Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 317 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы N 190 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 15 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5790 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 9 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.02.2014 № 9 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Бағалы қағаздар нарығын реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 317 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3870 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту және Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Жеке тұлғаларға бағалы қағаздар рыногында жұмыстарды орындауға рұқсат беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 1999 жылғы 20 сәуірдегі N 30 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 317 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 65 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4173 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту және Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Жеке тұлғаларға бағалы қағаздар рыногында жұмыстарды орындауға рұқсат беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 1999 жылғы 20 сәуірдегі N 30 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 317 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 17 маусымдағы N 131 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4296 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту" және Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Жеке тұлғаларға бағалы қағаздар рыногында жұмыстарды орындауға рұқсат беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 1999 жылғы 20 сәуірдегі N 30 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 317 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 111 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4689 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 272 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5137 тіркелген), "Номиналды ұстаушы ретінде клиенттің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және дилерлік қызметті және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 28 сәуірдегі N 56 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5233 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту және Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Жеке тұлғаларға бағалы қағаздар рыногында жұмыстарды орындауға рұқсат беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 1999 жылғы 20 сәуірдегі N 30 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 317 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2008 жылғы 22 тамыздағы N 130 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5319 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2008 жылғы 15 қарашада жарияланған, N 11), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 317 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 29 қазандағы N 168 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5392 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 317 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2009 жылғы 27 наурыздағы N 58 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5655 тіркелген) қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесінде:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Осы Ереженің қолданылуы мыналарға таралады:
      1) банктік қызметті реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына қарама-қайшы келмейтін бөлікте брокерлер және (немесе) дилерлер болып табылатын банктерге;
      2) зейнетақымен қамсыздандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына қарама-қайшы келмейтін бөлікте брокерлер және (немесе) дилерлер болып табылатын зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға.";
      4-1-тармақта "уәкілетті орган" деген сөздер "қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі-уәкілетті орган)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4-5-тармақпен толықтырылсын:
      "4-5. Брокер және (немесе) дилердің ішкі құжаттарымен бағалы қағаздардың орталық депозитарийінің электрондық құжаттарымен алмасу жүйесіне кіру үшін рұқсаты (пароль пайдаланатын) бар брокер және (немесе) дилердің қызметкерлерінің жауапкершілігі белгіленеді.";
      мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
      "10-1. Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметпен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті бірлесіп атқаратын брокер және (немесе) дилер "Инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 1-тармағының 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген себептер бойынша инвестициялық пай қорының қызметін тоқтату үшін негіздемелер туындаған кезде, активтері өзінің басқаруындағы инвестициялық пай қорының қызметін тоқтатқан жағдайда, уәкілетті органның лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе одан айыру туралы хабарламасын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы қордың активтерін есепке алуды жүзеге асыратын кастодианға кредиторлық және дебиторлық берешектердің сомасы, оның ішінде, "репо" операцияларын ашу аясында пайда болған сома туралы ақпаратты, кредиторлар, дебиторлар және "репо" операцияларына қатысқан тұлғалар туралы мәліметтерді қоса алғанда жібереді.";
      12-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) соңғы он екі ай ішінде осы брокер және (немесе) дилерге уәкілетті орган қолданған әкімшілік жазаларды қоспағанда, шектеулі ықпал ету шаралары мен санкциялар туралы мәліметтер. Әкімшілік жаза түріндегі санкциялар бойынша, әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған күннен бастап, соңғы он екі айға осы брокер және (немесе) дилерге немесе оның лауазымды тұлғаларына әкімшілік жаза қолдану туралы мәліметтер ұсынады;";
      15-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Брокер және (немесе) дилердің жарнамалық ақпаратты таратуы "Жарнама туралы" 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.";
      мынадай мазмұндағы 19-1 және 19-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "19-1. Брокерлік шартқа Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен белгіленген тапсырма немесе комиссия шартының нормалары пайдаланылады.
      Тапсырма шартының нормалары номиналды ұстаудың қызмет көрсетулерін ұсыну бөлігінде, ал комиссия шартының нормалары – бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында брокерлік қызметті көрсету бөлігінде пайдаланылады. Осы Ереженің 38-тармағымен белгіленген жағдайларда бағалы қағаздардың ұйымдастырылмаған рыногындағы брокерлік қызмет көрсетулер брокерлік шарттың тараптарының келісімі бойынша тапсырма және комиссия шартының негізінде ұсынылады.
      19-2. Клиентпен брокерлік шартты жасау барысында брокер және (немесе) дилерге мынадай құжаттар ұсынылады:
      1) жеке тұлғалар үшін:
      жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) заңды тұлғалар үшін (Қазақстан Республикасының резиденттері):
      жарғының көшірмесі;
      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;
      статистикалық карточканың көшірмесі;
      салық төлеуші есебінде мемлекеттік тіркеуді растайтын салық төлеуші куәлігінің көшірмесі немесе бар болса бизнес бірегейлендіру нөмірі;
      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 61 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4138 тіркелген) бекітілген Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені ресімдеу мен беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесінің 8-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген мәліметтер енгізілген, заңды тұлғаның қолтаңба үлгілері (оның ішінде клиенттік тапсырыстарға қол қою құқығына ие заңды тұлғаның өкілдерінің) және мөр бедері бар нотариатта куәландырылған құжат;
      3) заңды тұлғалар үшін (Қазақстан Республикасының резиденттері емес):
      жарғының көшірмесі;
      резидент емес мемлекеттің уәкілетті органы берген заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуден өткенін растайтын құжаттың көшірмесі;
      заңды тұлғаның қолтаңбалар үлгілері (оның ішінде клиенттік тапсырыстарға қол қою құқығына ие заңды тұлға өкілдерінің) және мөрінің бедері бар құжат;
      брокерлік шартты жасайтын және өзге іс-әрекеттерді жүзеге асыратын заңды тұлға өкіліне қатысты берілген заңды тұлғаның уәкілетті органының сенімхаты немесе шешімі;
      брокер және (немесе) дилердің ішкі құжаттарымен көзделген өзге құжаттар.
      Клиентке осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген құжаттар Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес заңдастырылып немесе апостилирленіп, мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде, нотариатта куәландырылған аудармасымен ұсынылады.";
      20-тармақтың үшінші бөлігіндегі екінші сөйлемде "ұсыну тәртібі, "деген сөздерден кейін "сондай-ақ осы Ереженің 14, 22, 25, 34, 34-1-тармақтарымен көзделген жағдайларда клиентке хабарламаларды жіберу тәртібі мен мерзімі" деген сөздермен толықтырылсын;
      21-тармақта:
      "көзделуі тиіс" деген сөздер "көзделеді" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "(жасалуға болжанған)" деген сөздер алынып тасталсын;
      "уәкілетті органды" деген сөздерден кейін "осы мәміле жасалған күннен кейінгі күннен кешіктірмей" деген сөздермен толықтырылсын;
      22-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) соңғы он екі ай ішінде осы брокер және (немесе) дилерге уәкілетті орган қолданған әкімшілік жазаларды қоспағанда, шектеулі ықпал ету шаралар мен санкциялар туралы. Әкімшілік жаза түріндегі санкциялар бойынша, әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған күннен бастап, соңғы он екі айға осы брокер және (немесе) дилерге немесе оның лауазымды тұлғаларына әкімшілік жаза қолдану туралы мәліметтерді ұсынады;";
      мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "2-1) брокер және (немесе) дилердің лауазымды тұлғаларына салынған әкімшілік айыппұлдар туралы;
      2-2) өзін-өзі реттейтін ұйым қолданған ықпал ету шаралары және осы брокер және (немесе) дилерге қатысты қор биржасымен салынған айыппұлдар туралы;";
      23-тармақ "жіберу керек" деген сөздерден кейін "және (немесе) Интерент желісіндегі брокер және (немесе) дилердің веб-сайтында орналастырылуы қажет" деген сөздермен толықтырылсын;
      29-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) клиент мүддесінде қаржы құралдарымен мәміле жасау болжанған клиент туралы мәліметтер:
      жеке тұлға үшін:
      тегі, аты, бар болса әкесінің аты;
      жеке басын куәландыратын құжаттың берілген күні мен нөмірі және құжатты берген органның атауы;
      заңды тұлға үшін:
      атауы;
      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) жөніндегі куәлігінің нөмірі мен күні, оны мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асырған органның атауы;";
      3) тармақшада:
      "бағалы қағаздар", "бағалы қағаздардың", "бағалы қағаздарды" деген сөздер тиісінше "қаржы құралдары", "қаржы құралдарының", "қаржы құралдарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "бірегейлендіру нөмірі" деген сөздерден кейін "(шетелдік бағалы қағаздарға қатысты – халықаралық бірегейлендіру нөмірі (ISIN))" деген сөздермен толықтырылсын;
      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "30. Клиенттің брокер және (немесе) дилерге беретін клиенттік тапсырыстың нысаны мен клиенттік тапсырыстың даналарының саны брокер және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында белгіленеді. Клиенттік тапсырысқа клиент немесе оның өкілі қол қояды, егер клиент заңды тұлға болып табылса, мөрмен куәландырылады.
      Брокер және (немесе) дилер клиенттік тапсырысты алған кезде клиенттік тапсырысқа қол қойған тұлғаның өкілеттілігін тексереді, сонымен қатар клиенттік тапсырыстардағы (қағаз жеткізушідегі) қолтаңбалардың және мөр бедерлерінің заңды тұлғаның қолтаңбаларының үлгілерімен (соның ішінде клиенттік тапсырыстарға қол қою құқығына ие заңды тұлғаның өкілдері) және мөр бедері бар нотариатпен куәландырылған құжатындағы немесе жеке тұлғаның не оның өкілінің жеке басын куәландыратын құжатындағы қолтаңбаға сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.
      Егер, бұл брокерлік құжатпен көзделген жағдайда, "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес электрондық құжат айналымының жүйесін пайдалану арқылы электрондық түрде клиенттік тапсырысты жасауға және беруге жол беріледі.";
      мынадай мазмұндағы 30-1-тармақпен толықтырылсын:
      "30-1. Егер бұл брокерлік шартпен көзделген жағдайда, клиенттік тапсырысты осы Ереженің 29 және 30-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін клиенттің тапсырыстың түпнұсқасын кейіннен беру арқылы телефон байланысы құралдарымен беруге жол беріледі. Клиенттік тапсырысты телефон байланысы құралдарымен қабылдаған кезде аудиотехника немесе өзге арнайы техникалық құралдарды пайдалану арқылы клиентпен не оның клиенттің атынан клиенттік тапсырысты телефон байланысы құралдарымен беруге уәкілетті өкілі сөйлесудің жазбасын жазады (бұдан әрі - телефон жазбасы).
      Клиенттік тапсырыстың телефон жазбасы осы Ереженің 29-тармағында көрсетілген мәліметтерді қамтуы тиіс.
      Брокердің және (немесе) дилердің және оның клиентінің іс-әрекеттері клиенттік тапсырыстың түпнұсқасының телефон жазбасына сәйкес келмеген жағдайда брокерлік шартпен анықталады.";
      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "32. Брокер және (немесе) дилер клиенттік тапсырысты орындауға:
      1) клиенттік тапсырыстың мазмұнының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және брокерлік шартқа қарама-қайшы болғанда;
      2) егер, клиенттік тапсырыс берілген бағалы қағаздарға ауыртпалық салынған болса;
      3) брокер және (немесе) дилер клиентінің өзі қойған қолтаңбасына ұқсас механикалық немесе өзге көшірме көмегімен факсимильдік қолтаңба құралдарын клиенттік тапсырыста пайдаланған кезде;
      4) егер клиенттік тапсырысқа брокер және (немесе) дилердің жауапты қызметкерінің қатысуымен клиент қол қоймаған жағдайда, клиенттік тапсырыстағы (қағаз жеткізушідегі) қолтаңба үлгісі және (немесе) мөр бедері заңды тұлғаның қолтаңбаларының үлгілері (оның ішінде заңды тұлғалардың өкілдерінің клиенттік тапсырысқа қол қою құқығы бар) және мөр бедері бар нотариатпен куәландырылған құжатында немесе жеке тұлғаның (оның ішінде оның өкілінің) жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген қолтаңбаларға және (немесе) мөр бедеріне көзбен шолып өткенде сәйкес келмеген кезде қабылдамайды.
      Осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген жағдайда, сондай-ақ егер клиенттік тапсырысқа сәйкес брокердің және (немесе) дилердің жауапты қызметкерінің қатысуымен қол қойылмай орындалуы ұйғарылған мәміле сомасы жеке тұлға болып табылатын клиент үшін 2 000 айлық есептік көрсеткіштен және заңды тұлға болып табылатын клиент үшін 20 000 айлық есептік көрсеткіштен асатын соманы құраған жағдайда, брокер және (немесе) дилер брокердің және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында көзделген тәртіпте клиентке клиенттік тапсырыста көрсетілген іс-әрекеттерді жасау ниетін растау туралы сұрау салады.";
      34-тармақтың 1) тармақшасы "үй-жайларында" деген сөзден кейін "және Интернет желісіндегі web-сайтында (бар болса)" деген сөздермен толықтырылсын;
      38-тармақта:
      7) тармақшада "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      "8) тауар жеткізуді көздемейтін тауар биржаларындағы туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға.";
      38-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "38-1. Осы Ереженің 4-3-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген тұлғалармен акционерлік қоғамнан өзге, басқа ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған брокер және (немесе) дилердің меншікті ақшасы есебінен мәміле жасау туралы шешім осы брокер және (немесе) дилердің бақылау кеңесімен келісіледі.";
      38-4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Ереженің осы тармағында клиент активтері ретінде мыналар танылады:
      1) ақша;
      2) Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар;
      3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары;
      4) "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар бағалы қағаздар;";
      мынадай мазмұндағы 38-6-тармақпен толықтырылсын:
      "38-6. Брокер және (немесе) дилер халықаралық (шетелдік) бағалы қағаздар нарықтарында қазақстандық және шетелдік эмитенттердің қаржы құралдарын сатып алу-сату бойынша мәмілелерді мынадай талаптарды ақтаған кезде жасайды:
      1) акцияларды (депозитарлық қолхаттарды) сатып алу мәмілелері Bloomberg немесе Reuters ақпараттық талдау жүйелерінде ұсынылған ақпаратқа сәйкес осы қаржы құралдары айналысқа түсетін халықаралық (шетелдік) қор биржаларында мәмілені жасау күніне қалыптасқан осы қаржы құралы бойынша бағаның ең жоғарғы мәнінен аспайтын бағалар бойынша жасалады;
      2) акцияларды (депозитарлық тілхаттарды) сату бойынша мәмілелер Bloomberg немесе Reuters ақпараттық талдау жүйелерінде ұсынылған ақпаратқа сәйкес осы қаржы құралдары айналысқа түсетін халықаралық (шетелдік) қор биржаларында мәмілені жасау күніне қалыптасқан осы қаржы құралы бойынша бағаның ең төменгі мәнінен кем емес бағалар бойынша жасалады;
      3) principal protected notes қоспағанда, борыштық бағалы қағаздар бойынша, сондай-ақ туынды қаржы құралдары бойынша Bloomberg немесе Reuters ақпараттық талдау жүйелерінен сатып алуға (сатуға) бағасын белгілеудің талдамасы бар не осындай баға белгілеулер жоқ болған жағдайда, почта, электрондық немесе факсимильдік байланыс арқылы алынған кемінде үш түрлі қарсы әріптестерден үш баға белгілеу бар. Егер, қарсы әріптес осы бағалы қағазға баға белгілемеген жағдайда, қарсы әріптестің бағалы қағаздарға баға белгілеудің болмауы немесе баға белгілеуден бас тартуы туралы хабарламасы мәмілені жасау туралы есепке енгізіледі;
      4) осы қаржы құралдарымен мәмілелер жөніндегі есептеулер "төлемге қарсы жеткізілім" принципі бойынша (Euroclear, Clearstream, Depository Trust & Clearing Corporation, Japan Securities Clearing Corporation және басқа ұқсас жүйелер) халықаралық (шетелдік) есеп-депозитарлық жүйелер арқылы жүзеге асырылады, сонымен қатар бір тараптың міндеттемелерін қаржы құралын немесе ақшаны жеткізу жөніндегі мәмілені орындауы басқа тараптың ақшаны немесе қаржы құралын жеткізу жөніндегі қарама-қарсы міндеттемелер мәмілесін орындамай мүмкін емес.
      Осы Ереженің мақсаттары үшін қарсы әріптес деп Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес қаржы құралдарымен мәмілелер жасау құқығына ие заңды тұлға түсініледі.";
      42-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Көрсетілген қаржы құралдарымен мәміле туралы мәліметтер осы мәмілені жасау тапсырылған брокер және (немесе) дилердің атауы көрсетілген брокер және (немесе) дилердің ішкі есепке алу журналында көрсетіледі.";
      42-1-тармақта "Брокерлік және" деген сөздерден кейін "(немесе)" деген сөз алынып тасталсын;
      44-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "44-1. Бағалы қағаздар нарығындағы брокерлік және дилерлік қызмет аясында брокер және (немесе) дилер брокердің шоттарында орналасқан өз клиенттерінің ақшасын өз мүдделерінде заем түрінде немесе осы Ереженің 4-3-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардың мүддесінде, сондай-ақ өздерінің басқа клиентерінің және олардың аффилиирленген тұлғаларының мүдделерінде тартпайды.";
      45-тармақта:
      2) тармақша "және олардың орындалуына (орындалмауына)" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) және 4) тармақшалар алынып тасталсын;
      10) тармақшадағы "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісіне ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 11) және 12) тармақшалармен толықтырылсын:
      "11) брокердің және (немесе) дилердің меншікті активтерінің есебінен жасалған мәмілелерге қатысты қабылданған инвестициялық шешімдері;
      12) басқа брокерге және (немесе) дилерге тапсырылған қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға берілген бұйрықтары және (немесе) тапсырмалары.";
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Осы тармақтың 11) тармақшасында көрсетілген журналды жүргізуді брокерлік және дилерлік қызметті инвестициялық портфелді басқару қызметімен қоса атқаратын брокер және (немесе) дилер жүзеге асырады.";
      мынадай мазмұндағы 46-1-тармақпен толықтырылсын:
      "46-1. Брокер және (немесе) дилер халықаралық (шетелдік) нарықтарда мәміле жасап, жасалған мәмілені орындау туралы, сондай-ақ халықаралық (шетелдік) нарықтарда мәмілені жасау күніне қалыптасқан осы қаржы құралы бойынша бағалардың барынша жоғары және барынша төмен мәнін және мәмілені жасау күні мен уақытына осы бағалы қағаздарға нарықтық баға белгілеу параметрлерін растайтын құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді.
      Қаржы құралдары бойынша нарықтық баға белгілеулерді растайтын құжат есебінде Bloomberg не Reuters ақпараттық талдау жүйелерінің талдамаларының көшірмелері не осындай баға белгілеулер жоқ болған жағдайда почта, электрондық және факсимальдік байланыс арқылы алынған қарсы әріптестердің ұсыныстары танылады. Қаржы құралдары бойынша нарықтық баға белгілеулерді растайтын құжатқа мәмілені жасаған қызметкер және тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімше басшысы қол қояды.";
      70-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Брокер және (немесе) дилер күн сайын бағалы қағаздардың орталық депозитарийіне әрбір клиенттің бағалы қағаздардың орталық депозитарийінде ашылған шоттағы және эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға арналған ақша сомасы туралы мәліметтерді ұсынады.".
      2. Осы қаулы оны бірінші ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
      3. Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап, үш ай ішінде өзінің ішкі құжаттарын осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін.
      4. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):
      1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне және "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жіберсін.
      5. Агенттік Төрайымының қызметі (А.Ә. Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қолға алсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

      Төрайым                                          Е. Бахмутова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады