Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 02.04.2013 N 217 (алғаш жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) бұйрығымен.
Қолданушылардың назарына!!!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 16 қарашадағы Заңына сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Механикалық көлік құралдары мен оларға тіркемелерді мерзімді мемлекеттік техникалық байқау туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 8 маусымдағы № 263 бұйрығына (Құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4263 болып тіркелген, «Заң газетінде» 2006 жылғы 19 шілдеде № 132 (1112) жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
3-тармақтың бірінші абзацында «тіркелген жері бойынша» деген сөздерден кейін «механикалық көлік құралдары мен оларға тіркемелерді техникалық байқау туралы куәлік беру үшін мемлекеттік баж төлегенін растайтын құжатты және жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген тәртіппен ағымдағы күнтізбелік жыл үшін көлік құралдары салығын төлегенін растайтын құжаттар немесе оны төлеуден босату құқығын растайтын құжаттар ұсынған жағдайда» деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары генерал-майор А.Ж. Күреңбековке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитетіне (Қ.С. Тыныбеков) жүктелсін.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті (Қ.С. Тыныбеков) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін жолдасын.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындайтын қатынастарда қолданылады.
Министр С. Баймағанбетов