"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарының магистратурасына іріктеу және қабылдау ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 13 сәуірдегі N 221 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2009 жылғы 9 сәуірдегі N 135 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 5 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5667 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 8 мамырдағы № 279 бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2012.05.08 № 279 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары үшін басшы және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауды жетілдіру үшін БҰЙЫРАМЫН:
      "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарының магистратурасына іріктеу және қабылдау ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 13 сәуірдегі N 221 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2864 болып тіркелген, 2005 жылғы 27 қазанда "Заң газетінде" жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      2-тармақта "Ішкі істер бас басқармаларының, Ішкі істер басқармаларының, Көліктегі ішкі істер басқармаларының" деген сөздер "Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындары магистратурасына іріктеу және қабылдау ережелерінде:
      бүкіл мәтін бойынша "ІІББ, ІІБ, КІІБ" деген аббревиатуралар "ІІД, КІІД" деген аббревиатуралармен ауыстырылсын;
      2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Магистратура "Заңтану" және "құқық қорғау қызметі" мамандықтары бойынша басшы, ғылыми және педагогикалық кадрлар резервін даярлауды жүзеге асырады.
      3. Бейіндік бағыт бойынша магистратурада оқу мерзімі - кемінде бір жыл, ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша - екі жыл.
      4. Бейіндік бағыт бойынша магистратура жоғары білімнің (заңгерлік) кәсіптік оқу бағдарламаларын игерген, қажетті іскерлік қабілетке ие және жоғары лауазымдарға жылжыту үшін резервте тұрған, жасы 40-қа дейінгі, ішкі істер органдарында кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттері (бұдан әрі - Қазақстан Республикасы ІІМ, ІІД, КІІД) аса маңызды істер жөніндегі аға инспекторынан, ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторынан төмен емес лауазымдарда кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар ішкі істер органдарының қызметкерлерімен жасақталады.
      Ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша магистратураға жасы 35-тен аспаған, жоғары білімнің (заңгерлік) кәсіптік оқу бағдарламаларын игерген және ішкі істер органдарында жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес ішкі істер органдарының қызметкерлері қабылданады.";
      5-тармақ алынып тасталсын;
      6-тармақта "қазанындағы" деген сөз "қыркүйегіндегі" деген сөзбен ауыстырылсын;
      8-тармақта:
      "Магистратураға" деген сөз "Бейіндік бағыт бойынша магистратураға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша магистратураға қабылдау емтихандарын өткізу және қабылдау үшін жоғары оқу орнында қабылдау және емтихан комиссиялары құрылады.
      Қабылдау комиссиясының құрамына ІІМ Комитеттерінің, департаменттерінің өкілдері, ІІМ оқу орындарының және осы өңірдегі ғылыми ұйымдардың ғалымдары кіреді. Жоғары оқу орнының басшысы қабылдау комиссиясының төрағасы болып табылады.";
      мынадай мазмұндағы 8-1, 8-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "8-1. Мамандық бойынша емтихан комиссиясы ІІМ жоғары оқу орындарының және осы өңірдегі ғылыми ұйымдардың ғалымдары қатарынан жасақталады.
      Мамандық бойынша емтихан комиссиясының құрамы төрағадан және үш мүшеден тұрады, оның ішінде екеуі ғылым докторы, басқалары мамандық бейіні бойынша ғылым кандидаттары болуы тиіс.
      Мамандық бойынша емтихан комиссиясының құрамы жоғары оқу орны бастығының бұйрығымен бекітіледі.
      Мамандық бойынша қабылдау емтиханын өткізу нысанын қабылдау комиссиясы айқындайды.
      8-2. Қабылдау емтиханының нәтижелерімен келіспеген қызметкер жазбаша түрде апелляциялық өтініш бере алады.
      Осы мақсатта мамандық бойынша апелляциялық комиссия құрылады.";
      10-тармақта Қазақстан Республикасының Ішкісмині департаменттерінің және дербес басқармаларының бастықтары" деген сөздер "Қазақстан Республикасы ІІМ Комитеттерінің төрағалары, департаменттерінің және оқу орындарының бастықтары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      14-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "14. Магистратураға оқуға іріктеліп алынған адамдарға кадр аппараттары мынадай құжаттар ресімдейді:";
      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "15. Магистратураға түсетін адамдар шет тілі және мамандығы бойынша қабылдау емтихандарын тапсырады. Шет тілі бойынша қабылдау емтиханы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген технологиялар бойынша тапсырылады.
      Шет тілі бойынша тестілеудің белгіленген бастапқы балынан өткен адамдар сертификаттар негізінде мамандығы бойынша емтихан тапсыруға жіберіледі.";
      16-тармақта:
      "комиссиясы" деген сөзден кейін "бейіндік бағыт бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "ІІД, КІІД және ІІМ оқу орындарының кадр аппараттары ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша магистратураға түсу үшін ұсынған адамдардың материалдарын жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясы қарайды.
      Ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша магистратураға түсушілер үшін мамандығы бойынша емтиханды алдыңғы білім деңгейі бағдарламалары көлемінде жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясы өткізеді.";
      17-тармақ алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 18-1, 18-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "18-1. Оқуға қабылдауға мамандығы және шет тілі бойынша қабылдау емтихандарының қосындысында кемінде 8 балл (әр пән бойынша білімді бағалаудың 4 балдық шкаласы бойынша) жинаған қызметкерлер жіберіледі.
      18-2. Балл көрсеткіштері бірдей жағдайда мамандық және шет тілі бойынша ең жоғары баға алған қызметкерлер қабылдау кезінде басым құқыққа ие болады.";
      22-тармақта:
      "ерекше жағдайда," деген сөздерден кейін "бейіндік бағыт бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
      "күндізгі оқу нысаны бойынша" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:
      "22-1. Жоғары оқу орындары қабылдауды ұйымдастыру және өткізу бойынша есептерді, сондай-ақ магистратураға қабылдау туралы бұйрықтардың көшірмелерін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне он күн мерзім ішінде ұсыну үшін Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаментіне жолдайды.".
      2. Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаменті (Ә.А. Жансейітов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                              С. Баймағанбетов

      "Келісілді"
      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі
      ___________ Ж.Қ. Түймебаев
      2009 жылғы 11 сәуір

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады