Тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 желтоқсандағы № 383-ө және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 5 ақпандағы № 30 Бірлескен Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 12 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6051 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 16 ақпандағы № 54-ө және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 16 ақпандағы № 35 бірлескен бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011.02.16 № 54-ө және ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің 2011.02.16 № 35 (ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      Еңбек кодексінің 16-бабы 25) тармақшасына, «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 38-бабы 1-тармағына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 2-тармақтың 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған Тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті (А.А. Сарбасов):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы (С.Г. Бисақаев) осы бұйрықтың талаптарын орындау және оқып білуді ұйымдастырсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының         Қазақстан Республикасының
      Еңбек және халықты әлеуметтік     Экономика және бюджеттік
      қорғау министрі                   жоспарлау министрі
      __________ Г.Н. Әбдіқалықова      _________ Б.Т.Сұлтанов

Қазақстан Республикасы  
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің    
2009 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 383-ө және       
Қазақстан Республикасы  
Экономика және бюджеттік 
жоспарлау министрінің  
2010 жылғы 5 ақпандағы 
№ 30 бірлескен бұйрығымен
бекітілген        

Тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

1. Жалпы ережесі

      1. Осы Критерийлер Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін«Жеке кәсіпкерлік туралы» және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын орындау мақсатында субъектілерді жоғары, орташа не шамалы тәуекел топтарына жатқызу үшін әзірленді.
      2. Осы Критерийлерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) тәуекел - субъектінің қызметі нәтижесінде адамның өмірі мен денсаулығына, қызметкердің мүліктік мүдделеріне зиян келтірудің, оның салдарының ауырлық дәрежесі ескерілген, ықтималдығы;
      2) субъект - қызметкер еңбек қатынасында болатын жеке немесе заңды тұлға.
      3. Субъектілерді тәуекел топтарына жатқызу кезінде тәуекел дәрежесін бағалаудың мынадай критерийлері:
      1) қызметкерлердің санына қарай - объективті критерийлер;
      2) қызметкерлердің еңбек құқықтарының сақталуына қарай - арнайы критерийлер ескеріледі.

2. Объективті критерийлерді ескере отырып субъектілерді жоғары,
орташа не шамалы тәуекел топтарына таратып бөлу

      4. Объективті критерийлер бойынша субъектілер үш топқа бөлінеді:
      қызметкерлерінің саны 250 адамнан артық субъектілер жоғары тәуекелге жатады - тексерулер жылына бір рет;
      қызметкерлерінің саны 50 адамнан артық, бірақ 250 адамнан аспайтын субъектілер орташа тәуекелге жатады - тексерулер 3 жылда бір рет;
      қызметкерлерінің жылдық орташа саны 50 адамға дейінгі субъектілер шамалы тәуекелге жатады - тексерулер 5 жылда бір рет.

3. Арнайы критерийлерді ескере отырып субъектілерді жоғары,
орташа не шамалы тәуекел топтарына таратып бөлу

      5. Объективті қатер факторлары бойынша тексеруден өткен субъектілер одан әрі арнайы тәуекел критерийлері ескерілген тексеру жоспарына енгізіледі.
      6. Арнайы критерийлерге:
      1) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы жолсыздықтар (1-қосымша);
      2) қызметкерлердің еңбек құқықтарын бұзушылықтар (2-қосымша);
      3) шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібін бұзушылықтар (3-қосымша) жатады.
      7. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы жолсыздықтар бойынша критерийлерді бағалау мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
      1) 20 және жоғары балл алған субъектілер - жоспарлы тексеру еселігі жылына бір рет болатын жоғары тәуекел тобына жатады;
      2) 10-нан 20-ға дейін балл алған субъектілер - жоспарлы тексеру еселігі 3 жылда бір рет болатын орташа тәуекел тобына жатады;
      3) 10-ға дейін балл алған субъектілер - жоспарлы тексеру еселігі 5 жылда бір рет болатын шамалы тәуекел тобына жатады.
      8. Қызметкерлердің еңбек құқықтарын бұзушылықтар бойынша критерийлерді бағалау мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
      1) 15 және жоғары балл алған субъектілер - жоспарлы тексеру еселігі жылына бір рет болатын жоғары тәуекел тобына жатады;
      2) 7-ден 15-ке дейін балл алған субъектілер - жоспарлы тексеру еселігі 3 жылда бір рет болатын орташа тәуекел тобына жатады;
      3) 7-ге дейін балл алған субъектілер - жоспарлы тексеру еселігі 5 жылда бір рет болатын шамалы тәуекел тобына жатады.
      9. Шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібін бұзушылық критерийлерін бағалау мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
      1) 15 және жоғары балл алған субъектілер - жоспарлы тексеру еселігі жылына бір рет болатын жоғары тәуекел тобына жатады;
      2) 10-нан 15-ке дейін балл алған субъектілер - жоспарлы тексеру еселігі 3 жылда бір рет болатын орташа тәуекел тобына жатады;
      3) 10-ға дейін балл алған субъектілер - жоспарлы тексеру еселігі 5 жылда бір рет болатын шамалы тәуекел тобына жатады.
      10. Көрсетілген критерийлерді айқындау үшін тексеру жоспарланып отырған алдағы жылғы күнтізбелік жыл есепті кезең болып табылады.

4. Қорытынды ережелер

      11. Тәуекел деңгейі жоғары немесе орташа субъектілерді тексеру кезеңділігі, жоспарлы тексерулердің базалық еселігімен белгіленгеннен гөрі едәуір сирек тексерілу мүмкіндігі болатын, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтарының санына тәуелді болады.
      Тексерулердің нәтижесінде бұзушылықтар анықталған және анағұрлым жоғары балл алған жағдайда, орташа немесе төмен тәуекел дәрежесіндегі субъектілер тиісінше жоғары немесе орташа тәуекел дәрежесіне ауыстырылатын болады.
      12. Арнайы критерийлер топтары бойынша тексерулерді айқындау принциптері:
      1) тәуекелдің бір тобы бойынша ғана балл жинаған кезде тақырыптық, яғни осы тәуекел тобына қатысты мәселелер бойынша тексерулер жүргізіледі;
      2) екі және одан көп топтар бойынша балл жинаған кезде бақылаудың барлық мәселелері бойынша тексерулер кешенді жүргізіледі.
      13. Тәуекел дәрежесінің бір деңгейі шеңберінде тексерулер жүргізу үшін субъектілерді іріктеу принциптері:
      1) берілген (алған) баллдардың едәуір сомасы бойынша;
      2) берілген баллдар тең болған жағдайда, тексеру үшін субъектілерді іріктеу оның өнімді немесе өнімсіз объектілерге тиістілігіне қарай жүзеге асырылады;
      3) жоғарыда көрсетілген белгілер бойынша көрсеткіштер тең болған жағдайда, едәуір тексерілмеген кезеңі бар субъектілер тексеру жоспарына енгізіледі.

Тәуекел дәрежесін бағалау
критерийлеріне 1-қосымша

Тәуекелдердің тобы

Тәуекелдерді бағалау критерийлері

Балл

Негіздеме

1. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы бұзушылық тәуекелдері

Кісі өлімімен аяқталған топтық жазатайым оқиға (2 және одан көп адам)

15

Н-1 нысаны актісі

Жазатайым оқиғаны арнайы тергеп- тексеру актісі

Топтық жазатайым оқиға

10

Кісі өлімімен аяқталған жазатайым оқиға (бір дерек үшін)

8

Ауыр аяқталған жазатайым оқиғалар (бір дерек үшін)

6

Кәсіптік аурулар (бір дерек үшін)

2

Жеңіл, орташа аяқталған жазатайым оқиғалар (бір дерек үшін)

1

Еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объектілерге аттестаттау жүргізбеу

10

Мемлекеттік еңбек инспекторының тексеру актісі, ұйғарымы

Жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасамау

7

Еңбекті қорғау қызметін құрмау

6

Қызметкерлерді жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етпеу

6

Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді қамтамасыз етпеу

5

Қызметкерлерді үйретпеу, нұсқау бермеу және білімдерін тексермеу

4

Міндетті және кезеңдік медициналық тексерулер жүргізбеу

3

Тәуекел дәрежесін бағалау
критерийлеріне 2-қосымша

Тәуекелдердің тобы

Тәуекелдерді бағалау критерийлері

Балл

Негіздеме

2. Қызметкерлердің еңбек құқықтарын бұзу тәуекелдері

Жалақыны уақытында төлемеу

10

Мемлекеттік еңбек инспекторының тексеру актісі, ұйғарымы

Ұжымдық шарт жасаудан жалтару және негізсіз бас тарту

6

Еңбек шартын жасамау

5

Демалыстар бермеу

4

Үстеме жұмыстарға заңсыз тарту

3

Тәуекел дәрежесін бағалау
критерийлеріне 3-қосымша

Тәуекелдер тобы

Тәуекелдерді бағалау критерийлері

Балл

Негіздеме

3. Шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібін бұзу тәуекелдері

Тиісті рұқсатсыз шетелдік жұмыс күшін пайдалану

10

Мемлекеттік еңбек инспекторының тексеру актісі, ұйғарымы

Рұқсаттың негізгі шарттарын орындамау

5

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады