Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің банктік кепілдіктер мен кепілдемелерді беру ережесін бекіту туралы" 2008 жылғы 28 сәуірдегі N 55 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2009 жылғы 26 қыркүйектегі N 212 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 30 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5837 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 қаңтардағы № 21 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Агенттік Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің банктік кепілдіктер мен кепілдемелерді беру ережесін бекіту туралы" 2008 жылғы 28 сәуірдегі N 55 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5231 тіркелген, 2008 жылғы 4 шілдеде "Заң газеті" газетінде N 101 (1327) санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің банктік кепілдіктер мен кепілдемелерді беру ережесінде:

      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) тұлға-борышкердің банктің көрсетілген мәліметтерді кредиттік бюроларға бұдан кейін беруімен, өзі туралы және берілген банктік кепілдік пен кепілдеме жөніндегі мәліметтерді кредиттік бюроның деректер базасына ұсынуына жазбаша келісімі бар болу.".

      2. Осы қаулы бірінші рет ресми жарияланған күннен кейінгі он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      3. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):

      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;

      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, кредиттік бюролардың, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жеткізсін.

      4. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.

Төрайым

Е. Бахмутова


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады