тарату комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      Тарату комиссиясының шешімі тарату комиссиясының хаттамасымен ресімделеді және ол қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға бекіту үшін жіберіледі.

      8. Тарату комиссиясы ислам банкін таңдау жөніндегі шешімді бекіткеннен кейін таратылатын ислам банкінің мүлігі мен міндеттемелері берілетін ислам банкін таңдалғаны жөніндегі ақпаратты республикалық мерзімді баспа басылымдарында мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жариялау бойынша іс-шараларды қолданады.

3-тарау. Таратылатын ислам банкінің мүлігі мен міндеттемелерін ислам банкіне беру тәртібі

      9. Қабылдайтын ислам банкіне таратылатын ислам банкінің мүлігі мен міндеттемелерін беруді тарату комиссиясы мен қабылдайтын ислам банкі арасында жасалатын беру жөніндегі келісім және қабылдау-өткізу актісі негізінде тарату комиссиясы жүзеге асырады.

      10. Таратылатын ислам банкінің мүлігі мен міндеттемелерін беру жөніндегі келісім жазбаша түрде жасалады және оған мына талаптар кіреді:

      1) инвестициялық депозит жөніндегі берілетін шарттардың тізбесі мен саны;

      2) құқықты белгілеу құжаттарын көрсетіп, инвестициялық депозиттер жөніндегі шарт бойынша тартылған ақша есебінен сатып алынған мүліктің саны мен атауы;

      3) ислам банкіне берілуге тиісті инвестициялық депозиттер бойынша міндеттемелердің тізбесі;

      4) таратылатын ислам банкінің мүлігі мен міндеттемелерін беру күні;

      5) берілетін инвестициялық депозиттер жөніндегі шарттар бойынша құжаттардың беру тәртібі мен мерзімдері.

      11. Таратылатын ислам банкінің мүлігі мен міндеттемелерін беру жөніндегі келісімге қол қойылғаннан кейін, тарату комиссиясы беру жөніндегі аталған келісімде тараптармен келісілген тәртіпте, мерзімде және талаптарда таратылатын ислам банкінің беретін мүлігі мен міндеттемелеріне қатысты құжаттардың тұпнұсқалары мен көшірмелерін қабылдайтын ислам банкіне қабылдау-өткізу актісі негізінде береді.

      12. Таратылатын ислам банкінің мүлігі мен міндеттемелерінің қабылдау-өткізу актісінде мына мәліметтер көрсетіледі:

      1) қабылдайтын ислам банкінің және таратылатын ислам банкінің толық атауы (ислам банктерін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкінің филиалын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға сәйкес);

      2) қабылдайтын ислам банкінің және таратылатын ислам банкінің тіркелген (ислам банктерін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкінің филиалын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға сәйкес) немесе нақты орналасқан орны;

      3) жеке және заңды тұлғалардан инвестициялық депозиттерін қабылдауды қоса алғанда, ислам банкінің банктік және өзге де операцияларды жүргізуге берілген қабылдайтын ислам банкінің лицензиясының нөмірі мен берілген күні;

      4) қабылдайтын ислам банкі басқармасының бірінші басшысының және бас бухгалтерінің (Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкінің филиалының басшы қызметкерінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкінің қабылдайтын филиалының бас бухгалтерінің), таратылатын ислам банкінің тарату комиссиясы төрағасының және бас бухгалтерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      5) мына ақпаратты көрсетіп, депозиторлар тізімі:

      инвестициялық депозит туралы шартты жасасу нөмірі мен күні;

      берілетін мүлікке құқық белгілеуші құжаттардың, аталған мүлікке сақтандыру шарттарының (сақтандыру полистері) (ол сақтандырылған жағдайда), оның ақшасы есебінен сатып алынған мүлікке мүлік иегерін сәйкестендіретін өзге құжаттардың тізбесі;

      жеке тұлғалар бойынша:

      депозитордың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және туған күні;

      таратылатын ислам банкіндегі банктік шотының нөмірі (бар болса);

      жеке сәйкестендіру нөмірі;

      депозитордың жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен нөмірі, оны берген мемлекеттік орган туралы мәліметтер, беру күні;

      депозитордың мекен-жайы және (немесе) нақты тұрғылықты орны;

      заңды тұлғалар бойынша:

      депозитордың атауы;

      таратылатын ислам банкіндегі банктік шотының нөмірі (бар болса);

      бизнес – сәйкестендіру нөмірі;

      заңды тұлғаның мемлекеттік (қайта) тіркеу жөніндегі куәлігінің, лицензиясының нөмірі және берілген күні;

      заңды тұлғаның орналасқан жері;

      сондай-ақ, таратылатын ислам банкінің мүлігі мен міндеттемелеріне жататын басқа мәліметтер.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.03.29 № 50 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 17.02.2021 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      13. Қабылдау-өткізу актісін тарату комиссиясы қабылдайтын ислам банкі, тарату комиссиясы, уәкілетті орган үшін бір дана етіп үш данада жасайды, оған тарату комиссиясының төрағасы және бас бухгалтері, қабылдайтын ислам банкі басқармасының бірінші басшысы және бас бухгалтері (Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкінің филиалының басшы қызметкері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкінің қабылдайтын филиалының бас бухгалтері) қол қояды және қабылдайтын ислам банкінің және таратылатын ислам банкі мөрінің бедерімен расталады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 17.02.2021 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      14. Тарату комиссиясы қабылдау-өткізу актісін уәкілетті органға оған қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде береді.

      15. Таратылатын ислам банкінің мүлігі мен міндеттемелерін қабылдайтын ислам банкіне беру күні болып қабылдау-өткізу актісіне қол қойылған күн саналады.

      16. Қабылдау-өткізу актісіне қол қойылған күннен бастап таратылатын ислам банкінің депозиторлар алдындағы міндеттемелері тоқтатылған болып саналады.

      17. Қабылдайтын ислам банкі таратылатын ислам банкінің мүлігі мен міндеттемелері берілуі өткені жөнінде депозиторларға жазбаша хабарлайды.

      18. Қабылдайтын ислам банкі депозитормен (лармен) келісу бойынша мыналар:

      1) тиісті шартты жасасып, инвестициялық депозит жөніндегі шарт бойынша тартылған ақша есебінен сатып алынған мүлікті бұдан әрі басқару жөнінде;

      2) инвестициялық депозитті мерзімінен бұрын қайтару жөнінде шешім қабылдайды.

      19. Қағидаларда реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте шешіледі.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады