Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 26 мамырдағы N 143/18-111 "Астана қаласы бюджетінің қаражаттары есебінен әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесі туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 31 наурыздағы № 196/31-IV Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2009 жылғы 23 сәуірде нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 572 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 250/36-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 27.06.2014 № 250/36-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Заңының 8-бабына және Қазақстан Республикасының "Прокуратура туралы" Заңының 19-бабына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 26 мамырдағы N 143/18-III "Астана қаласы бюджетінің қаражаттары есебінен әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесі туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2005 жылғы 1 шілдеде N 395 болып тіркелген, 2005 жылғы 5 шілдеде N 90 "Астана хабары", 2005 жылғы 9 шілдеде N 103-104 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған), 2008 жылғы 24 сәуірдегі N 80/14-IV "Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 26 мамырдағы N 143/18-III "Астана қаласы бюджетінің қаражаттары есебінен әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесі туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылғы 12 мамырда N 532 болып тіркелген, 2008 жылғы 20 мамырда N 60 "Астана хабары", 2008 жылғы 20 мамырда N 58 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған), 2008 жылғы 9 шілдедегі N 115/18-IV "Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 26 мамырдағы N 143/18-III "Астана қаласы бюджетінің қаражаттары есебінен әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесі туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылғы 15 тамызда N 541 болып тіркелген, 2008 жылғы 21 тамызда N 102 "Астана ақшамы", 2008 жылғы 21 тамызда N 99 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      1) шешімнің кіріспесі "мемлекеттік басқару" деген сөздерден кейін "және өзін-өзі басқару" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) осы шешіммен бекітілген Астана қаласы бюджетінің қаражаттары есебінен әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесінде 7 тармақ жойылсын.
      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы
      мәслихатының сессия төрайымы                Н. Петухова

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы                      В. Редкокашин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады