Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2012 № 383 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің жарғылық және меншікті капиталдарының ең аз мөлшерлері туралы» 2008 жылғы 2 қыркүйектегі № 140 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5339 тіркелген, 2008 жылғы 15 қарашада Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдары актілерінің № 11 жинағында жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
3-тармақта:
2) тармақшадағы:
алтыншы абзац «Астана және Алматы қалаларынан тыс тіркелген» деген сөздерден кейін «, арнаулы мақсаттағы еншілес ұйымдардың салымдарын және банкаралық салымдарды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
жетінші абзацта:
«банкпен» деген сөздің алдынан «банкаралық кредиттерді және «кері РЕПО» операцияларын қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
орыс тіліндегі мәтінге толықтыру енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):
1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, «Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы» заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жеткізсін.
4. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.
Төрайым Е. Бахмутова