«Байқаудан өткізушілерді аттестаттау ережесін, Тұқым сарапшыларын аттестаттау ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 23 ақпандағы № 90 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2009 жылғы 4 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2009 жылғы 8 желтоқсандағы № 703 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 5 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5987 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.01.17 № 10-1/18 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 8 ақпандағы «Тұқым шаруашылығы туралы» Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Байқаудан өткізушілерді аттестаттау ережесін, Тұқым сарапшыларын аттестаттау ережесін бекіту және Казақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 23 ақпандағы № 90 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2009 жылғы 4 наурыздағы № 125 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5591 болып тіркелген, 2009 жылғы 3 сәуірде № 49 «Юридическая газета» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Байқаудан өткізушілерді аттестаттау ережесінде:
      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) аграрлық бейіндегі немесе өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау және қайта өңдеу жөніндегі мамандықтар бойынша жоғары немесе ортадан жоғары білімі болуы;»;
      6-тармақтың 2) тармақшасындағы «нотариалды куәландырылған» деген сөздер алынып тасталсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұқым сарапшыларын аттестаттау ережесінде:
      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) аграрлық бейіндегі немесе өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау және қайта өңдеу жөніндегі мамандықтар бойынша жоғары немесе ортадан жоғары білімі болуы;»;
      6-тармақтың 2) тармақшасындағы «нотариалды куәландырылған» деген сөздер алынып тасталсын;
      2. Егіншілік және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күндік мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                          А. Күрішбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады