Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2012.02.17 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 73-бабына, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 97, 168, 169-баптарына сәйкес, сотталғандарды ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынуды реттеу мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Сотталғандарды медициналық куәландыру және оларды ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынуды ретке келтіру жөніндегі нұсқаулық;
2) Сотталғандарды ауруына байланысты одан әрі жазасын өтеуден босатуға ұсыну үшін негіз болып табылатын аурулар тізбесі бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасына жүктелсін.
3. Бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
4. Бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Р. Түсіпбеков
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының төрағасы
___________ М. Әлімбеков
2009 жылғы 30 қараша
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бас прокуроры
2-дәрежелі мемлекеттік
әділет кеңесшісі
_____________ Қ. Мәми
2009 жылғы «__» _________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
____________ Ж. Досқалиев
2009 жылғы «__» __________
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2009 жылғы 18 қарашадағы
№ 145 бұйрығымен
бекітілген
Сотталғандарды медициналық куәландыру және оларды ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынуды ретке келтіру жөніндегі нұсқаулық
Ескерту: Барлық мәтін бойынша «ҚАЖ комитеті басқармаларының», «ҚАЖ комитеті басқармасының» деген сөздер сәйкесінше «ҚАЖ комитетінің ҚАЖД» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Әділет министрінің 2010.12.22 № 341 (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
1. Жалпы ережелер
1. Сотталғандарды медициналық куәландыру және ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсыну туралы осы нұсқаулық ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынылатын сотталғандардың медициналық куәландырудан өткізуін ұйымдастыруды айқындайды.
2. Ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынылатын сотталғандарды медициналық куәландыру сотталғандарды медициналық қамтамасыз етудi жақсарту мақсатында жүзеге асырылатын ұйымдастыру және практикалық iс-шаралар кешенiн құрайды.
3. Ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынылатын сотталғандарды медициналық куәландыру органдарының мiндетi түзеу мекемесiнiң басшылығы мен ұсынылған сотталғандарды, жазасын өтеуге кедергі келтіретін, аурулар мен психикалық ауытқуларының бар-жоғын куәландыру болып табылады.
4. Ауруына байланысты жазасын өтеуден босатылуға ұсынылатын сотталғандарды медициналық куәландыру мiндеттерiн шешу үшiн облыстардағы және Астана қаласындағы ҚАЖ комитетінің қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің (бұдан әрі - ҚАЖ комитетінің ҚАЖД) медициналық қызметтерiнде Ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынылатын сотталғандарды куәландыру жөнiндегi арнайы медициналық комиссиялар (бұдан әрi - АМК) құрылады.
АМК емдеу-алдын алу мекемелері орналасқан (аурухана, арнайы психиатриялық және туберкулез ауруханалары) мекемелерде, сондай-ақ туберкулезден емдеуді жүзеге асыратын емдеу құқығы бар түзеу мекемелерінде жүргізіледі.
АМК құрамын ҚАЖ комитетінің ҚАЖД бастықтары бекiтедi. АМК төраға – медициналық қызмет басшысынан және емдеу саласының екi дәрiгерi - комиссия мүшелерiнен тұрады. Комиссия жұмысына аумақтық денсаулық сақтау органдарының мамандары тартылуы мүмкін.
Ескерту: 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2010.12.22 № 341 (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
5. АМК өз жұмысында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiн, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексiн, осы Нұсқаулықты басшылыққа алады.
6. АМК-ның iс-қағаздары осы Нұсқаулықпен белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
2. Ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынылатын сотталғандарды медициналық куәландыру бойынша іс-қағаздарын жүргізу
7. Психикалық ауытқулары бар сотталғандардың iс жүзiндегi мiнез-құлқының мүмкiндiктерi мен өз әрекеттерiнiң (әрекетсiздiгiнiң) қоғамдық қауiптiлiгiн не оларға басшылық жасаудан айыратын психикалық ауытқулары бар сотталғандар жасаған қылмысының сипаты мен ауырлығына, тағайындалған және өтелген жаза мерзiмiне, жазасын өтеу кезiндегi мiнез-құлқына және басқа жағдайларға қарамастан, босатуға жатады.
8. Тұлғаны ауруына байланысты жазасын одан әрі өтеуден босату туралы мәселені, жазаны атқарып отырған мекеме бастығының ұсынысы немесе сотталғанның өтініші бойынша сот қарайды. Ауруына байланысты сотталғандарды жазасын өтеуден босатуға ұсыну үшiн негiз болатын аурулар тiзбесiнің көрсетiлген және ауруына байланысты босату үшiн негiз болатын аурумен ауырады деуге негiз бар болса, түзеу мекемесiнiң бастығы медициналық бөлiмнің дәрiгерлiк-бақылау комиссиясының (бұдан әрi - ДБК) немесе сол колонияның өзге емдеу-профилактикалық мекемесiнiң шешiмi бойынша оны АМК-ға куәландыруға жiбередi.
Егер аурудың түрi Тiзбеге енгiзiлген болса, тұлға жазасын өтеп жатқан мекеменің бастығына жолдау үшін, 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша АМК қорытындысы жасалады. Психикалық ауытқулары бар тұлғаларға қатысты АМК қорытындысында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнің 90-бабына сәйкес медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын тағайындау қажеттiгi мен оның түрi көрсетiледi.
9. Ауруына байланысты тұлғаны жазаны өтеуден босату туралы мәселенi қою үшiн сотқа ұсыным, АМК қорытындысы, сотталғанның мiнездемесі мен жеке iсi және сотталғанның өтініші жолданады.
Ұсынымда сотталған туралы, оның қылмыстық iсiнiң ауырлығы туралы, оның жеке басы туралы, оның ауыруының сипаты және жазасын өтеу кезiндегi мiнез-құлқы туралы деректер көрсетiледi.
10. АМК медициналық куәландыруына жазасын өтеу кезеңiнде жағдайлары объективті және клиникалық түрде ауыр деп саналатын, аурулары жазаны өтеу кезінде пайда болған, сондай-ақ қылмыстық iс жасағаннан кейiн болған ауруының өршуi нәтижесiнде Тiзбеде көрсетiлгендей сипат алған және егер стационарлық емдеу дұрыс нәтиже бермеген сотталғандар жатады.
11. АМК қорытындысы түзеу мекемесі бастығының ұсынуы бойынша қорытынды диагноз ескеріліп, жүргізілген емдеудің нәтижесіздігі туралы куәландыратын науқасты мұқият динамикалық медициналық тексеруден кейін беріледі.
12. Психикалық ауытқулары бар сотталғандарды АМК-ның медициналық куәландыруы тек мамандандырылған (бейімді) мекемелерде жүргiзiледi.
13. АМК қорытындысы төрт данада ресiмделедi: бiрiншiсі сотқа жiберiлу үшін, екiншiсi облыстардағы ҚАЖ комитетінің ҚАЖД медициналық қызметiне, үшiншiсi ҚАЖ комитетіне жолданады, төртіншісі аурудың тарихына қосылады.
Егер кәмелетке толмаған тәрбиеленушіге қатысты болса, тәрбиелеуші бес дана ресімделеді, бесіншісі кәмелетке толмағандарың ісі жөніндегі комиссияға жолданады.
14. Қызметтiк тексеру арқылы жазасын өтеу уақытында өзiне қасақана зиян келтiру нәтижесiнде ауырған сотталғандар ауруы бойынша өзiне зиян келтiру сәтiнде адам қатты психикалық ауытқу күйінде болған жағдайларды қоспағанда жазасын өтеуден босатуға ұсынылмайды. Болған оқиға дәрiгер-мамандар комиссиясымен анықталуға тиiс.
15. Сотта ауруына байланысты сотталғанды жазасын өтеуден босату туралы материал қаралған кезде АМК өкiлiнiң немесе емдейтiн дәрiгерiнiң болуы мiндеттi.
16. Сот ауруына байланысты жазасын өткеруден босатудан бас тартқан сотталғандарға жазасын өтеуге кедергi келтіретін денсаулық жағдайы нашарлаған кезде, материалдар бас тарту туралы сот қаулысы шыққан уақытқа қарамастан сотқа қайтадан жiберiледi.
17. Сотқа материалдарының ұсынылған-ұсынылмағанына қарамастан АМК куәландырған сотталғандарды есепке алу 2-қосымшаға сәйкес нысандағы ҚАЖ комитетінің ҚАЖД медициналық қызметімен жүргізілетін Ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынылған сотталғандарды есепке алу журналында жүргізіледі.
18. Ауруына байланысты жазасын өтеуден сот босатқан сотталғандар стационарлық ем қажет болған жағдайда, аумақтық денсаулық сақтау ұйымдарында госпитальға жатқызылады.
Сотталғандарды медициналық
куәландыру және оларды
ауруына байланысты жазасын
өтеуден босатуға ұсынуды
ретке келтіру жөніндегі
нұсқаулыққа 1-қосымша
нысаны
мекеменің мөртабаны
АРНАЙЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Сотталған _________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты)
___________________________________________________________________ Туған жылы мен жері _______________________________________________
Кім және қашан соттаған ___________________________________________
ҚР ҚК бабы ____________________________ Мерзімі ___________________ Мерзімнің басталуы _________________ Мерзімнің аяқталуы ___________
N ___ жеке ісі
І. ШАҒЫМДАРЫ
___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________
IІ. ӨМІРДЕГІ СЫРҚАТЫ
____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________
ІІІ. АУРУ СЫРҚАТЫ
____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________
____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________
ІV. ОБЪЕКТИВТІК ДӘРЕЖЕСІ
____________________________________________________________________ (Антропометриялық деректері)
1) Тері қабаты, көрінетін шырышты қабаттар, тері асты-май өзегі
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ 2) Тірек-қозғалыс жүйесі ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________
3) Тыныс алу органдары
____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ 4) Жүрек-тамыр жүйесі ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
5) Ас қорыту жүйесі
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
6) Несеп жүйесі ____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
7) Неврологиялық дәрежесі*
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________ 8) Психикалық дәрежесі** ____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Мамандардың кеңесі, лабораториялық, рентгенологиялық және басқа зерттеулердің деректері (динамикада)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Қорытынды диагноз: _________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы "___" ___________ N _____ бұйрығымен бекітілген Сотталғандары ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсыну үшін негіз болып табылатын аурулар тізбесі _________ тармағы __________ тармақшасына сәйкес сотталған ____________________________ ауруына байланысты жазасын (тегі, аты, әкесінің аты)
өткеруден босатуға ұсынылады.
** Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 73 және 90-баптарына сәйкес күшейтілген қадағалаудағы мамандандырылған типтегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түріндегі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындауға жатады.
*** М.О. Комиссия төрағасы
Күні Комиссия мүшелері: __________________________________________________________________
Ескерту:
* неврологиялық аурулар үшін
** психикалық ауытқулары бар аурулар үшін
*** Медициналық басқарманың, бөлімнің, қызметтің нөмірі
Сотталғандарды медициналық
куәландыру және оларды
ауруына байланысты жазасын
өтеуден босатуға ұсынуды
ретке келтіру жөніндегі
нұсқаулыққа 2-қосымша
нысаны
АРНАЙЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОМИССИЯ КУӘЛАНДЫРҒАН СОТТАЛҒАНДАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ЖУРНАЛЫ
N |
Тегі, аты, |
Мекеме |
Мекемеге келген күні |
Госпитальға жатқызылған |
АМК куәландырған |
АМК қорытындысы, диагнозы |
Сотқа ұсынылған күні |
Соттың шешімі, күні |
Қайда жіберілді |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
Ескерту: 10-бағанда аурудың қайда жіберілгені көрсетіледі: аумақтық денсаулық сақтау органдарына госпитальға жатқызылды, туысқандары алып кетті және т.б.
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2009 жылғы 18 қарашадағы
N 145 бұйрығымен бекітілген
Сотталғандарды ауруына байланысты одан әрі жазасын өтеуден босатуға ұсыну үшін негіз болып табылатын аурулар тізбесі
1. Туберкулез:
1) өкпенің өршімелі екі жақты фиброзды-кавернозды туберкулез немесе 2-3-сатылы өкпе-жүрек жетіспеушілігінің (бұдан әрі - ӨЖЖ) құбылыстары байқалатын бронхиалды терең жарасы бар плевраның созылмалы жаппай эмпиемасы.
Процесс негізгі кавернаның немесе бронхиалды терең жара және қосымша пайда болған фиброздық каверналар байқалатын плевраның жаппай эмпиемасының болуымен сипатталады. Бұл ретте екі өкпеде де бронхогеннің диссеминация ошақтары, әрқалай байқалатын фиброз (цирроз), плевралық таңулар, екінші реттік эмфизема, бронхоэктаздар, пневмосклероз және созылмалы өкпе процесінің басқа да көріністері, бронхогендік диссеминацияның жаңа ошақтарының пайда болуы және адекваттық антибактериялық терапия фонында жаңа каверналардың түзілуі байқалады. Мұндай процесс өкпе туберкулезінің түрлі нысандарының қолайсыз жағдайларындағы соңғы сатысын құрайды және 2-3-сатылы ӨЖЖ-мен ұдайы қан түкірулермен немесе өкпе қан кетулерімен, түкірікте туберкулез микробактерияларының үнемі бөлінулерімен күрделене түседі.
Өкпенің өрши түскен екі жақты туберкулезін немесе созылмалы эмпиеманы диагностикалау кезіндегі анамнезде ұдайы өршудің ілесе жүретін ұзақ ағымды процестің болуын ескеру керек. Міндетті болып табылатын рентгенографиялық зерттеулер кезінде өкпе тінінің айқын көрінетін деструктивтік және фиброздық өзгерулері анықталады, сондай-ақ, негізгі процестің және ілеспе өршулер болуының клиникалық-зертханалық расталуы орын алуы тиіс;
2) 2-3-сатылы ӨЖЖ құбылыстары бар өрши түскен екі жақты инфильтративтік өкпе туберкулезі.
Процесс екі жақты бұзылуының көптеген қуыстардың жылдам дамуы мен бір өкпенің субтотальдық зақымдануының болуымен, интоксикация симптомдарының байқалуы арқылы аурудың ауыр халімен, адекваттық терапия фонындағы 3-сатылы ӨЖЖ-мен сипатталады. Бұл ретте екі өкпеде де туберкулез микобактерияларының үнемі бөлінуі арқылы бронхогендік диссеминация ошақтары орын алады.
Бұл диагнозды негіздеу үшін туберкулез процесінің өршуін дәлелдейтін рентгенографиялық және клиникалық-зертханалық тексерулер міндетті түрде жүргізілуі керек;
3) омыртқаның өршімелі деструктивтік туберкулезі.
Процесс зақымданған аумақтағы жайылмалы бұзулармен, тыртықтық қосылулардың пайда болуымен сипатталады. Спондилит кезінде туберкулездік абсцесстер, спастикалық параличтер, жұлын-ми зақымданулары орын алады. Диагностика бактериоскопиялық зерттеулердің деректеріне, туберкулез абсцесстерінен ірің ағуына, екі өзара перпендикуляр проекциядағы (тік және жанама) рентгенографияға негізделеді;
4) зәр шығару органдарының спецификалық процесімен және терминалдық сатыдағы созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің (бұдан әрі - СБЖ) дамуымен асқынған бүйректің екі жақты деструктивтік туберкулезі.
Зәр шығару жолдарының спецификалық процесімен асқынған бүйрек туберкулезінің диагностикасы зәрдің клиникалық анализіне (пиурия, протеинурия, цилиндруриялар тән), себу әдісі арқылы зәрді бактериологиялық зерттеуіне, бүйрек пен қуық аумағын міндетті түрдегі жалпы рентгенографиясына негізделеді. Жалпы рентгенографияның деректері жеткіліксіз болған жағдайда экскреторлық урография, индигокармендік сынамасы бар цистоскопия және ретроградтық пиелография жүргізіледі.
2. Ісіктер:
1) TNM халықаралық жіктеу бойынша III-IV кезеңдегі барлық қатерлі ісіктер;
2) лифмалық, қан жасау және оларға ұқсас тіндердің қатерлі ісіктері;
3) қайталану сатысындағы жедел аққан ауруы (иммунитет тапшылығы жағдайы, созылмалы бауырдың қабынуы, ми дерттері, ішкі мүшелердің нәрсізденуі);
4) терминалдық кезеңдегі созылмалы лейкоз (эритремияны қоса алғандағы аурулардың типтері);
5) остеодеструктивтік процестері бар көшпелі миелома (омыртқа мен сүйектердің патологиялық сынықтары);
6) бір және одан да көп экстралимфа, лимфа түйіндерінің барлық топтары зақымданған терминалды кезеңдегі Ходжкин ауруы.
Осы аурулардың клиникалық диагнозы гистологиялық зерттеулермен, қанды, қанжасау органдарының және оларға ұқсас тіндерді зерттеумен, дәрігер-онколог немесе гематологтың (аурудың түріне қарай) кеңестерімен расталады.
7) қозғалу, сезімталдық және вегетативтік-трофикалық қызметтерінің айқын, тұрақты бұзылулары жылдам өршімелі және жүргізіліп жатқан емдеудің тиімсіздігі байқалатын аурулар: бас миы ісіктері, краниоспинальдық ісіктер, жұлын миының ісіктері, сирингобульбия, гепатоцеребралдық дистрофия (гепатолентикулярлық дегенерация, Вильсон-Коновалов ауруы), спиноцеребралдық атаксия, жанама амиотрофиялық склероз, миастения;
3. Эндокриндік жүйе аурулары:
1) инсулинге тәуелді (инсулин дозасы тәулігіне 60 бірліктен жоғары) кетоацидозға бейім ауыр ағымдағы айқын макроангиопатияның, ретинопатияның, полинейропатияның болуымен байқалатын І типті қант диабеті;
4. Психикалық ауытқулар:
1) дефицитарлық және тұрақты психотикалық белгілері арқылы байқалатын жедел прогредиенттік процесі бар дефектінің үздіксіз немесе эпизодтық өсу түрі ағымындағы шизофрения (жай, гебефреникалық, параноялық, кататоникалық, дифференция жасалынбаған);
2) жиі ауысып отыратын маниакалдық және депрессивтік фазалы, аралас психотикалық жағдайлары бар, үздіксіз ағымдағы биполярлық аффектілік бұзылу-маникалдық-депрессивтік психоз;
3) органикалық психикалық ауытқулар: бас миының ауруынан болатын деменция (Альцгеймер ауруы, Пик ауруы, Гентингтон ауруы, Паркинсон ауруы, деменцияның сенильдік және пресенильдік варианттары, эпилепсия кезіндегі деменция, атеросклероздық зақымданудан кейінгі, сондай-ақ, жарақаттан және бас миының індетінен кейінгі деменция);
4) прогредиенттік ағымдағы соматикалық бөліктің зақымдануымен, созылмалы жан күйзелісі сипатында болатын ұзақ уақытқа созылған реактивтік психоздар;
5) тұрақты психотикалық белгілері бар және психикасының үдемелі өзгерулері бар әртүрлі этиологиялы созылмалы психоздар.
Сотталғанды АМК-ның куәландыруына ұсынуға бірнеше рет Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің Республикалық психиатриялық ауруханасына (бұдан әрі - РПА) немесе Республикалық соматикалық аурухананың (бұдан әрі - РСА) психиатриялық бөлімшесіне соңғы жаза мерзімін өтеу кезінде госпитализациялау негіз болып табылады. Клиникалық диагноз ауру анамнезін, процестің прогредиенттілігін, дефицитарлық белгілерінің байқалуын ескере отырып, тек қана РПА мен РСА жағдайларында дәлелденеді.
5. Жүйке жүйесі мен сезім органдарының аурулары:
1) бас және жұлын миының тамыр аурулары: эмболиялар, ми қан айналымының геморрагиялық, мидың ошақтық бұзылуларының айқын тұрақты құбылыстары байқалатын диагноз қойылған кездегі бастапқы (жарақатқа қатысы жоқ) субарахноидалдық қан құйылулар (геми-, параплегиялар, тереңдеген геми-, парапарездер, кеңістік пен уақытты бағдарлаудың бұзылуы, акинетика-ригидтік синдром);
2) тереңдеген тұрақты қызметтерінің бұзылулары (ауыр параличтер, сезімталдылықтың жайылмалы бұзылулары, жамбас органдары қызметтерінің бұзылулары, трофикалық бұзылулары бар-парездер, айқын байқалатын акинетика-ригидтік синдром) байқалатын бас және жұлын миының органикалық зақымдануымен және процестің өршімелі өтуімен: қайталанған, іріңді менингиттер, бас миының абсцесстері, спиналдық эпидуралдық абсцесстер мен туберкулезге тән емес гранулемалар, нейросифилис, туберкулез кезіндегі жүйке жүйесінің зақымдануы, сейілген склероз, Шильдер лейкоэнцефалиті ілісе жүретін орталық жүйке жүйесінің (бұдан әрі - ОЖЖ) індеттік, демиелинизациялау аурулары;
3) мидың ошақтық зақымдануының айқын байқалатын тұрақты құбылыстары бар ОЖЖ жарақаттық аурулары;
4) қозғалу, сезімталдық және вегетативтік- трофикалық қызметтерінің айқын, тұрақты бұзылулары жылдам өршімелі және жүргізіліп жатқан емдеудің тиімсіздігі байқалатын аурулар: бас миы ісіктері, краниоспинальдық ісіктер, жұлын миының ісіктері, сирингобульбия, гепатоцеребралдық дистрофия (гепатолентикулярлық дегенерация, Вильсон-Коновалов ауруы), спиноцеребралдық атаксия, жанама амиотрофиялық склероз, миастения;
5) толық соқырлық, сондай-ақ тұрақты патологиялық өзгерістер негізінде жақсы көретін көздің көруі 0,05-тен аспайтын және түзетілмейтін немесе екі көздің де көру аймағы концентрациялы түрде 10 градусқа дейін тарылған ақуалы.
6. Қан айналымы органдарының аурулары:
1) жүрек пен бүйректердің басым зақымдануы байқалатын гипертензивтік (гипертониялық) ауру;
2) жүрек ырғағының ауыр және күрделі бұзылуымен асқынған 2-3 кезеңдегі ҚЖ байқалатын жүрек аурулары: жүректің созылмалы ишемиялық ауруы, созылмалы адгезивті перикардит, созылмалы констриктивтікті перикардит, туа біткен немесе жүре пайда болған жүрек аурулары теңгеру сатысында, туа біткен немесе жүре пайда болған кардиомиопатиялар, миокард фиброзы, миокард дегенерациясы;
3) аорта, артериялар, артериола және капиллярлар аурулары: аортаның қабатталған аневризмасы, кемінде екі аяқ-қолды зақымдайтын гангреноздық-некроздық кезеңдегі аяқ-қолдар артерияларының атеросклерозы (атеросклероздық гангрена), гангреноздық-некроздық кезеңдегі кемінде екі аяқ-қолды зақымдайтын Рейно ауруы, гангреноздық-некроздық кезеңдегі кемінде екі аяқ-қолды зақымдайтын облитерациялық эндоартериит.
7. Ас қорыту органдарының аурулары:
1) бір қайтара қан кету орын алған гиперспленизмі, порталдық гипертензиясы, бауыр клеткаларының жеткіліксіздігі байқалатын декомпенсация кезеңіндегі түрлі этиологиясы бар бауыр циррозы;
2) ауыр ағымдағы спецификалық емес жарасы бар колит.
8. Бүйрек аурулары:
терминалдық кезеңдегі СПЖ бар бүйрек аурулары:
1) созылмалы гломерулонефрит;
2) созылмалы пиелонефрит;
3) гидронефроз;
4) бүйректің кистоздық ауру.
9. Сүйек-бұлшық ет жүйесі мен дәнекер тіндерінің аурулары:
ұдайы өршімелі таралған процесі бар және терминалдық кезеңдегі СБЖ немесе 2-3 кезеңдегі ҚЖ немесе ОЖЖ тұрақты ошақтық зақымдануы (геми-, параплегиялар, геми-, парапарездер) немесе дисфагия, дизартрия байқалатын көлденең бұлшық еттің таралған зақымдануымен:
1) ревматоидтық артрит;
2) анкилоздық спондилоартрит (Бехтерев ауруы);
3) жүйелік қызыл волчанка;
4) дерматомиозит;
5) түйіндік периартериит;
6) жүйелік склеродермия.
10. Жаза өтеудің соңғы мерзімі кезіндегі ауру немесе жарақат салдарындағы анатомиялық кемістіктер: қол немесе аяқтың жоғары деңгейіндегі ампутация, сондай-ақ, бір қолдың және бір аяқтың жоғарғы деңгейдегі ампутациясы.
11. Тері аурулары:
1) т-лимфома.
Теріде көк немесе сары-қызыл түсті түйіндердің пайда болуымен, жиі эрозияланған немесе ақаулы бетімен терінің кез келген бөліктерінде көк-қызыл немесе охралы-сары қабыршақтанумен, шаштары жоқ бляшкалар мен инфильтраттар болуымен сипатталады. Лимфа түйіндері үлкейеді. Перифериялық қанда Сезари-Лютцер клеткалары пайда болады. Диагноз гистологиялық әдіспен расталуы тиіс;
2) эритропоэтикалық уропорфирия себеп болған фотодерматоз (Гюнтер ауруы).
Ауру аутосомды-рецессивті тұқым қуалаумен сипатталады, клиникалық түрде күлдіреу диаметрі 1-ден 10 мм дейінгі везикулезді-буллезді дерматоз арқылы байқалады, күлдіреуді ашқан кезде жараланған немесе терең жаралған беті көрінеді, процесс тыртықтанумен аяқталады. Бөртпелер терінің ашық жерелеріне шығады. Спленомегалия патогномиясы тән. Эритроциттерде уропорфирин-І концентрациясы қан сары суындағы уропорфириннің мөлшеріне қарағанда едәуір жоғарлауы тән. Қан мен зәрдегі порфирин мөлшерін зерттеу диангозды верификациялау үшін міндетті.
3) эритропоэтикалық протопорфирия себеп болған фотодерматоз (Магнус ауруы).
Ауру аутосомды-доминанттық тұқым қуалаумен сипатталады, негізгі синдром - ісіну, эритема, қышумен байқалатын фотордерматоз, күлдіреулер ылғи пайда бола бермейді. Дененің ашық жерлері зақымданады. Соңғы кезеңде бауыр жетіспеушілігіне әкеліп соқтыратын гепатоз дамиды. Қан сары суында темірдің қалыпты немесе жоғары мөлшермен болуымен сиппаталатын гипохромды анемия тән. Нәжісте протопорфирин мөлшерінің тез өсуі және копропорфирин мөлшерінің шамалы өсуі, эритроциттерде протопорфирин мөлшерінің едәуір жоғарылауы байқалады. Қан мен нәжісте порфирин мөлшерін зерттеу диагнозды верификациялау үшін міндетті;
4) псориатикалық артропатияның дамуы байқалатын псориаз.
Псориатикалық артрит көбінесе тері зақымданумен қатар жақын жүреді. Қол және аяқ саусақтарының буындары, одан соң процесске орта және ірі буындар, анкилозды спондилоартриттің дамуымен жүретін омыртқаның зақымдануымен сипатталады.
Рентгенографиялық және анатомиялық критерийлерден басқа, қабынудың биохимиялық және иммунологиялық белгілері, сүйекбуын қосындыларының белсенділік дәрежесі мен функционалдық мүмкіндіктерін ескеру қажет. Науқас еңбекке жарамсыз болғанда және өзіне-өзі қызмет көрсету мүмкіндігін жоғалтқанда зақымдану дәрежесі ескеріледі;
5) эритродермияның дамуы байқалатын псориаз.
Эритродермия қабынып іскен, қою эритематозды түстегі, әртүрлі фигураларды, кей жерлерде тұтас диффуздық жерлерді құрайтын жеке орналасқан эффлоресценциялардың бірігуімен сипатталады. Ден мен аяқ-қолдардың терісі қатты тырысып тұрған тас қабық тәріздес, қоңыр түсті болады, қатты қабыршақтанады. Науқастың жалпы күйі, аурудың ұзақтығы, емге торпидтілігі назарға алынады;
12. Жүре пайда болған қорғаныс тапшылығы синдромы жайылған клиникалық көріністер кезеңінде:
1) ісіктер түрінде байқалатын адамның қорғаныс тапшылығынан (бұдан әрі - АҚТҚ) туындаған ауру;
2) энцефалопатия және деменцияның дамуымен АҚТҚ-дан туындаған ауру;
3) қалжырататын синдром көріністері бар АҚТҚ-дан туындайтын ауру (өмірдің өшу көріністері бар);
4) басқа оппортунисттік аурулар.
Диагноз денсаулық сақтау органдарының аумақтық ЖҚТБ орталықтарының мамандарымен қойылады.
13. Қан және қан жасаушы органдардың аурулары.
1) «А», «В» ауыр кезеңдегі гемиофилия.
14. Басқа, осы Тізбеде ескерілмеген, дәрі-дәрмектер не хирургиялық емдеумен сәтсіз аяқталғандар, организмнің бас қызметтерінің қайта қалпына келмес бұзылуы немесе өмір сүрудің шектелуі болса, олар аумақтық медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиясымен бірінші топ мүгедектігі анықталған созылмалы аурулар жатады.
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2009 жылғы 18 қарашадағы
№ 145 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. «Сотталғандарды медициналық куәландырудың және ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынудың Нұсқауын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 152 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1756 болып тіркелген);
2. «Сотталғандарды медициналық куәландырудың және ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынудың нұсқауын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 152 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 356 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3309 болып тіркелген);
3. «Сотталғандарды ауруына байланысты жазасын одан әрі өтеуден босатуға ұсыну үшін негіздеме болып табылатын аурулар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының 2007 жылғы 22 мамырдағы № 47-ОД бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4755 болып тіркелген);
4. «Сотталғандарды медициналық куәландырудың және ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынудың нұсқауын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 152 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 28 қарашадағы № 320 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5082 болып тіркелген).