Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі 2009 жылғы 9 шілдедегі N 60 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 20 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5754 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 207 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банк шоттарын ашу және жүргізу тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1199 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2000 жылы N 9 жарияланған; Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1675 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2001 жылы N 40-41 жарияланған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулыққа өзгерістерді бекіту туралы" 2001 жылғы 8 қазандағы N 382, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2244 тіркелген, 2003 жылғы 6 маусымда "Егемен Қазақстан" газетінің N 137-138 (23348) жарияланған, "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1199 тіркелген "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 21 наурыздағы N 90, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2343 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" ресми басылымында 2003 жылғы 2–15 маусымда N 12 жарияланған, "Банктік депозиттік сертификаттарды бағалы қағаздар деп тану және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1199 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 140, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4094 тіркелген, 2006 жылғы 10 наурызда "Заң газеті" газетінің N 42-43 (849) жарияланған, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 24 қаңтардағы N 2, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4534 тіркелген, 2007 жылғы 16 ақпанда "Заң газеті" газетінің N 25 (1054) жарияланған, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2007 жылғы 18 қаңтардағы N 2, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5128 тіркелген, 2008 жылғы 19 ақпанда "Заң газеті" газетінің N 25 (1251) жарияланған, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 24 қазандағы N 123, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5272 тіркелген, 2008 жылғы 26 тамызда "Заң газеті" газетінің 2008 жылғы 26 тамыздағы N 129 (1355) жарияланған, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2008 жылғы 23 маусымдағы N 49 қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен қоса) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесінде:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі), "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Ақша төлемі мен аударымы туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына және Қазақстан Республикасының осыларға сәйкес қабылданған өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының банктерінде және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының осындай ұйымның қызметін реттейтін заңында көрсетілген операцияларды лицензиясыз жүзеге асыру мүмкіндігі көзделген жағдайда заңды және жеке тұлғалардың банк шоттарын ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын ұйымдарда (бұдан әрі – банктер) клиенттердің банк шоттарын ашу, ашудан бас тарту, жүргізу және жабу тәртібін айқындайды.";
      2-тармақта "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде," деген сөздерден кейін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі)" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
      "6-1. Резидент еместі қоса алғанда, заңды тұлға салық төлеушіге, оның құрылымдық бөлімшелеріне, жеке кәсіпкерге, жеке нотариусқа және адвокатқа, резидент емес жеке тұлғаға және азаматтығы жоқ тұлғаға жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін, арнайы қаржы компаниясының облигацияларының шығарылымын қамтамасыз ету болып табылатын активтерді және инвестициялық қордың активтерін сақтауға арналған банк шоттарын, резидент еместердің жинақ шоттарын және (немесе) шетелдік корреспондент банктердің корреспонденттік шоттарын қоспағанда, банк шоттарын ашудан бас тарту салық заңнамасында көзделген негіздер бойынша, сондай-ақ осы Ережеде көзделген құжаттар ұсынылмаған жағдайда жүзеге асырылады.";
      11-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік, адвокаттық, жеке нотариалдық қызметті жүзеге асырмайтын резидент жеке тұлғалары үшін:
      жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты; жеке куәлігі);
      салық төлеуші ретінде тіркелу фактісін растайтын, салық қызметі органы берген құжаттың көшірмесі.";
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) Қазақстан Республикасының резиденттері жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар және адвокаттар үшін:
      жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты; жеке куәлігі);
      қол қою үлгісі бар құжат;
      клиентті жеке кәсіпкер, жеке нотариус, адвокат ретінде тіркеу есебіне қою фактісін растайтын, салық қызметі органы берген құжаттың көшірмесі;
      салық төлеуші ретінде тіркелу фактісін растайтын, салық қызметі органы берген құжаттың көшірмесі;
      мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өту фактісін растайтын, уәкілетті орган берген, белгіленген нысандағы құжаттың көшірмесі;
      жеке нотариустар үшін – нотариалдық қызметпен айналысу құқығына берілген лицензияның көшірмесі;
      адвокаттар үшін – адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген лицензияның көшірмесі;";
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмайтын резидент емес жеке тұлғалары үшін:
      жеке басын куәландыратын құжат (шетелдік азаматтың төлқұжаты, азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі; шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты);
      салық төлеуші ретінде тіркелу фактісін растайтын, салық қызметі органы берген құжаттың көшірмесі;
      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "4-1) Қазақстан Республикасының резидент еместері жеке кәсіпкерлер үшін:
      жеке басын куәландыратын құжат (шетелдік азаматтың төлқұжаты, азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі; шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты; азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі);
      қол қою үлгісі бар құжат;
      клиентті жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою фактісін растайтын, салық қызметі органы берген құжаттың көшірмесі;
      салық төлеуші ретінде тіркелу фактісін растайтын, салық қызметі органы берген құжаттың көшірмесі;
      мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өту фактісін растайтын, уәкілетті орган берген, белгіленген нысандағы құжаттың көшірмесі;";
      20-тармақтың үшінші абзацынан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Банктің осы банкте ашылған банк шоты бар жеке тұлға клиентке электрондық цифрлы қол қоюды немесе клиенттің динамикалық сәйкестендірілуін пайдаланумен электрондық түрде жасалған шарт негізінде, жеке басын куәландыратын құжатты қайтадан ұсынбай, осы тармақтың бірінші – үшінші абзацтарында көзделген талаптарды сақтай отырып, банк шотын ашуға рұқсат етіледі.";
      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "23. Резидент еместі қоса алғанда, заңды тұлғаға, оның құрылымдық бөлімшелеріне, жеке кәсіпкерге, жеке нотариусқа, адвокатқа, резидент емес жеке тұлғаға және азаматтығы жоқ тұлғаға жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін, арнайы қаржы компаниясының облигацияларының шығарылымын қамтамасыз ету болып табылатын активтерді және инвестициялық қордың активтерін сақтауға арналған банк шоттарын, резидент еместердің жинақ шоттарын және (немесе) шетелдік корреспондент банктердің корреспонденттік шоттарын қоспағанда, банк шоты ашылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей банктер тиісті салық қызметі органдарын хабарларды кепілдікпен жеткізуді қамтамасыз ететін электрондық байланыс арналары арқылы көрсетілген шоттарды сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып ашу туралы хабардар етуге міндетті.
      Осындай электрондық арналар арқылы көрсетілген шоттарды ашу туралы хабарлауға техникалық проблемалардың туындауы себепті мүмкін болмаған кезде хабарлама қағазға басылып, салық төлеуші орналасқан (тұратын) жер бойынша салық органына үш жұмыс күні ішінде жіберіледі.";
      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "43. Банк шотын:
      1) шот:
      заңды тұлға клиентті таратуға немесе қайта ұйымдастыруға;
      заңды және жеке тұлғаның шотында бір жылдан астам уақыт ақша болмауына;
      заңды және жеке тұлғаның шотында бір жылдан астам уақыт ақша қозғалысының болмауына байланысты жабылған жағдайларын қоспағанда:
      банк шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдардың орындалмаған талаптары және (немесе) өкімдері, сондай-ақ уәкілетті органдардың немесе клиенттің ақшасына тыйым салуға құқығы бар лауазымды тұлғалардың шешімдері (қаулылары) болған жағдайда жабуға жол берілмейді. Банк шоттың иесіне шоттағы ақша қозғалысының болмауы және хабарлаған күннен бастап үш ай аяқталғаннан кейін оны жабу туралы хабарлайды. Егер хабарлаған күннен бастап үш ай ішінде банк шотының иесі шот бойынша операцияларды жаңартпаса, банк Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 291-бабына сәйкес ақша қалдығын нотариустың депозитіне аудара отырып, банк шоты шартын біржақты тәртіппен бұзады және шотты жабады;
      2) заңды тұлға клиентті таратуға немесе қайта ұйымдастыруға байланысты шотты жабу жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес банкке клиент ұсынатын сыртқы экономикалық экспорттық-импорттық келісімшарттар бойынша орындалмаған талаптары болған кезде жабуға тыйым салынады.";
      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "44. Резидент еместі қоса алғанда, заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшелерінің, жеке кәсіпкердің, жеке нотариустың, адвокаттың, резидент емес жеке тұлғаның және азаматтығы жоқ тұлғаның жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін, арнайы қаржы компаниясының облигацияларының шығарылымын қамтамасыз ету болып табылатын активтерді және инвестициялық қордың активтерін сақтауға арналған банк шоттарын, резидент еместердің жинақ шоттарын және (немесе) шетелдік корреспондент банктердің корреспонденттік шоттарын қоспағанда, банк шоттары жабылғаннан кейін банктер тиісті салық қызметі органдарын хабарларды кепілдікпен жеткізуді қамтамасыз ететін электрондық байланыс арналары арқылы, олар жабылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей, сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып олардың жабылуы туралы хабардар етуге міндетті.
      Осындай электрондық арналар арқылы көрсетілген шоттарды жабу туралы хабарлауға техникалық проблемалардың туындауы себепті мүмкін болмаған кезде хабарлама қағазға басылып, салық төлеуші орналасқан (тұратын) жер бойынша салық органына үш жұмыс күні ішінде жіберіледі.".
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаменті (Сизова С.И.):
      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және өкілдіктеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
      4. Ұйымдастыру жұмысы, сыртқы және қоғамдық байланыстар департаменті (Терентьев А.Л.) Заң департаментінен жариялауға өтінімді алған күннен бастап үш күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға шаралар қабылдасын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсін.

      Төрағаның міндетін атқарушы                  Д.Т. Ғалиева

О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 2 июня 2000 года № 266 "Об утверждении Правил открытия, ведения и закрытия банковских счетов клиентов в банках Республики Казахстан"

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 9 июля 2009 года № 60. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 20 августа 2009 года № 5754. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 31 августа 2016 года № 207

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 31.08.2016 № 207 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В целях совершенствования порядка открытия и ведения банковских счетов клиентов в банках Республики Казахстан Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ :
      1. В постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 2 июня 2000 года № 266 "Об утверждении Правил открытия, ведения и закрытия банковских счетов клиентов в банках Республики Казахстан" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 1199, опубликованное в Бюллетене нормативных правовых актов центральных исполнительных и иных государственных органов Республики Казахстан в 2000 году, № 9; с изменениями и дополнениями, внесенными постановлениями Правления Национального Банка Республики Казахстан от 8 октября 2001 года № 382 "Об утверждении изменений в Инструкцию о порядке открытия, ведения и закрытия банковских счетов клиентов в банках Республики Казахстан, утвержденную постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 2 июня 2000 года № 266", зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 1675, опубликованным в Бюллетене нормативных правовых актов центральных исполнительных и иных государственных органов Республики Казахстан в 2001 году, № 40-41, от 21 марта 2003 года № 90 "О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 2 июня 2000 года № 266 "Об утверждении Инструкции о порядке открытия, ведения и закрытия банковских счетов клиентов в банках Республики Казахстан", зарегистрированное в Министерстве юстиции Республики Казахстан под № 1199", зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 2244, опубликованным 6 июня 2003 года в газете "Казахстанская правда" № 163-164 (24103-24104), от 21 апреля 2003 года № 140 "О признании банковских депозитных сертификатов ценными бумагами и внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 2 июня 2000 года № 266 "Об утверждении Инструкции о порядке открытия, ведения и закрытия банковских счетов клиентов в банках Республики Казахстан", зарегистрированное в Министерстве юстиции Республики Казахстан под № 1199", зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 2343, опубликованным 2-15 июня 2003 года в официальном издании Национального Банка Республики Казахстан "Вестник Национального Банка Казахстана" № 12, от 24 января 2006 года № 2 "О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 2 июня 2000 года № 266 "Об утверждении Инструкции о порядке открытия, ведения и закрытия банковских счетов клиентов в банках Республики Казахстан", зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 4094, опубликованным 10 марта 2006 года в газете "Юридическая газета" № 42-43 (1022-1023), от 18 января 2007 года № 2 "О внесении изменений и дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 2 июня 2000 года № 266 "Об утверждении Правил открытия, ведения и закрытия банковских счетов клиентов в банках Республики Казахстан", зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 4534, опубликованным 16 февраля 2007 года в газете "Юридическая газета" № 25 (1228), от 24 октября 2007 года № 123 "О внесении дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 2 июня 2000 года № 266 "Об утверждении Правил открытия, ведения и закрытия банковских счетов клиентов в банках Республики Казахстан", зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 5128, опубликованным 19 февраля 2008 года в газете "Юридическая газета" № 25 (1425), от 23 июня 2008 года № 49 "О внесении дополнений и изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 2 июня 2000 года № 266 "Об утверждении Правил открытия, ведения и закрытия банковских счетов клиентов в банках Республики Казахстан", зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 5272, опубликованным 26 августа 2008 года в газете "Юридическая газета") внести следующие изменения и дополнения:
      в Правилах открытия, ведения и закрытия банковских счетов клиентов в банках Республики Казахстан, утвержденных указанным постановлением:
       пункт 1 изложить в следующей редакции:
      "1. Настоящие Правила разработаны в соответствии с Гражданским кодексом Республики Казахстан, Кодексом Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс)", Законами Республики Казахстан " О Национальном Банке Республики Казахстан ", " О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан ", " О платежах и переводах денег " и иными принятыми в соответствии с ними нормативными правовыми актами Республики Казахстан и определяют порядок открытия, отказа в открытии, ведения и закрытия банковских счетов клиентов в банках Республики Казахстан и организациях, осуществляющих открытие и ведение банковских счетов юридических и физических лиц, на основании лицензии уполномоченного государственного органа по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций, а также в случае, когда законом Республики Казахстан, регулирующим деятельность такой организации, предусмотрена возможность осуществления указанных операций без лицензии (далее - банки).";
      в пункте 2 после слов "Гражданским Кодексом Республики Казахстан" дополнить словами " Кодексом Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс)";
      дополнить пунктом 6-1 следующего содержания:
      "6-1. Отказ в открытии банковских счетов налогоплательщику - юридическому лицу, включая нерезидента, его структурным подразделениям, индивидуальному предпринимателю, частному нотариусу и адвокату, физическому лицу-нерезиденту и лицу без гражданства, кроме банковских счетов, предназначенных для хранения пенсионных активов накопительных пенсионных фондов, активов, являющихся обеспечением выпуска облигаций специальной финансовой компании, и активов инвестиционного фонда, сберегательных счетов нерезидентов и (или) корреспондентских счетов иностранных банков-корреспондентов осуществляется по основаниям предусмотренным налоговым законодательством, а также в случае не предоставления документов, предусмотренных настоящими Правилами.";
      в пункте 11:
      подпункт 2) изложить в следующей редакции:
      "2) для физических лиц-резидентов Республики Казахстан, не осуществляющих предпринимательскую, адвокатскую, частную нотариальную деятельность:
      документ, удостоверяющий личность (паспорт гражданина Республики Казахстан; удостоверение личности);
      копию документа, выданного органом налоговой службы, подтверждающего факт регистрации в качестве налогоплательщика.";
      дополнить подпунктом 2-1) следующего содержания:
      "2-1) для индивидуальных предпринимателей, частных нотариусов и адвокатов – резидентов Республики Казахстан:
      документ, удостоверяющий личность (паспорт гражданина Республики Казахстан; удостоверение личности);
      документ с образцом подписи;
      копию документа, выданного органом налоговой службы, подтверждающего факт постановки клиента на регистрационный учет в качестве индивидуального предпринимателя, частного нотариуса, адвоката;
      копию документа, выданного органом налоговой службы, подтверждающего факт регистрации в качестве налогоплательщика;
      копию документа установленной формы, выданного уполномоченным органом, подтверждающего факт прохождения государственной регистрации (перерегистрации);
      для частных нотариусов – копию лицензии на право занятия нотариальной деятельностью;
      для адвокатов – копию лицензии на право занятия адвокатской деятельностью;";
      подпункт 4) изложить в следующей редакции:
      "4) для физических лиц - нерезидентов Республики Казахстан не осуществляющих предпринимательскую деятельность:
      документ, удостоверяющий личность (паспорт иностранного гражданина; удостоверение лица без гражданства; вид на жительство иностранца в Республике Казахстан);
      копию документа, выданного органом налоговой службы, подтверждающего факт регистрации в качестве налогоплательщика;
      дополнить подпунктом 4-1) следующего содержания:
      "4-1) для индивидуальных предпринимателей-нерезидентов Республики Казахстан:
      документ, удостоверяющий личность (паспорт иностранного гражданина; удостоверение лица без гражданства; вид на жительство иностранца в Республике Казахстан; удостоверение лица без гражданства);
      документ с образцом подписи;
      копию документа, выданного органом налоговой службы, подтверждающего факт постановки клиента на регистрационный учет в качестве индивидуального предпринимателя;
      копию документа, выданного органом налоговой службы, подтверждающего факт регистрации в качестве налогоплательщика;
      копию документа установленной формы, выданного уполномоченным органом, подтверждающего факт прохождения государственной регистрации (перерегистрации);";
      после абзаца третьего пункт 20 дополнить абзацем следующего содержания:
      "Допускается открытие банком банковского счета клиенту - физическому лицу, имеющему в данном банке открытый банковский счет, на основании договора, заключенного в электронном виде с использованием электронной цифровой подписи или динамической идентификации клиента, без повторного представления документа, удостоверяющего личность, при соблюдении условий, предусмотренных абзацами первым – третьим настоящего пункта.";
      пункт 23 изложить в следующей редакции:
      "23. Не позднее одного рабочего дня, следующего за днем открытия банковского счета юридическому лицу, включая нерезидента, его структурным подразделениям, индивидуальному предпринимателю, частному нотариусу, адвокату, физическому лицу-нерезиденту и лицу без гражданства, кроме банковских счетов, предназначенных для хранения пенсионных активов накопительных пенсионных фондов, активов, являющихся обеспечением выпуска облигаций специальной финансовой компании, и активов инвестиционного фонда, сберегательных счетов нерезидентов и (или) корреспондентских счетов иностранных банков-корреспондентов, банки обязаны уведомить соответствующие органы налоговой службы посредством электронных каналов связи, обеспечивающих гарантированную доставку сообщений, об открытии указанных счетов, с указанием идентификационного номера.
      При невозможности уведомления об открытии указанных счетов посредством таких электронных каналов связи из-за технических проблем уведомление направляется на бумажном носителе в налоговый орган по месту нахождения (жительства) налогоплательщика в течение трех рабочих дней.";
      пункт 43 изложить в следующей редакции:
      "43. Запрещается закрытие банковского счета при наличии:
      1) неисполненных требований и (или) распоряжений уполномоченных государственных органов, обладающих правом приостановления расходных операций по банковскому счету, а также решений (постановлений) уполномоченных органов или должностных лиц, обладающих правом наложения ареста на деньги клиента, за исключением случаев закрытия счета в связи с:
      ликвидацией или реорганизацией юридического лица-клиента;
      отсутствием денег на счете юридического и физического лица – более одного года;
      отсутствием движения денег на счете юридического и физического лица – более одного года. Банк уведомляет владельца счета об отсутствии движения денег на счете и закрытии его по истечении трех месяцев со дня уведомления. Если в течение трех месяцев со дня уведомления владелец счета не возобновит операции по счету, банк расторгает договор банковского счета в одностороннем порядке и закрывает счет, перечислив остатки денег на депозит нотариуса, согласно статье 291 Гражданского Кодекса Республика Казахстан;
      2) неисполненных требований по внешнеэкономическим экспортно-импортным контрактам, представляемым клиентом в банк в соответствии с валютным законодательством Республики Казахстан, за исключением случаев закрытия счета в связи с ликвидацией или реорганизацией юридического лица-клиента.";
      пункт 44 изложить в следующей редакции:
      "44. После закрытия банковских счетов юридическому лицу, включая нерезидента, его структурным подразделениям, индивидуальному предпринимателю, частному нотариусу, адвокату, физическому лицу-нерезиденту и лицу без гражданства, кроме банковских счетов, предназначенных для хранения пенсионных активов накопительных пенсионных фондов, являющихся обеспечением выпуска облигаций специальной финансовой компании, и активов инвестиционного фонда, сберегательных счетов нерезидентов и(или) корреспондентских счетов иностранных банков-корреспондентов, банки обязаны уведомить соответствующие органы налоговой службы об их закрытии посредством электронных каналов связи, обеспечивающих гарантированную доставку сообщений не позднее одного рабочего дня, следующего за днем их закрытия с указанием идентификационного номера.
      При невозможности уведомления о закрытии указанных счетов посредством таких электронных каналов связи из-за технических проблем уведомление направляется на бумажном носителе в налоговый орган по месту нахождения (жительства) налогоплательщика в течение трех рабочих дней.".
      2. Настоящее постановление вводится в действие после дня его первого официального опубликования.
      3. Юридическому департаменту Национального Банка Республики Казахстан (Сизовой С.И.):
      1) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления;
      2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан довести настоящее постановление до сведения заинтересованных подразделений центрального аппарата, территориальных филиалов и представительств Национального Банка Республики Казахстан, Объединения юридических лиц "Ассоциация финансистов Казахстана" и банков второго уровня.
      4. Департаменту организационной работы, внешних и общественных связей (Терентьеву А.Л.) в трехдневный срок со дня получения от Юридического департамента заявки на опубликование принять меры к официальному опубликованию настоящего постановления в средствах массовой информации Республики Казахстан.
      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Председателя Национального Банка Республики Казахстан Марченко Г.А.

       И.о. Председателя
      Национального Банка                        Д. Т. Галиева