"Паллиативтік көмек және мейірбике күтімін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 2 қарашадағы № 632 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № 985 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылы 28 желтоқсанда № 6706 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 6 маусымдағы № 394 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.06.06 № 394 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 53-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Паллиативтік көмек және мейірбике күтімін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің  2009 жылғы 2 қарашадағы № 632 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5941 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік актілер жинағында 2010 жылы № 7 жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Паллиативтік көмек және мейірбике күтімін көрсету ережесінде:
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Стационарды алмастыратын көмек нысанында көрсетілетін паллиативтік көмек және мейірбике күтімі тәулік бойы ұзақтығы төрттен сегіз сағатқа дейінгі медициналық бақылауы болатын дәрігерге дейінгі, білікті медициналық көмек түрінде үйдегі стационарларда жүзеге асырылады.».
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық оны алғаш ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                          С. Қайырбекова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады