Судың бастапқы есебінің ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрдің м.а. 2009 жылғы 2 қарашадағы N 624 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 24 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 5882 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.01.17 № 10-1/18 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 37-бабының 1-тармағының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Судың бастапқы есебінің ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті (Е.Р. Толқымбеков):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қолдансын.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің м.а.                                     М. Оразаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрі
      __________ Ж.А. Досқалиев
      2009 жылғы 16 қараша

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қоршаған ортаны қорғау министрі
      ________________ Н.С. Әшімов
      2009 жылғы 17 қараша

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Төтенше жағдайлар министрі
      ________________ В.К Божко
      2009 жылғы "___" ________

Қазақстан Республикасы    
Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.
2009 жылғы 2 қарашадағы   
N 624 бұйрығымен бекітілген 

Судың бастапқы есебінің ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Судың бастапқы есебінің ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Су кодексінің 37-бабының 1-тармағының 25) тармақшасына сәйкес әзірленді және судың бастапқы есебінің тәртібін анықтайды.
      2. Осы Ережеде келесі түсініктер қолданылады:
      судың бастапқы есебі (бұдан әрі - СБЕ) - жер үсті және жер асты суларын алу және су объектілеріне ағызу (су шаруашылығы балансының шығыс және кіріс бөлігінде) көлемдерін өлшеу, өңдеу және тіркеу;
      су пайдаланушы - өз мұқтаждарын және (немесе) коммерциялық мүдделерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен су ресурстарын пайдалану құқығы берілген жеке немесе заңды тұлға;
      су тарту құрылысы - су объектілерінен су алуға арналған құрылыстар мен құрылғылар кешені.

2. Судың бастапқы есебін жүргізу

      3. Арнайы су пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушылармен СБЕ-ды ұйымдастыру үшін:
      су алу немесе ағызу осылардың көмегімен жүзеге асырылатын суды өлшеу, алу және ағызу орындарының нөмірін, сондай-ақ осындай суларды қайталама су пайдаланушыларға беруді есепке алу тораптары көрсетілген су шаруашылығы құрылыстары мен техникалық құрылғыларының бассейндік су шаруашылығы басқармасымен келісілетін орналасу сүлбесі жасалады;
      жауапты тұлғалармен СБЕ жорналдары жүргізіледі.
      4. Судың өтімін өлшеу әр су тарту құрылыстарында және сарқынды сулардың шығарылуында жүргізіледі.
      5. Ашық арынсыз су тартқыштарда судың өтімін өлшеу үшін стандартты суағарлар және науалар, сондай-ақ басқа да өлшеу құрылғылары қолданылады.
      6. Ағызылатын сулардың көлемі оларды су объектілеріне әрбір шығару бойынша жеке ескеріледі.
      7. СБЕ нәтижесінде алынған мәліметтер қағаз немесе электронды (Ехсеl форматында) тасымалдаушыда тоқсан сайын есеп беру тоқсанынан кейінгі айдың 10 күні мерзімге дейін экономика салалары бойынша осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес бассейндік су шаруашылығы басқармасына ұсынылады.
      8. Өлшеу құралдарын пайдалануға олардың құрылғысын, іс-әрекетінің қағидаттарын, тексеруді жүргізу және оларды пайдаланған кезде техника қауіпсіздігінің ережесін білетін арнайы дайындалған тұлғалар жіберіледі.
      9. Өлшеу құралдарын және өлшеу құрылғыларын таңдау өлшеу құралдарын орналастыратын үй-жайдың болуы, судың ең төменгі және ең жоғарғы пайдалану өтімдері және олардың ауытқу кестелері, өтім өлшеуіштер орнатылатын су құбырларындағы артық қысым немесе вакуум, сорғы агрегаттарының түрлері (сорғы бекеттеріне арналған), сарқынды сұйықтықтың құрамы, судың ластану деңгейі және температурасымен анықталады.
      10. Су алу (ағызу) құрылысының өлшеу құралы істен шыққан жағдайда суды есепке алу соңғы көрсеткіш жазылған кезден бастап дұрыс өлшеу құралы орнатылған күнге дейін соңғы он күнтізбелік күн ішіндегі орташа тәуліктік өтімі бойынша жүргізіледі.
      11. СБЕ нәтижелері осы Ереженің 2 және 3-қосымшаларына сәйкес жорналдарда жазылады.
      12. Жорналдар тігіледі және басшының қолы мен мөрімен бекітіледі.

Судың бастапқы есебінің
ережесіне 1-қосымша 

20 ____ жылғы ______ тоқсандағы судың бастапқы есебін жүргізу нәтижесінде алынған мәліметтер

Ұйымның атауы ______________________________________________________
Пошталық мекен-жайы ________________________________________________
СТН (немесе БСН, ЖСН болған кезде)__________________________________
Су ресурстарын су алуға (алуға) құқық белгіленген құжаттың
реквизиттері _______________________________________________________
Суды есепке алу аспабының маркасы __________________________________
Соңғы тексеру мерзімі ______________________________________________

Су объектісінің атауы

Су алудың координаттары

Су алудың нөмірі

Су алудың лимиті, мың м3

Су алудың есеп беру тоқсанындағы деректі көлемі, мың. м3

енділігіне

ұзақтығына

Тоқса нына барлығы

ағымдағы жылға

град

мин

сек

град

мин

сек

1 ай

2 ай

3 ай

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13














Суды қайталама су пайдаланушыларға су беруді есепке алу торабының нөмірі

Қайталама су пайдаланушыларға берілді

Өтімдер

Тоқсанына барлығы

оның ішінде

нормативтік

артық нормативтік

1 ай

2 ай

3 ай

14

15

16

17

18

19

20

      Судың бастапқы есебінің
ережесіне 2-қосымша

Су тұтынуды (су бұруды) су өлшеу аспаптары және
құрылғылары арқылы есепке алу жорналы

Өтім өлшеу күні

Өтім өлшеуіштің (аспаптың) көрсеткіштері

Өтім өлшеуіштің жұмыс уақыты, тәулік

Аспапты түзетуді  немесе дәлдік есептің коэффициенті

Су алудың көлемі, м3 тәул., (4б. х 6б)

Есепке алуды жүзеге асыратын тұлғаның Т.А.Ә.

Қолы

алдыңғылары

өлшеу кезіндегі

Көрсеткіштер айырмасы (2 гр. мен 3 гр. арасында

1

2

3

4

5

6

7

8

9




























Есеп беру айына барлығы









Жыл басынан бері артуы барлығы









Жауапты тұлға тексерді: _______________ ______ _____________________
                           (лауазымы)   (қолы)        (т.а.ә.)

"__" ______ 20 ___ ж.

Судың бастапқы есебінің
ережесіне 3-қосымша

Ағызылатын сарқынды (кәріздік) сулардың сапасын есепке алу
жорналы

Күні

Ингредиент атауы

Ингредиент шоғырлануы, мг/дм3

Сарқынды (кәріздік) сулардың өтімі, мың м3/тәу

Ағызылатын ингредиент мөлшері, кг

Сынаманы жүзеге асыратын тұлғаның Т.А.Ә

Қолы

1

2

3

4

5

6

7






















Жауапты тұлға тексерді: _______________ _________ __________________
                           (лауазымы)     (қолы)        (т.а.ә.)

"__" _____ 20 __ ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады