Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 1199 тiркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының банктерiнде клиенттердiң банктiк есеп шоттарын ашу, жүргiзу және жабу тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2003 жылғы 21 наурыздағы N 90 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2003 жылғы 25 сәуірде тiркелген. Тіркеу N 2244. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 207 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасындағы банктерде клиенттердiң банктiк шоттарын ашу және жабу тәртiбiн реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының банктерiнде клиенттердiң банктiк есепшоттарын ашу, жүргiзу және жабу тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1199 тiркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2001 жылғы 8 қазандағы N 382 қаулысымен бекiтiлген өзгерiстерiмен қоса 2002 жылғы 17-30 шiлдеде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник
Национального Банка Казахстана" басылымдарында жарияланған) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының банктерiнде клиенттердiң банктiк есепшоттарын ашу, жүргiзу және жабу тәртiбi туралы нұсқаулықта:

      1-тармақтa:
      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы", Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Заң күшi бар Жарлықтарына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы ", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы ", " Ақша төлемi және аударымы туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Қазақстан Республикасының Заңына" деген сөздер алынып тасталсын;

      2-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Заң күшi бар Жарлығында, "Ақша төлемi және аударымы туралы" деген сөздер "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы ", " Ақша төлемi және аударымы туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Қазақстан Республикасының Заңына" деген сөздер алынып тасталсын;

      11-тармақта:
      1) тармақшада:
      үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "клиенттiң салық есебiне қойылу фактiсiн растайтын салық қызметi органы берген құжаттың көшiрмесi;";
      мынадай мазмұндағы төртiншi абзацпен толықтырылсын:
      "статистикалық карточкасының көшiрмесi;";
      2) тармақшаның үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "клиенттiң салық есебiне қойылу фактiсiн растайтын салық қызметi органы берген құжаттың көшiрмесi;";
      3) тармақшада:
      үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "клиенттiң Қазақстан Республикасында, филиалдар мен резидент емес заңды тұлғалардың өкiлдiктерi үшiн - олардың Қазақстан Республикасында тiркелген жерi бойынша салық есебiне қойылу фактiсiн растайтын салық қызметi органы берген құжаттың көшiрмесi;";
      мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "сауда тiзiлiмiнен не осындай сипаттағы, резидент емес заңды тұлғаны тiркеген орган, тiркеу нөмiрi, күнi және тiркеу орны туралы ақпарат бар, мемлекеттiк немесе орыс тiлiне аудару арқылы белгiленген тәртiппен расталған (құрылу үшiн арнаулы тiркеу талап етiлмейтiн ұйымдарды қоспағанда) және қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына немесе қатысушысының бiреуi Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық шартқа сәйкес жария етiлген құжаттан үзiндi-көшiрме;
      қол қою және мөр таңбасының үлгiлерi бар құжатқа сәйкес клиенттiң банктiк шотын жүргiзуге (банктiк шоттағы ақшаға иелiк жасауға) байланысты операциялар жасау кезiнде төлем құжаттарына қол қоюға уәкiлеттi тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшiрмесi;";
      5) тармақшада:
      үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "клиенттiң салық есебiне қойылу фактiсiн растайтын салық қызметi органы берген құжаттың көшiрмесi;";
      бесiншi абзац алынып тасталсын;

      12-тармақтағы ", банктiк салым шартында көзделген басқа да қызмет көрсетуге" деген сөздер алынып тасталсын;

      14-тармақтың бесiншi абзацының мемлекеттiк тiлдегi мәтiнi мынадай жаңа редакцияда жазылсын: "Шартта Тараптар келiскен, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де талаптар болуы мүмкін";

      17-тармақта:
      1) тармақшада:
      үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "клиенттiң салық есебiне қойылу фактiсiн растайтын салық қызметi органы берген құжаттың көшiрмесi;";
      мынадай мазмұндағы төртiншi абзацпен толықтырылсын:
      "статистикалық карточкасының көшiрмесi;";
      2) тармақшада:
      үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "клиенттiң салық есебiне қойылу фактiсiн растайтын салық қызметi органы берген құжаттың көшiрмесi;";
      алтыншы абзац алынып тасталсын;
      3) тармақшада:
      үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "сауда тiзiлiмiнен не осындай сипаттағы, резидент емес заңды тұлғаны тiркеген орган, тiркеу нөмiрi, күнi және тiркеу орны туралы ақпарат бар, мемлекеттiк немесе орыс тiлiне аудару арқылы белгiленген тәртiппен расталған (құрылу үшiн арнаулы тiркеу талап етiлмейтiн ұйымдарды қоспағанда) және қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына немесе қатысушысының бiреуi Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық шартқа сәйкес жария етiлген құжаттан үзiндi-көшiрме;";
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "қол қою және мөр таңбасының үлгiлерi бар құжатқа сәйкес
клиенттiң жинақ шотын жүргiзуге (жинақ шотындағы ақшаға иелiк жасауға) байланысты операциялар жасау кезiнде төлем құжаттарына қол қоюға уәкiлеттi тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшiрмесi;";

      18-тармақта:
      бiрiншi абзацтағы "адамның" деген сөзден кейiн "- клиенттiң" деген сөзбен толықтырылсын;
      1) тармақшаның үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "жинақ шотын ашу кезiнде осындай құжатты ұсыну талап етiлмейтiн жағдайларды қоспағанда, клиенттiң салық есебiне қойылу фактiсiн растайтын салық қызметi органы берген құжаттың көшiрмесi;";
      2) тармақшада:
      үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "клиенттiң салық есебіне қойылу фактiсiн растайтын салық қызметi органы берген құжаттың көшiрмесi (eгep клиент салық заңдарына сәйкес салық төлеушi болып табылған және оған салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi берiлген жағдайда);";
      мынадай мазмұндағы төртiншi абзацпен толықтырылсын:
      "он алты жасқа жетпеген, кәмелетке толмаған тұлғалар-клиенттер үшiн - туу туралы куәлiк;";

      20-тармақтa:
      біріншi абзацтағы "қол қою үлгісi бар құжаттан және" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Клиенттiң банктiк шот ашу үшiн осы Нұсқаулықта көзделген басқа құжаттарды банкке ұсынуы шартымен заңды тұлға клиенттер үшiн қол қою үлгiлерi мен мөр таңбасы бар бiр құжат негiзiнде бiр мезгiлде клиенттiң бiр банкте (филиалда, бөлiмшеде) бiрнеше банктiк шотын ашуға жол берiледi.";

      22-тармақтың мемлекеттiк тiлдегi мәтiнi мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
      "22. Есепшот ашу үшiн клиент берген құжаттардың, клиенттiң жеке басын куәландыратын құжаттан (кәмелетке толмаған клиенттiң тууы туралы куәлiктен) басқасы банкте әрбiр клиент бойынша арнайы ашылған iсте шартпен бiрге тiгiлiп, сақталуға тиiс.";

      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "43. Заңды тұлғаның - клиенттiң таратылуына немесе қайта құрылуына байланысты немесе заңды тұлғаның есепшотында бiр жылдан астам, ал жеке тұлғаның есепшотында үш жылдан астам уақыт бойы ақша болмауына байланысты жабылған жағдайларды қоспағанда, осы шотқа қойылған талаптардың орындалмағаны болған кезде банктік шотты жабуға, сондай-ақ заңды тұлғаның - клиенттің таратылуына немесе қайта құрылуына байланысты шотты жабу жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының валюта заңдарына сәйкес банкке клиент ұсынатын сыртқы экономикалық экспорт-импорт келiсiм-шарттары бойынша клиентте орындалмаған талаптар болған кезде ағымдағы шотты жабуға тыйым салынады.".

      2. Заң департаментi (Шәрiпов С.Б.):
      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, аумақтық филиалдарына және екiншi деңгейдегi
банктерге жiберсiн.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Б.Б.Жәмiшевке жүктелсiн.

      4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енедi.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады