Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 2 қарашадағы N 231 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 26 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5943 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы 196 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 196 (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      Жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі-Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Агенттік Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтердiң нормативтiк мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2009 жылғы 5 тамыздағы N 180 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5789 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтердiң нормативтiк мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықта:
      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "36. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі және осы банктің аффилиирленген тұлғалары болып табылатын эмитенттері, сондай-ақ осы банктің ірі акционерлері шығарған акцияларды және (немесе) осы банктің ірі акционерлерінің жарғылық капиталына қатысу үлестерін сенімгерлік басқарушы шығарған (ұсынған) қаржы құралдарына зейнетақы активтері есебінен салынған Қор инвестицияларының жиынтық мөлшері Қордың меншікті активтерінің он пайызынан кем мәнді құрайды.
      Егер, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі болып табылмайтын банктің аффилиирленген тұлғасы – эмитенті, сондай-ақ осы банктің ірі акционерлері шығарған акцияларды және (немесе) осы банктің ірі акционерлерінің жарғылық капиталына қатысу үлестерін сенімгерлік басқарушы ипотекалық облигациялардың шығарылымын жүзеге асырған жағдайда, онда осы ипотекалық облигацияларға Қор инвестицияларының жиынтық мөлшері осы Нұсқаулықтың 37 және 38-тармақтарымен белгіленген мәндерден аспайды.";
      37-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "жиынтығында зейнетақы және меншікті активтер есебінен не тек қана зейнетақы активтері немесе меншікті активтер есебінен – осы эмитенттің меншікті капиталы мөлшерінің жиырма бес пайызынан кем (қаржылық агенттіктерді, ипотекалық облигациялар эмитенттерін, инфрақұрылымдық облигацияларды және мемлекеттің немесе қаржылық агенттіктің кепілдігімен шығарылған облигацияларды қоспағанда).";
      РКАО-ның ескертуі!!!

      Cегізінші, тоғызыншы абзацтар 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді (4-т. қараңыз)

      мынадай мазмұндағы 43-1-тармақпен толықтырылсын:
      "43-1. Меншікті активтер есебінен шетел валютасында номинирленген шетел эмитенттерінің бағалы қағаздарына Қор инвестицияларының мөлшері Қордың меншікті активтерінің қырық пайызынан кемді құрайды, оның ішінде "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "АА-"-тен төмен рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шетел эмитенттерінің бағалы қағаздарына – меншікті активтердің жалпы мөлшерінің он пайызынан кемді құрайды.";
      1-қосымшада:
      "Кредиттік тәуекел" кестесін мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 35-1-жолмен толықтырылсын:
"

35-1

Осы эмитенттің бұрын шығарылған бағалы қағаздарына не өзге міндеттемелеріне айырбастау мақсатында эмитент міндеттемелерін қайта құрылымдау аясында шығарылған борыштық бағалы қағаздар




300


                                                                 ";
      Кестені толтыруға түсіндірме мынадай мазмұндағы оныншы бөлікпен толықтырылсын:
      "Кредиттік тәуекел бойынша борыштық бағалы қағаздарды мөлшерлеу барысында principal protected notes ескерілмейді.";
      5-қосымшада:
      "Қор тәуекелі" кестесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 7-1-жолмен толықтырылсын:
"   

7-1

Осы эмитенттің бұрын шығарылған бағалы қағаздарына не өзге міндеттемелеріне айырбастау мақсатында эмитент міндеттемелерін қайта құрылымдау аясында шығарылған акциялар


0,16


                                                                  ";
      2. Агенттік Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2009 жылғы 5 тамыздағы N 181 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5793 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықта:
      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "45. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі және осы банктің аффилиирленген тұлғалары болып табылатын эмитенттері, сондай-ақ осы банктің ірі акционерлері шығарған акцияларды және (немесе) осы банктің ірі акционерлерінің жарғылық капиталына қатысу үлестерін сенімгерлік басқарушы шығарған (ұсынған) қаржы құралдарына Ұйым инвестицияларының жиынтық мөлшері мынадай мәндерді құрайды:
      зейнетақы активтерінің есебінен – Ұйымның инвестициялық басқаруындағы әрбір жеке қордың зейнетақы активтері көлемінің он пайызынан кем;
      меншікті активтер есебінен – Ұйымның меншікті активтерінің он пайызынан кем.
      Егер, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі болып табылмайтын банктің аффилиирленген тұлғасы – эмитенті, сондай-ақ осы банктің ірі акционерлері шығарған акцияларды және (немесе) осы банктің ірі акционерлерінің жарғылық капиталына қатысу үлестерін сенімгерлік басқарушы ипотекалық облигациялардың шығарылымын жүзеге асырған жағдайда, онда осы ипотекалық облигацияларға Ұйым инвестицияларының жиынтық мөлшері осы Нұсқаулықтың 46 және 47-тармақтарымен белгіленген мәндерден аспайды.";
      46-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "жиынтығында зейнетақы және меншікті активтер есебінен не тек қана зейнетақы активтері немесе меншікті активтер есебінен – осы эмитенттің меншікті капиталы мөлшерінің жиырма бес пайызынан кем (қаржылық агенттіктерді, ипотекалық облигациялар эмитенттері мен инфрақұрылымдық облигацияларды және мемлекеттің немесе қаржылық агенттіктің кепілдігімен шығарылған облигацияларды қоспағанда).";
      РКАО-ның ескертуі!!!

      Оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші абзацтар 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді (4-т. қараңыз)

      мынадай мазмұндағы 52-1-тармақпен толықтырылсын:
      "52-1. Шетел валютасында номинирленген шетел эмитенттерінің бағалы қағаздарына Ұйым инвестицияларының мөлшері мынадай мәндерді құрайды:
      меншікті активтер есебінен – Ұйымның меншікті активтерінің қырық пайызынан кем, оның ішінде "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "АА-"-тен төмен рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шетел эмитенттерінің бағалы қағаздарына – меншікті активтердің жалпы мөлшерінің он пайызынан кем;
      зейнетақы активтері есебінен – зейнетақы активтері мөлшерінің қырық пайызынан кем, оның ішінде "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "АА-"-тен төмен рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шетел эмитенттерінің бағалы қағаздарына – зейнетақы активтерінің жалпы мөлшерінің он пайызынан кем.";
      1-қосымшада:
      "Кредиттік тәуекел" кестесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 35-1-жолмен толықтырылсын:
"    

35-1

Осы эмитенттің бұрын шығарылған бағалы қағаздарына не өзге міндеттемелеріне айырбастау мақсатында эмитент міндеттемелерін қайта құрылымдау аясында шығарылған борыштық бағалы қағаздар




300


                                                                   ";
      Кестені толтыруға түсіндірме мынадай мазмұндағы оныншы бөлікпен толықтырылсын:
      "Кредиттік тәуекел бойынша борыштық бағалы қағаздарды мөлшерлеу кезінде principal protected notes ескерілмейді.";
      5-қосымшада:
      "Қор тәуекелі" кестесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 7-1-жолмен толықтырылсын:
"     

7-1

Осы эмитенттің бұрын шығарылған бағалы қағаздарына не өзге міндеттемелеріне айырбастау мақсатында эмитент міндеттемелерін қайта құрылымдау аясында шығарылған акциялар


0,16


                                                                   ";
      3. Агенттік Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 5 тамыздағы N 189 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5794 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру ережесінде:
      16-тармақтың 5) тармақшасында:
      "эмитенттің бағалы қағаздарын" деген сөздерден кейін "және өзге міндеттемелерін" деген сөздермен толықтырылсын;
      20-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) эмитенттің дефолты (эмитент міндеттемелерін қайта құрылымдау мақсатында шығарылған осы эмитенттің бағалы қағаздарына эмитенттің бағалы қағаздарын және өзге міндеттемелерін айырбастауды қоспағанда);";
      1-қосымшада:
      1-тармақта:
      реттік нөмірі 9-жолда:
      сегізінші абзацы ";" деген тыныс белгісімен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
      "осы эмитенттің бұрын шығарылған бағалы қағаздарына не өзге міндеттемелеріне айырбастау мақсатында эмитент міндеттемелерін қайта құрылымдау аясында шығарылған бағалы қағаздар".
      4. 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының сегізінші, тоғызыншы абзацтарын және 2-тармағының оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші абзацтарын қоспағанда, осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
      5. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):
      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап, он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
      6. Агенттік Төрайымының қызметі (А.Ә. Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қабылдасын.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

      Төрайым                                          Е. Бахмутова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады