"Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін және ауыл шаруашылық өсімдіктерінің перспективалы сорттарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2009 жылғы 30 шілдедегі N 434 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009 жылғы 22 қыркүйектегі N 528 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 12 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5819 болып енгізілді

      "Тұқым шаруашылығы туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 1 тармағының 21) тармақшасын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін және ауыл шаруашылық өсімдіктерінің перспективалы сорттарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2009 жылғы 30 шілдедегі N 434 бұйрығына (Нормативтік құқықтар актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5759 тіркелген) мынандай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Егіншілік және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің м.а.                                       А. Евниев

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2009 жылғы 22 қыркүйектегі
N 528 бұйрығына қосымша 

Қазақстан Республикасында
пайдалануға рұқсат етілген
Селекциялық жетістіктерінің
мемлекеттік тізіліміне 
2-қосымша       

Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген Селекциялық жетістіктерінің мемлекеттік тізіліміндегі әкімшілік облыстардың рет нөмірлері

N р/с

Облыстардың атауы

Әкімшілік облыстардың рет нөмірлері

1

Ақмола

1

2

Ақтөбе

2

3

Алматы

3

4

Атырау

4

5

Батыс Қазақстан

7

6

Жамбыл

6

7

Қарағанды

8

8

Қостанай

10

9

Қызылорда

9

10

Маңғыстау

11

11

Оңтүстік Қазақстан

14

12

Павлодар

12

13

Солтүстік Қазақстан

13

14

Шығыс Қазақстан

5

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады