Паллиативтік көмек және мейірбике күтімін көрсету ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 2 қарашадағы N 632 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 26 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5941 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 6 маусымдағы № 394 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.06.06 № 394 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 53-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Паллиативтік көмек және мейірбике күтімін көрсету ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегия және денсаулық сақтау саласын дамыту департаменті (А.Т. Айдарханов) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                        Ж. Досқалиев

Қазақстан Республикасы   
Денсаулық сақтау министрінің
2009 жылғы 2 қарашадағы  
N 632 бұйрығымен бекітілген

Паллиативтік көмек және мейірбике күтімін
көрсету ережесі

      1. Осы Паллиативтік көмек және мейірбике күтімін көрсету ережесі (бұдан әрі – Ереже) паллиативтік көмек және мейірбике күтімін көрсету тәртібін анықтайды.
      2. Паллиативтік көмек аурудың терминалдық (соңғы) сатысындағы дауасыз науқастарға мамандандырылған құрылымдық бөлімшелерде, дербес медициналық ұйымдарда (хоспистарда) немесе үйдегі стационар нысанында дәрігердің басшылығымен көрсетіледі.
      3. Мейірбике күтімі дәрігер бақылауы талап етілмейтін жағдайларда мамандандырылған құрылымдық бөлімшелерде, дербес медициналық ұйымдарда (мейірбике күтімі ауруханаларында) немесе үйдегі стационар нысанында жүзеге асырылады.
      4. Науқастар мына көрсетімдер болған жағдайда паллиативтік көмек пен мейірбике күтімін көрсету ұйымдарына жатқызылады:
      1) науқаста денсаулық сақтау ұйымдарының дәрігерлері берген медициналық қорытындымен расталған онкологиялық, бүйрек, бауыр, жүрек-қан тамыры, неврологиялық немесе аурудың терминалдық (соңғы) сатысындағы басқа да патологияның болуы, ЖИТС-тың ақырғы сатысындағылар және ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өз-өзіне қызмет көрсете алмайтын, өмір сүру болжамы шектелген адамдар;
      2) науқасты кейін амбулаториялық жағдайда емдеуге ауыстыру үшін қолдаушы, ауырсындырмайтын немесе басқа да симптоматикалық терапияны таңдаудың қажеттілігі;
      3) әлеуметтік-психологиялық айғақтардың болуы: депрессиялық жағдай, отбасындағы реактивті немесе жанжалды жағдай, науқасты күту үшін тұрмыстық жағдайының болмауы.
      5. Паллиативтік көмек және мейірбике күтімі стационарлық және стационарды алмастыратын көмек нысанында көрсетілуі мүмкін.
      6. Стационарлық көмек тәуліктік медициналық бақылау арқылы жазылмайтын науқастарды білікті емдеуді қамтамасыз етеді.
      7. Стационарды алмастыратын көмек нысанында көрсетілетін паллиативтік көмек және мейірбике күтімі тәулік бойы ұзақтығы төрттен сегіз сағатқа дейінгі медициналық бақылауы болатын дәрігерге дейінгі, білікті медициналық көмек түрінде үйдегі стационарларда жүзеге асырылады.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010.12.20 № 985 (ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады