«Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 647 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 569 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 10 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6000 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 77 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 26.02.2014 № 77 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      «Тауар биржасы туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 мамырдағы Заңын іске асыру шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 6 қарашадағы № 158-ө өкімінің 3-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 647 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5480 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге орталық мемлекеттік органдары актілерінің 2009 жылғы № 4 жиынтығында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау ережесінде (бұдан әрі - Ереже):
      Ережеге 1-қосымшада, «Сатып алу тәсілі» деген бағанда реттік нөмірі 9-жолда, «ашық» деген сөз алынып тасталсын;
      Ережеге 3-қосымшаның Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпараттың электрондық нысанын тапсырыс берушінің толтыруы бойынша нұсқамалардың тоғызыншы абзацында «ашық» деген сөз алынып тасталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алуды басқару әдіснамасы департаменті (Г.А. Әмрина) белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және кейіннен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                               Р. Дәленов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады