Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2009.11.18 N 145 бұйрығымен.
"Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес және сотталғандарды ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынуды реттеу мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. "Сотталғандарды медициналық куәландырудың және ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынудың нұсқауын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 152 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде N 1756 болып тіркелген, "Сотталғандарды медициналық куәландырудың және ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынудың нұсқауын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 152 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 20 қарашадағы N 165 бұйрығымен, нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде N 2081 болып тіркелген, "Сотталғандарды медициналық куәландырудың және ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынудың нұсқауын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 152 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушы 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 356 бұйрығымен, нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде N 3309 болып тіркелген), мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын.
2. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр
Келісілді
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының
Төрағасы
12 желтоқсан 2007 ж.
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Бас прокуроры
2-дәрежелі мемлекеттік
әділет кеңесшісі
19 желтоқсан 2007 ж.
Келісілді
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
10 желтоқсан 2007 ж.