Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2012.05.21 № 230 Бұйрығымен.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабы 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы N 638 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5115 болып тіркелген, "Заң газетінің" 2008 жылғы 22 ақпандағы N 28 санында жарияланған), "Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы N 638 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 сәуірдегі N 213 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 24 сәуірде N 5197 болып тіркелген, "Заң газетінің" 2008 жылғы 16 мамырдағы N 73 санында жарияланған) және "Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы N 638 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 маусымдағы N 359 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 19 маусымда N 5241 болып тіркелген, "Заң газетінің" 2008 жылғы 4 шілдедегі N 101 санында жарияланған) бұйрықтармен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген және оған мынандай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесінде :
3-тармақта "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы (бұдан әрі - БТМСҰО)" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы (бұдан әрі - ҰТО)" деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақ мынандай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Шетел азаматтарын ақылы негізде шетел тілінде оқытуға қабылдау жоғары оқу орындары оқыту тілінде жүргізетін кешенді тестілеудің нәтижесі бойынша жүзеге асырылады.".
"3. Білім беру грантын тағайындау тәртібі" деген тарау алынып тасталынсын.
Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік ережесінің 1-қосымшасында :
3-жолдағы "Қылмыстық-атқару жүйесінің Комитеті Қостанай заң институты" деген сөздер "Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Академиясы" деген сөздермен ауыстырылсын;
8-жолдағы "Шет тілдерінің әскери институты" деген сөздер "Әскери институты" деген сөздермен ауыстырылсын;
9-жолдағы "Петропавл жоғары әскери училишесі" деген сөздер "Ішкі әскерлердің Әскери институты" деген сөздермен ауыстырылсын;
10-жол алынып тасталсын;
11-жол "Ұлттық" деген сөзден кейін "қорғаныс" деген сөзбен толықтырылсын.
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С.М.Өмірбаев):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі Ж. Түймебаев
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
__________ Ж. Досқалиев
2009 жылғы ______________